Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облысының әкімдігі

    Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІК:

    1. Түркістан облыстық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25905 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Түркістан облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

    1) кiрiстер – 1 238 352 641 мың теңге, оның iшiнде:

    салықтық түсiмдер – 61 319 761 мың теңге;

    салықтық емес түсiмдер – 13 170 313 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 323 мың теңге;

    трансферттер түсiмi – 1 163 857 244 мың теңге;

    2) шығындар – 1 226 183 302 мың теңге;

    3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 2 477 894 мың теңге, оның ішінде:

    бюджеттік кредиттер – 33 044 214 мың теңге;

    бюджеттік кредиттерді өтеу – 35 522 108 мың теңге;

    4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 966 940 мың теңге, оның ішінде:

    қаржы активтерін сатып алу – 966 940 мың теңге;

    5) бюджет профициті – 13 680 293 мың теңге;

    6) бюджет профицитін пайдалану – - 13 680 293 мың теңге.»;

    көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. 2023 жылға облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

    ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз;

    облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;

    төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша:

    Бәйдібек ауданының бюджетіне – 48,8 пайыз;

    Жетісай ауданының – 50 пайыз;

    Қазығұрт ауданының – 50 пайыз;

    Келес ауданының – 48,9 пайыз;

    Мақтаарал ауданының – 48 пайыз;

    Ордабасы ауданының – 47 пайыз;

    Отырар ауданының – 49,5 пайыз;

    Сайрам ауданының – 49,1 пайыз;

    Сарыағаш ауданының – 46,9 пайыз;

    Сауран ауданының – 48,8 пайыз;

    Созақ ауданының – 49,8 пайыз;

    Төлеби ауданының – 44,6 пайыз;

    Түлкібас ауданының – 47,6 пайыз;

    Шардара ауданының – 48,7 пайыз;

    Арыс қаласының – 50 пайыз;

    Кентау қаласының – 50 пайыз;

    Түркістан қаласының – 46,9 пайыз;

    облыстық бюджетке:

    Бәйдібек ауданынан – 51,2 пайыз;

    Жетісай ауданынан – 50 пайыз;

    Қазығұрт ауданынан – 50 пайыз;

    Келес ауданынан – 51,1 пайыз;

    Мақтаарал ауданынан – 52 пайыз;

    Ордабасы ауданынан – 53 пайыз;

    Отырар ауданынан – 50,5 пайыз;

    Сайрам ауданынан – 50,9 пайыз;

    Сарыағаш ауданынан – 53,1 пайыз;

    Сауран ауданынан – 51,2 пайыз;

    Созақ ауданынан – 50,2 пайыз;

    Төлеби ауданынан – 55,4 пайыз;

    Түлкібас ауданынан – 52,4 пайыз;

    Шардара ауданынан – 51,3 пайыз;

    Арыс қаласынан – 50 пайыз;

    Кентау қаласынан – 50 пайыз;

    Түркістан қаласынан – 53,1 пайыз;

    төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне – 50 пайыз;

    облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;

    әлеуметтік салығы бойынша басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне – 50 пайыз;

    облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз;

    төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне – 100 пайыз;

    өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары бойынша облыстық бюджетке – 100 пайыз.»;

    көрсетілген шешімнің 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Облыс әкімдігінің 2023 жылға арналған резервi 1 000 000 мың теңге сомасында бекітілсін.».

    көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімінің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Түркістан облыстық мәслихатыныңтөрағасы

    Н.Әбішов



    Жүктеу
    0d2c897ab0a3590a0b2207543e5cdfb3_original.25747.docx
    О внесении изменений в решение Туркестанского областного маслихата от 13 декабря 2022 года №19/232-VІI «Об областном бюджете на 2023-2025 годы»
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу
    af7a9c81b17aa25405138b55b71b3cfc_original.28225.docx
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу
    be86169dbcb0d3fa4d0b65ecff3413a1_original.49664.doc
    DOC · 49 КБ
    Жүктеу
    431735f751495cc5690615d489118172_original.36993.docx
    DOCX · 36 КБ
    Жүктеу
    f95c6c1c8a586afaee00fec9148b7df0_original.134688.docx
    DOCX · 132 КБ
    Жүктеу
    0161ba8aefa6ceb1e19b1ba0653db71e_original.49664.doc
    DOC · 49 КБ
    Жүктеу
    91d6c60dc6d7dd092e3e2cbfcf1076da_original.33941.docx
    DOCX · 33 КБ
    Жүктеу
    230ffdb2139333184cf390c1c4242fc1_original.136522.docx
    DOCX · 133 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы

    1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: