Белес ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралыБәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2026 жылғы 5 шілдеде Бәйтерек ауданының Белес ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Белес ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Белес сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1094 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 425 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған бюллетеньдер саны – 4. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 46.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есенғалиева Нұрсәуле Әуелбекқызы – 35 (9,33%);
Жүнісова Бахытгүл Батырбекқызы – 314 (83,73%);
Мұхтаров Мәулет Насиболлаұлы – 26 (6,94%).
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округінің әкімі болып Жүнісова Бахытгүл Батырбекқызы сайланды, 1980 жылы туған, Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Белес ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы