2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 1 079 292 550 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер – 61 086 434 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 4 550 826 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 323 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 1 013 649 967 мың теңге;
2) шығындар – 1 056 455 318 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 25 927 602 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 4 950 778 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 878 380 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет профициті – 48 764 834 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану – - 48 764 834 мың теңге.
2. 2024 жылға облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз;
облыстық бюджетке аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз;
облыстық бюджетке аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;
төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз;
облыстық бюджетке аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;
әлеуметтiк салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз;
облыстық бюджетке аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 100 пайыз;
өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары бойынша облыстық бюджетке – 100 пайыз.
3. 2024 жылға аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың жалпы көлемдері 9 789 048 мың теңге сомасында қарастырылсын, оның iшiнде:
Сайрам ауданынан – 3 123 327 мың теңге;
Сарыағаш ауданынан – 1 334 371 мың теңге;
Созақ ауданынан – 4 779 139 мың теңге;
Түркістан қаласынан – 552 211 мың теңге.
4. 2024 жылға облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне берiлетiн субвенциялар мөлшерiнің жалпы сомасы 24 832 600 мың теңге болып қарастырылсын, оның iшiнде:
Бәйдібек ауданына – 2 300 997 мың теңге;
Жетісай ауданына – 2 787 081 мың теңге;
Қазығұрт ауданына – 355 990 мың теңге;
Келес ауданына – 2 851 670 мың теңге;
Мақтаарал ауданына – 3 561 019 мың теңге;
Ордабасы ауданына – 1 280 067 мың теңге;
Отырар ауданына – 2 889 236 мың теңге;
Сауран ауданына – 2 426 412 мың теңге;
Төлеби ауданына – 991 595 мың теңге;
Түлкібас ауданына – 774 254 мың теңге;
Шардара ауданына – 1 892 831 мың теңге;
Арыс қаласына – 1 011 405 мың теңге;
Кентау қаласына – 1 710 043 мың теңге.
5. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің қарастырылғаны ескерілсін, оның iшiнде:
облыстың жер қатынастары басқармасы;
облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
облыстың құрылыс басқармасы;
облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы;
облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы;
облыстың мәдениет және туризм басқармасы бойынша.
Көрсетілген трансферттерді аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
6. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттерінің қарастырылғаны ескерілсін, оның iшiнде:
облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
облыстың құрылыс басқармасы;
облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша.
Көрсетілген трансферттерді аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
7. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.
Көрсетілген кредиттерді аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
8. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері қарастырылғаны ескерілсін.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен көрсетілген трансферттердің түсімдерін бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
9. Облыс әкімдігінің 2024 жылға арналған резервi 1 500 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
10. 2024 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
11. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихатының
төрағасыН.Әбішов