Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

    Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімдігі

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

    Халыққа қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындауымен қатар, тұрғындарды қабылдау барысында қатаң әдеп нормаларын ұстануы тиіс. Көрсетілетін әр түрлі мемлекеттік қызметтің сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да оны жетілдіре түсу, қызмет көрсету сапасын арттыру-бүгінгі күні кезек күттірмейтін мәселе.

    «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

    1) «Жолаушылар мен багажды автомобиль мен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша:

    Аталған қызмет түрі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілуде, 2026 жылға өтініш түскен жоқ.

    (Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 4 жұмыс күні, Электронды www.egov.kz)

    2) «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша:

    Аталған қызмет түрі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы №883 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» сәйкес жүргізілді, 2026 жылға 35 өтініш түсіп қанағаттандырылды.

    (Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күні, электронды)

    3) "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу " қызметі бойынша:

    Аталған қызмет түрі, ""Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №371 бұйрығына сәйкес жүргізіледі, 2026 жылға өтініш түскен жоқ.

    (Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күні, Электронды www.egov.kz)

    4) "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру " қызметі бойынша:

    Аталған қызмет түрі, "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жүргізілді, 2026 жылға өтініш түскен жоқ.

    (Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 жұмыс күні «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz)

    5) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» қызметі бойынша:

    Аталған қызмет түрі, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі, 2026 жылға 5 өтініш түсіп қанағаттандырылды.

    (Күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүреді).

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер мерзімінде қаралып, жауапкершілікпен орындалып отыр.

    Бөлімнің мамандары мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрғындар сұрақтарына жауап беріп отырады. Өзіндік жеке электрондық цифырлық қолданбасы негізінде Е-gov порталынан цифрлық сауаттылықты арттырып, керекті құжатты өз бетінше алуға барлық мүмкіндік жасалған.

    Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

    Жүктеу
    О государственных услугах в сфере жилищно-коммунального хозяйства
    О государственных услугах в сфере жилищно-коммунального хозяйства
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктері...

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы...

    Ақпарат

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ?

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ? 2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп...

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?

    Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақтала ма? Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін заңнамада көзделген баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақта...

    Ақпарат

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді?

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі неге өзгертілді? 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларына тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу сияқты заңнамада көзделген балама мақсаттарға зейнетақы жин...

    Ақпарат

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді?

    Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі қалай өзгерді? ТЖШ-ны есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ең төменгі зейнетақы ж...

    Ақпарат

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі?

    Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыстағы Әдістеме бойынша ТЖШ қалай есептеледі? Ең төменгі жеткіліктілік шегінің (ТЖШ) мөлшері салымшының жасына байланысты айқындалады. Салымшы неғұр...

    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі!

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі! Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, БЖЗҚ АҚ қызметкерларінің корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзушылық туралы ке...