Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

    ·

    ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!

    2026 жылғы23тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.

    Сіздерді еліміздің одан әрі дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтін тарихи оқиғаның қатысушысы бола отырып, азаматтық жауапкершілік танытуға және конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз.

    Сіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруыңыздың кепілі - Сіздің Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқылы сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз.

    Сайлаушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен шығарыла отырып, енгізіледі.

    Сайлау учаскелерінің шекаралары және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтерді тиісті әкімдер 2026 жылғы 16 шілдеге дейін жариялайтын болады.

    Сіз өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға жүгініп, өзіңіздің сайлау учаскеңізді және тізімге енгізілгеніңізді тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

    Сізге ыңғайлы болу үшін, жазғы демалыс факторын ескере отырып, Сіздің есептен шығару куәлігін алу және өз елді мекеніңізден тыс жерде дауыс беру мүмкіндігіңіз бар.

    2026 жылғы 7 тамыздан бастап өзіңіздің сайлау учаскеңізде Сізге Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Өзгерістер енгізу немесе нақтылау қажет болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

    Жүктеу
    540cc4a7d612163eecfbd91d76207abe_original.612954.pdf
    PDF · 599 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    Ұлытау ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына үміткерлер үшін үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар туралы ақпарат

    Ұлытау ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына үміткерлер үшін үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар туралы ақпарат № Елді мекен атауы Орындардың мекен-жайы Ақпарат тақ...

    Жарияланды:
    Құжат

    Құрметті конкурсқа қатысушылар!

    ХАБАРЛАМА Құрметті конкурсқа қатысушылар! Ұлытау ауданы прокуратурасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру мәселелері бойынша жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізілуіне байланысты, 2026 жылғы 14 шіл...

    Жарияланды:
    Құжат

    «BASS Gold» ЖШС 10.07.2026 ж. KZ75RYS01822427 белгіленген қызмет туралы

    «BASS Gold» ЖШС 10.07.2026 ж. KZ75RYS01822427 белгіленген қызмет туралы

    Жарияланды:
    Құжат

    Ұлытау облысы Ұлытау ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары мен орналасқан жерлері туралы хабарлама

    Ұлытау облысыҰлытау ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары мен орналасқан жерлері туралы хабарлама №103 Алғабас сайлау учаскесі Орналасқан жері: «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпо...

    Жарияланды:
    Құжат

    ҰЛЫТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША УЧАСКЕЛІК САЙЛАУКОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    ҰЛЫТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША УЧАСКЕЛІК САЙЛАУКОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ № 103 Алғабас учаскелік сайлау комиссиясы Ұлытау ауданы Алғабас селолық округі Бетбұлақ селосы Берден көшесі - 11, Клуб үйі тел: 8-710-413-40-10-20 Төраға...

    Жарияланды:
    Құжат

    Ұлытау облысы Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

    Ұлытау облысы Ұлытау ауданыныңаумақтықсайлаукомиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-та...

    Жарияланды:
    Құжат

    2026 жылғы 2 тоқсандық есепке талдамалық анықтама

    Ауданның жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 49 түрін көрсетеді. Есепті кезеңде барлығы 1130 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде баламалы негізде 117 қызмет,...

    Жарияланды:
    Құжат

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша...

    Жарияланды: