Аудан бойынша медициналық мекемелер:
-1 орталық аурухана;
-1 кеңес-диагностикалық емхана;
-5 дәрігерлік амбулатория;
-3 медициналық пункт;
-1 ФАП бар.
Жоғары білімді дәрігерлер саны - 31.
Орта буын медицина қызметкерлері – 101.
Абай аудандық ауруханасына қажетті қосымша жабдықтармен қамтамасыз ету және ауылды жаңғырту бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар:
Бүгінгі таңда аудандық ауруханада медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі -85,5 пайызды құрайды. 2025 жылы республикалық бюджеттен қосымша жарықтандыруға қаражат бөлінді, сатып алу мемлекеттік тендерлер арқылы жүргізілді. Сондай-ақ демеушілердің көмегімен қосымша медициналық жабдықтар сатып алынды.
2025 жылы облыстық бюджеттен медициналық жабдықтарға 42 417 997 теңге бөлінді. 2025 жылғы 24.02 №1015 бұйрығына сәйкес ОА ДСБ тарапынан медициналық жабдықтар сатып алынып, Абай аудандық ауруханасына жеткізілді.
- Объективті аудиологиялық скринингке арналған модульдік құрылғы — 2 дана, 12,8 млн теңге сомасына
- Дефибриллятор-монитор — 1 дана, 2,8 млн теңге
- Допплер функциясы және кардиодатчигі бар портативті цифрлық ультрадыбыстық сканер — 1 дана, 19,9 млн теңге
- Планшеті бар портативті ультрадыбыстық диагностикалық жүйе — 1 дана, 7,0 млн теңге
Қосымша2025 жылдың желтоқсанында ОАДСБ 5 фармакологиялық тоңазытқыш құрылғысын сатып алуға 1 510 310 теңге бөлді.
2024 жылы негізгі құралдардың құны 68 169 451,90 теңгеге артты.
22 214 325 теңге сомасына негізгі құралдар есептен шығарылды.
2025 жылы кадр тапшылығы бойынша 2 маңызды мәселе шешілді: 2 дәрігер, терапевт және анестезиолог-реаниматолог, Президент Жарлығына сәйкес 8,5 млн теңге көлемінде ақшалай жәрдемақы алды. Әкімшілік тарапынан жас мамандарды, дәрігерлерді Абай аудандық ауруханасына тарту бойынша әрі қарай жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда аурухананың 2 қабатында емхана бөлімінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.