Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

    Марқакөл ауданының әкімдігі

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша дауыс береді.

    Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру күніне он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап учаскелiк сайлау комиссиясына өз өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін ала алады.

    Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күнінен бір күн бұрын, яғни 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде тоқтатылады.

    Есептен шығару куәлігін сенімхат бойынша алуға рұқсат етіледі. Сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді.

    Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

    Уақытша болатын жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде учаскелік сайлау комиссиясы сайлау күні сайлаушыны жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде сайлаушылар тізіміне енгізіп, есептен шығару куәлігінің орнына дауыс беруге арналған бюллетень береді.

    Жаңару үшін дауыс бер!

    Қазақстан Республикасының
    Орталық сайлау комиссиясы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган ж...

    Марқакөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    № 1 Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    № 1 Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады. Құрылтайдың құрамы...

    Марқакөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы 3 тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдаудың өңірлік орталығында азаматтарды қабылдау кестесі

    Марқакөл ауданының әкімдігіЖарияланды: