Атамекен ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралыБәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2026 жылғы 5 шілдеде Бәйтерек ауданының Атамекен ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының Атамекен ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Атамекен сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1051 сайлаушы енгізілді, оның ішінде - 329 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған бюллетеньдер саны – 23. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 22.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бисекешова Гүлсім Төлегенқызы – 64 (22,54%);
Қайырлиев Мерет Бақтығалиұлы – 194 (68,31%);
Омаров Асылбек Нұрлыбекұлы – 26 (9,15%).
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Атамекен ауылдық округінің әкімі болып Қайырлиев Мерет Бақтығалиұлы сайланды, 1977 жылы туған, Бәйтерек ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) «Коммунальник» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы