Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 2026 жылғы 3 шілдеде жарияланған «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінің көппәтерлі тұрғын үйінің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау жөніндегі конкурс өтпеді деп танылғанын хабарлайды.
Конкурстың өтпеді деп танылуына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 149 бұйрығымен бекітілген Көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін тұрғын үй инспекциясының уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларының 14-тармағының 1) тармақшасы, конкурсқа қатысуға өтінімдердің түспеуіне байланысты негіз болды.
Уақытша басқарушы компанияны тағайындауға қатысты одан арғы іс-шаралар Көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін тұрғын үй инспекциясының уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады..
«Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» КММ