Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапанықамтамасыз ету департаментінің I жартыжылдығындағыұйымдастырушылық, ақпараттық – түсіндіру қызметі туралы есебі
Жүктеу
Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бірінші жартыжылдығындағы ұйымдастырушылық, ақпараттық – түсіндіру қызметі туралы есебі Департамент жұмысында ақпараттық және түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Аймақтық білім беру мәселелері туралы ақпарат күн сайын бақыланады – тек Департаментке келіп түскен деректер ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілерден, веб-сайттардан, БАҚ-тан және сенім телефонынан алынған ақпараттар да. Басты назар маңызды мәселелерді шешуге аударылады. Департамент әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді (Instagram-дағы dokso_vko парақшасында 3423 жазылушы мен 34 жазба, ал Facebook-те 922 жазылушы бар) және өз қызметіне қатысты жаңалықтарды ресми сайтында жариялап отырады. Департамент әр тоқсан сайын мемлекеттік қадағалау және балалардың құқықтарын қорғау нәтижелері бойынша брифингтер өткізеді. Қазан айында «Алтай» телеарнасында «Алтай таңы» бағдарламасында департаменттің негізгі қызметтері туралы, сондай-ақ 2026 жылғы 2 маусымда «Елге қызмет» бағдарламасына қатысып, білім сапасын мониторингісі, Департаменттің мемлекеттік қызметтері, бақылау шаралары және т.б. сұрақтар бойынша интервью берілді. Сонымен қатар Департамент қызметкерлері білім беру бөлімдері басшыларымен Департаменттің 2025 жылы атқарған қызметі туралы есеп берді. 2026 жылғы 12 наурыз күні Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау бойынша семинар өткізілді. 2026 жылғы 12 наурыз күні Департамент білім беру бөлімдері бекіткен білім алушылардың жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша білім бөлімдері басшыларымен семинар-кеңес өткізді. 2026 жылдың 10 сәуірінде «Білім алушылардың құқықтарын және қауіпсіз білім ортасын қамтамасыз ету шарты ретінде педагогикалық әдеп нормаларын сақтау» тақырыбында білім беру ұйымдарының басшыларымен семинарда баяндама жасады. Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде кәмелетке толмағандарға білім беру- сауықтыру жазғы қосымша білім беру орталықтарын лицензиялау бойынша семинар өткізді. Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жаңа Конституцияны ілгерілету жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің үйлестіруімен маңызды іс-шара өткізді.
DOCX · 22 КБ