Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 2026 жылдың қаңтар–маусым айларына арналған ЕСЕБІ

    ·

    Абай ауданында 1 аудандық және 9 ауылдық кітапхана, барлығы 10 кітапхана халыққа кітапханалық қызмет көрсетіп келеді. Жалпы штат саны – 26,5 бірлік. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде барлығы 17 кітапханашы қызмет атқарады.

    Кітапхана қызметінің негізгі бағыты – оқырмандарды сапалы ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап оқу мәдениетін дамыту, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және халықтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

    Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аясында пандус орнату, санитарлық тораптарды бейімдеу және қолжетімділікті арттыруға бағытталған өзге де шаралар қарастырылған.

    Кітап қоры туралы

    Бүгінгі күні кітапхана қоры 155 708 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер саны – 109 833 дана.

    Кітап қорында әртүрлі жанрдағы әдебиеттер, қазақ әдебиетінің классиктері, отандық және шетелдік авторлардың шығармалары, сондай-ақ белгілі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері жинақталған.

    Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс аясында 35 атаулы кітапты 1,5 млн теңге көлемінде сатып алу жоспарлануда.

    Жалпы кітап қорының жаңару көрсеткіші – 1,25 %, оның ішінде қазақ тіліндегі қордың жаңару деңгейі – 1,2 %.

    Негізгі көрсеткіштер мен мәдени-көпшілік жұмыстар

    Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2026 жылдың қаңтар–маусымайларында барлығы 79 іс-шара өткізілді. Оның ішінде 73-і офлайн, 6-уы онлайн форматта ұйымдастырылды.

    «Оқитын ұлт» жобасы аясында 35 іс-шара өткізілді. Мәдени-көпшілік шараларға қамтылған тұрғындар саны – 874 адам.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік маңызы бар атаулы даталарына, қаламгерлер мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына, сондай-ақ өлкеміздің танымал тұлғаларының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

    Атап айтқанда:

    - Көкбай Жанатайұлы 165 жыл – 160 жыл тоуына орай – 10 іс-шара;

    – Шәкір Әбеновтің туғанына 125 жыл толуына орай – 10 іс-шара;

    - Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл – 8 іс-шара;

    - Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл – 7 іс-шара;

    - Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл – 3 іс-шара;
    – Әйгерім анамыздың туғанына 170 жыл толуына – 8 іс-шара

    - Қайым Мұхаметқановтың туғанына – 110 жыл – 10 іс-шара;
    – Медеу Сәрсекенің туғанына 90 жыл толуына – 7 іс-шара;

    2026 жылға Қазақстан Республикасының мемлекеттік маңызы бар атаулы даталарына, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, қаламгерлердің, өлкеміздің тарихи тұлғаларының мерейтойларына байланысты жалпы саны 181 мәдени іс-шара жоспарланған.

    Кітапханалар жүйесі оқырмандарға Қазақстан тарихы мен мәдениеті, қоғамдық-саяси өмірдегі маңызды оқиғалар, өлкетану бағытындағы материалдар, ТМД елдері мен шетел әдебиеті жөнінде ақпараттық қызмет көрсетуді жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

    Осы бағытта көркем безендірілген кітап көрмелері, тақырыптық және көшпелі көрмелер, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, көрнекті тұлғалармен кездесулер, әдеби-музыкалық кештер, кітап оқу мәдениетін, мемлекеттік тілді және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға арналған жобалар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

    Есепті кезеңде аудан кітапханалары бойынша барлығы 57 кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмелерде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылды.

    Оның ішінде:
    – мерейтой иелерінің шығармашылығына арналған – 29 көрме;
    – мемлекеттік мерекелерге арналған – 8 көрме;
    – атаулы және еске алу күндеріне арналған – 9 көрме;
    – өлкетану бағытындағы – 11 көрме ұйымдастырылды.

    Кітапхана аудандық және ауылдық мәдениет үйлерімен, білім беру ұйымдарымен, колледждермен, мектептермен, мұрағаттармен және өзге де мекемелермен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

    Инновациялық жобалар мен инфрақұрылымды жаңғырту

    Қазақстан халқына қорының «Kitap–Lab» жобасы аясында ауданның 3 кітапханасын жаңғырту жұмыстары жоспарлануда. Атап айтқанда, Орталық кітапхана, Көкбай ауылдық кітапханасы және Қасқабұлақ ауылдық кітапханасында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Жоба аясында кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи кітапханалық кеңістік қалыптастыру, оқырмандарға қолайлы орта құру және цифрлық мүмкіндіктерді арттыру көзделген. Бүгінгі күні аталған жоба бойынша келісім-шарттар жасалды.

    Ақпараттық жұмыс және әлеуметтік желілер

    Кітапхана қызметін насихаттау, жүргізіліп жатқан жұмыстарды жария ету мақсатында Абай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді.

    Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде посттар, бейнероликтер, ақпараттық хабарламалар жарияланып, жаңадан келіп түскен әдебиеттерге жарнама жасалады. Сонымен қатар, оқырмандарды кітап оқуға ынталандыратын танымдық және мазмұнды контенттер дайындалып, аудандық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып отырады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мү...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Постомат 24/7: Абай облысының тұрғындары құжаттарды алудың ыңғайлы тәсілін жиі таңдауда

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Абай облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

    Саяси партияларға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі № р/с Елді-мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар 1 Қарауыл ауылдық округі «Абай» алаңы, «Айсұлу» дүкені ғимаратының...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары № р/с Елді-мекен атауы Кездесу өткізу орны 1 Қарауыл ауылдық округі "Абай аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Мамай көше...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер конкурсының ашылу хаттамалық шешімдері 2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер конкурсының ашылу хаттамасы 2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Абай аудандық қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған ережесі

    Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереже1-тарау. Жалпы ережелер1. Қоғамдық кеңес туралы осы үлгі ереже (бұдан әрі Үлгі ереже деп аталады) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң деп аталады) 2-1...

    Жарияланды: