Қаражал қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерінің 2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша есепке
анықтама
2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша жалпы 730 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:
- қағаз түрінде - 0;
- қағаз нысанда, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 0;
- мемлекеттік корпорация арқылы - 68;
- электрондық түрде – 662 (оның ішінде «электрондық үкімет» веб порталы арқылы - 349, «е-лицензиялау» АЖ арқылы - 49, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз – 130, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыспен –134).
Сәуір айында «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жер қатынастары саласында 1 ашық есік күнін өткізді.
Мамыр айында «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын-үй саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша халықпен 1 семинар және 1 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді. «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ салық және кәсіпкерлік саласында 1 қызмет алушылар күнін өткізді.
Маусым айында «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 1 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді. «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ХҚКО мамандарымен 1 семинар өткізді.
«Қызмет алушылардың құқықтары» тақырыбында 20 брошюра таратылды.