«Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚК 2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы

    ·

    ​ 2026 жылдың 5 айына «Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚК бойынша аудандық, ауылдық мәдениет, клуб мекемелері халыққа мәдени қызмет көрсету бағытында жоспарлы түрде жұмыстар атқарды.

    Мемлекетіміздің рухани жаңғыруы мен ұлттық бірегейлігін сақтауда мәдениет пен өнер саласының атқаратын рөлі орасан зор. Мәдени-көпшілік, мерекелік, танымдық және рухани бағыттағы іс-шаралар-ұлттық құндылықтарды ұлықтау, мемлекеттік мерекелерді атап өту бойынша ұйымдастырылды. Абай ауданының мәдениет саласы 2026 жылдың алғашқы 5 айында (қаңтар-мамыр) бекітілген жоспарға сәйкес, ауқымды әрі нәтижелі жұмыстар атқарды. Жалпы өткізілген іс-шаралар саны –168, қамтылған көрермендер саны –15732 адам.

    Маңызды іс-шаралар:

    Біздің мақтанышымыз, қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі Баян Сағынбаеваның 75 жылдығына арналған «Абай елінің ән әлемінің падишасы-Ақ Баян» тақырыбында рухани-танымдық еске алу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кеш барысында өнер қайраткерінің шығармашылық жолы дәріптеліп, естеліктер айтылды және репертуарындағы әндер шырқалды. Кештің мақсаты өңірдің тарихи тұлғаларын ұлықтау және мәдени мұраны жас ұрпаққа насихаттау.

    Көктемнің шуақты күндерімен қатар келген 8 наурыз мерекесі Абай ауданында ерекше жылылықпен тойланды. «Жүрек жылуы-Ана» атты рухани кеш аналарға деген махаббат пен алғысқа толы болды. ​«Қаламқас» халық ән-би ансамблі мен жергілікті өнерпаздар әуезді ән мен мың бұралған биден шашу шашып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.​ Бұл кеш-өмірдің бастауы, шуақтың көзі болған аналарға деген шексіз құрметтің айқын көрінісі болды.

    Есепті кезеңде мәдениет саласын дамытуға, еңбек құндылықтарын дәріптеуге, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін және Халықаралық әйелдер күніне орай Абай ауданының әкімі М.Смағұловтың «Алғыс хатымен» әдіскер Сарсембаева Дана Аманкелдіқызы, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Қоғамдық Бірлестігінің «Мәдениет саласындағы кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен іс қағазын жүргізуші Қонабекова Сандуғаш Жұмабекқызы, «Құрмет грамотамен» биші Ратаева Гульмира Жаркимбайкызы, тазалықшы Жақсыбекқызы Жадыра марапатталды.

    ​ Үстіміздегі жылдың сәуір айында облыс деңгейінде өткен «Абай елі -өнер кеніші» атты өңірлік көркемөнерпаздар байқауы ауданымыз үшін үлкен мәртебе болды. Республикамызға танымал, мәдениет майталмандарынан құралған қазылар алқасы өнерпаздарымыздың шеберлігіне әділ әрі өте жоғары бағасын берді.

    ​ Облыс орталығы Семей қаласында салтанатты түрде өткен осы байқаудың қорытынды Гала-концертінде Абай ауданының шығармашылық ұжымы оқ бойы озық шығып, Бас жүлдені (Гран-при) қанжығасына байлады. Осы айтулы жеңістің нәтижесінде ауданымызға үлкен сыйлық - Жылжымалы сахна тарту етілді. Бұл техникалық мүмкіндік алдағы уақытта ауданымызда жоғары деңгейдегі мәдени шараларды ашық аспан астында өткізуге септігін тигізбек.

    ​ Мамыр айында аталып өткен 21 мамыр-Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында ауданымыздың майталмандары облыс деңгейінде айрықша құрметке бөленді. Өңірдің мәдениет саласындағы ең беделді «Руханият-2026» сыйлығының салтанатты табыстау рәсімінде белгілі әнші, сахнада Хәкім Абайдың рөлін жоғары шеберлікпен сомдап жүрген дарынды әртісіміз Космонавт Сағидоллаұлы «Сахна саңлағы» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ, қазақ ән өнерін насихаттауға қосқан елеулі үлесі үшін танымал әншіміз Нұрбек Тұрсынұлы Қазақстан Кәсіподақтары қоғамдық бірлестігінің «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төс белгісінің иегері атанды.

    2026 жылдың 6 айының қорытындысы Абай ауданының мәдениет саласында сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Алдағы уақытта да мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, ауданымыздың рухани әлеуетін арттыра беретін боламыз.

    ​«Абай аудандық мәдениет үйі»

    КМҚК директоры Л.Орынғожина

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мү...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Постомат 24/7: Абай облысының тұрғындары құжаттарды алудың ыңғайлы тәсілін жиі таңдауда

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Абай облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі

    Саяси партияларға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі № р/с Елді-мекен атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар 1 Қарауыл ауылдық округі «Абай» алаңы, «Айсұлу» дүкені ғимаратының...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары № р/с Елді-мекен атауы Кездесу өткізу орны 1 Қарауыл ауылдық округі "Абай аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Мамай көше...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер конкурсының ашылу хаттамалық шешімдері 2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жер конкурсының ашылу хаттамасы 2026

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Абай аудандық қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған ережесі

    Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереже1-тарау. Жалпы ережелер1. Қоғамдық кеңес туралы осы үлгі ереже (бұдан әрі Үлгі ереже деп аталады) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң деп аталады) 2-1...

    Жарияланды: