Уақытша басқарушы компанияны айқындау бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    ·

    «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» КММ «Қарғалы»шағынауданы, Кенесары көшесі мекенжайында орналасқан «Хан тәңірі» тұрғын үй кешенінің №№ 54/1, 54/2, 54/3 корпус 2, 54/4, 54/5, 54/6, 54/7, 54/8 корпус 2, 54/9, 54/10, 54/11, 54/12, 54/13, 54/14 корпус 1, 54/14 корпус 2, 54/15, 54/16, 54/17, 54/18, 54/19 корпус 1, 54/20, 54/21, 54/22, 54/23, 54/24 корпус 1, 54/25, 54/26, 54/27, 54/28, 54/29, 54/30, 54/31, 54/32, 54/33, 54/34 корпус 1, 54/35, 54/36 корпус 1, 54/37, 54/38, 54/39, 54/40, 54/41, 54/42, 54/43, 54/44, барлығы 44 көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды (қабаттылығы – 9-дан 11 қабатқа дейін, пәтерлер саны – 1789, жалпы ауданы – 183177,4 м², оның ішінде тұрғын ауданы – 109483 м², тұрғын емес ауданы – 68990,1 м².).

    Конкурс Тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес өткізіледі.

    1. Конкурсты өткізудің негіздемесі

    Конкурс тұрғын үй инспекциясының шешімі негізінде пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері басқару нысанын немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісін таңдау жөнінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда (немесе меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасымен ресімделген өтініші негізінде) өткізіледі.

    1. Конкурстың мәні

    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдағанға дейін кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын уақытша басқарушы компанияны айқындау.

    1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

    Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін және төмендегі құжаттарды ұсынған басқарушы компаниялар жіберіледі:

    • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    • құрылтайшылық құжаттардың көшірмелері;
    • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттар;
    • басшының (өкілдің) өкілеттігін растайтын құжаттар;
    • салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы мәліметтер;
    • біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер;
    • кондоминиум объектілерін басқару саласындағы жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.
    1. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны

    Өтінімдер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылданады.

    Құжаттарды қабылдайтын мекенжай: «Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» КММ, Достық даңғылы, 85, 509 кабинет.

    Жұмыс тәртібі: сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін)

    Байланыс телефоны: +7(727) 2251431, +7776 211 11 03

    Электрондық пошта мекенжайы: [email protected]

    1. Жеңімпазды айқындау тәртібі

    Конкурстық комиссия ұсынылған өтінімдерді оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

    Белгіленген талаптарға сәйкес келетін және кондоминиум объектілерін басқару саласында ең көп жұмыс тәжірибесі бар басқарушы компания конкурс жеңімпазы болып танылады.

    1. Шарт жасасу

    Тұрғын үй инспекциясы тарапынан конкурс жеңімпазымен Тұрғын үй инспекциясы және уақытша басқарушы компания арасындағы Үлгілік шарт жасасады.

    Уақытша басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдағанға дейін кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асырады.

    1. Қосымша ақпарат

    Конкурсқа өтінімдердің түспеуіне немесе конкурс жеңімпазының шарт жасасудан жалтаруына байланысты конкурс өткізілмеді деп танылған жағдайда, уақытша басқарушы компания Тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалады.

    Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша мына байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады:

    Телефон: +7(727) 2251431, +7776 211 11 03.

    E-mail: [email protected].

    Мекенжайы: Достық даңғылы, 85, Тұрғын үй инспекциясы бөлімі, 509 кабинет.

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    ХАБАРЛАНДЫРУ Уақытша басқарушы компанияны айқындау жөніндегі конкурстың өтпеді деп танылғаны туралы

    Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 2026 жылғы 3 шілдеде жарияланған «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінің көппәтерлі тұрғын үйінің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны а...

    Жарияланды: