«2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 1 254 838 306 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер – 59 112 371 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 15 321 450 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 61 081 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 1 180 343 404 мың теңге;
2) шығындар – 1 246 322 209 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 17 132 630 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 46 405 715 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 29 273 085 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 966 940 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 966 940 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – - 9 583 473 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 9 583 473 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихатының
төрағасыН.Әбішов