«Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА.

    Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімдігі

    «Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА.

    Құрманғазы ауданы 6 мамыр 2026 жыл

    Талданатын обьект туралы мәлімет: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, 2026 жылдың «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді.

    Бөлімнің заңды мекен-жайы: индекс 060400, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Болашақ көшесі №40.

    Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:

    «Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:

    2026 жылдың 6 сәуір – 6 мамыр айлары аралығы.

    Ақпараттық талдамалық бөлім.

    Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін 2023 жылғы 24 шілдедегі №209 «Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы қаулысына сәйкес атқарады.

    Құрманғазы ауданы әкімінің өкіміне сәйкес бөлімнің штат саны-10.

    1. Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

    Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

    - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

    - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;

    - Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік Кодексі

    - Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) бекіту туралы» қаулысы;

    - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
    бұйрығы;

    - Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №205 «Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №283 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаториялық-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №284 «Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №285 «Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №286 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаулың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №288 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалыры туралы» заңы;

    - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартарын бекіту туралы» бұйрығы.

    - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрымдылық даму минситрінің м.а 2020 жылғы 16 қазандағы №539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалары бекіту туралы бұйрығы.

    - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №227 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

    Бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

    - «Үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу»;

    - «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

    - «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

    - «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

    - «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

    - «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

    - «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

    - «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

    - «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

    - «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

    - «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

    - «Еңбекші көшіп келушілерді тарту»

    - «Жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу»;

    1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

    1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру – бөлім бойынша рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.
    2. Бақылау функцияларын іске асыру – бөлім бақылау функцияларын іске асырмайды.
    3. Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    2026 жылдың 5 айында бөлім арқылы жалпы саны – 1926 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Бөлімнен 5 айдың көрсеткіші бойынша 144 бұйрық шығып, ондағы қызметкерлерді іс-сапарға немесе жұмыстан өз еріктерімен босауы туралы бұйрық шыққан. Бөлімде заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің және шаруашылық құрылымдарының қызметтерінде заң шеңберінен тыс араласу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ. Бөлімге жеке тұлғалардан 2026 жылдың 5 айы бойынша 13 өтініш келіп түсіп, жеке тұлғаның өтініші толықтай қанағаттандырылды.

    1. Жасырын қызметтерді анықтау. Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ.
    2. Мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – 2026 жылдың 5 айы бойынша тексеру комиссиясы тексеру жүргізген жоқ.
    3. Қаржы – шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Бөлімнің бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда.

    1. Ақпараттандыру жұмыстары.

    Бөлімнің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әрекет етіңіз» атты жадынамалар ілінді.

    Азаматтардың арыз - шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-52-76 сенім телефоны орнатылған.

    Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс қимылдарына әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

    Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне мақалалар жарияланып келеді.

    Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.

    Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.

    Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.

    Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.

    Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми тартылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.

    Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.

    Мекемеде бейне бақылау қызметі жұмыс жасайды.

    Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдауды анықтауға құрылған

    топ жетекшісі: Ж.Джанканов

    Жүктеу
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Курмангазинского района»
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Курмангазинского района»
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктері...

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы...

    Ақпарат

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ?

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ? 2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп...

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?

    Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма? Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін заңнамада көзделген баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақта...

    Ақпарат

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді?

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді? 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларына тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу сияқты заңнамада көзделген балама мақсаттарға зейнетақы жин...

    Ақпарат

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді?

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді? ТЖШ-ны есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ең төменгі зейнетақы ж...

    Ақпарат

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі?

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі? Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ТЖШ) мөлшері салымшының жасына байланысты айқындалады. Салымшы неғұр...

    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі!

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі! Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, БЖЗҚ АҚ қызметкерларінің корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзушылық туралы ке...