Қаражал қаласының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

    ·

    Қаражал қаласыныңбірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларынбекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1 тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаражал қаласынын бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
    2. «Қаражал қаласы әкімдігінәң бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаражал қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 17 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10-20 болып) тіркелді күші жойылды деп танылсын.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қаражал қаласының әкімі А.Елеусизов

    Орынд.: Ж.Ильясова

    1 қосымша

    Қаражал қаласы әкімінің

    қаулысына

    « »__________2026 жылғы

    Қаражал қаласының бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Қаражал қаласының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді Қаражал қаласының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

    1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу –мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

    2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

    3) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көппәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;

    4) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы.

    2-тарау. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі

    1. «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қаражал қаласының бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін сыртқы қабырғаларға, шатырларын реконструкциялауға, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
    2. «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлім» мемлекеттік мекемесі Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін Қаражал қаласының бірыңғай сәулет келбетін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.
    3. Қаражал қаласының әкімдігі мынадай жұмыстарды ұйымдастырады:

    1) көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелерін әкімдіктің ресми интернет-ресурсында Қаражал қаласының бірыңғай сәулеттік келбетінің жобасымен таныстыру;

    2) көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелерін жоспарланатын жұмыстар және оларды өткізудің болжамды мерзімдері туралы ақпараттандыру;

    3) көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасына, шатырын реконструкциялауына, жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісу немесе келіспеу туралы шешім қабылдау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың (бар болса) меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру және өткізу.

    1. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы.
    2. Жиналыс теріс шешім қабылдаған жағдайда көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасын, шатырын реконструкциялау, жөндеу бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жұмыстар жүргізілмейді.
    3. Жиналыс оң шешім қабылдаған кезде Бөлім құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жұмыс көлемін, жөндеу типін (ағымдағы немесе күрделі) анықтау және олардың физикалық тозу дәрежесін белгілеу үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының, шатырының техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.

    3- тарау. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі

    1. Жұмыс көлемін, жөндеу типін (ағымдағы немесе күрделі) айқындау үшін әрбір көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының, шатырының техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі ұйымды таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
    2. Көп пәтерлі тұрғын үй сыртқы қабырғасының, шатырының техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша Бөлім бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған сыртқы қабырғаларды, шатырды күрделі жөндеуге ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу немесе жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен сараптама қорытындысын алады.
    3. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және ағымдағы жөндеудің сметалық құны немесе көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғасын, шатырын реконструкциялау, күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін Бөлім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.
    4. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
    5. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып Бөлім жүзеге асырады.
    6. Қаражал қаласының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
    Жүктеу
    bfb52fdf525fc92a5e0271f305e28158_original.16956.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қаражал қаласы және Жәйрем кенті бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару субъектілері мен басқарушы компаниялардың тізілімі.

    Қаражал қаласы және Жәйрем кенті бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару субъектілері мен басқарушы компаниялардың тізілімі.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаражал қаласының аумағындағы барлық кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесуге арналған орындар

    Қаражал қаласының аумағындағы барлық кандидаттар үшін сайлаушылармен кездесуге арналған орындар № Қаланың/ауданның атауы Сайлаушылармен кездесуге арналғанорындар(объектінің атауы, мекенжайы) 1. Қаражал қаласы «Қаражал...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаражал қаласының аумағындағы сайлау учаскелерi

    Қаражал қаласы әкімінің 2026жылғы«08»маусымындағы № 1шешіміне қосымша Қаражал қаласының аумағындағы сайлау учаскелерi № 63 сайлау учаскесі Орталық: Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің «№ 7...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 06 мамырдағы Қаражал қаласының әкімі А.К.Елеусізовтің Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесудің ХАТТАМАСЫ

    «БЕКІТЕМІН» Қаражал қаласының әкімі __________ А.К.Елеусізов 2025 жылғы «___» сәуір 2026 жылғы 06 мамырдағы Қаражал қаласының әкімі А.К.Елеусізовтің Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесудің ХАТТАМАСЫ № Көтерілген сұр...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

    Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 16-тармақшасына, Қазақстан Республикасын...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/41 қаулысына қосымша 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөні...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

    Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Показатели социально-экономического развития города Каражал исполнение за 5 месяцев 2026 года

    2026 жылғы 5 айындағы Қаражал қаласының әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпараты Құрылған күні: 1963 жыл Аумағы: 124,0 кв. км Халық саны: 17 006 адам ( 01.05.2026 жыл) Халық тығыздығы: 138,1 адам/км2 Көші-қон сальдос...

    Жарияланды: