Қаратал ауданы әкімдігінің 2026жылдың2тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау есебі
2026 жылдың 2 тоқсанның қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1133.
Оның ішінде: Қағаз түрінде (11.1) – 0, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің баламалы мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны түрде (11.2) – 6, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны (11.3, 11,4) 316, "электрондық үкімет" арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz – 794 және мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) – 17 қызмет көрсетілген.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат.
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, Қаратал ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 93-ө н/қ өкімімен бекітілген Қаратал ауданы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2026 жылға арналған Ішкі мемлекеттік бақылау туралы жоспарына сәйкес 2 тоқсанда үш мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Олар: «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі, «Қызылбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі, «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ—сі,
Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бұзылған фактілер анықталып, 6 ұсыныстар жолданған. Атап айтқанда;
Қызылбалық және Балпық ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты мамандарында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы туралы курсынан өтпегені анықталды. Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының орналасқан ғимаратта, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілерінің көзделген қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандарының ескі үлгілері орналастырылғаны анықталды.
Бүгінгі күнге 4 ұсыныс орындалды, қалған 2 ұсыныс орындалу деңгейінде.
Іс-шаралар бойынша ақпарат
2026 жылдың 2 тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің қағидаларының бұзылуының алдын алу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан 60 - дөңгелек үстел, семинар-кеңес, ашық есік күндер мен жәрмеңкелер, тікелей эфир, акциялар өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 1655 халық қамтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша 8 мақала жарияланды.
Бұдан бөлек, аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат, партия депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Мониторинг тобымен мемлекеттік ұйымға бару арқылы, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, ережелер мен ыңғайлылықты сақтау бойынша 5 мекеме қаралып тиісті нұсқаулықтар берілді.
Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік қызметтер көрсететін 1 округ әкімінің есебі тыңдалды. Нәтижесінде, 2 ұсыныс берілді. Қазіргі таңда, 1 ұсыныс орындалды, 1 ұсыныс орындалу барысында.
Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша 47 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылған, есептік кезеңде бұрыштар арқылы 3555 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сервистік әкімдік арқылы 2331 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру «Ең алдымен адамдар» тақырыбындағы курсынан өткен мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторигінің нәтижелері туралы ақпарат
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне түскен өтініштер мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық порталында (АИС ГГК) Қаратал ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарымен уақытылы орындалады, алайда «ИИС Мониторинг» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өтініш мәртебесінде орындалған өтініштер «орындалмаған» деп көрсетіледі.
Осы мәселе бойынша Жетісу облысы әкімінің аппаратына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметтер агенттігі Жетісу облысы бойынша Департаментіне хат жолданған.
Мемлекеттік қызметін көрсету кезінде заңнамалар талаптарының сақталуына ішкі байқау (мониторинг) бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсанындағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 56 және 57 тармақтарына сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету кезіндегі заңнамалар талаптарының сақталуына ішкі бақылау (мониторингі) жүргізілген.
Ішкі бақылаудың нәтижесінде, «Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде қызметті алушы Дюсекенов Ерлекбай Бурткубаевич 18.03.2026 жылы түскен өтінішін өтінім №KZ25RVХ01765839 екінші күні кешіктіріліп тіркелгені анықталды.
Осы кемшілік бойынша Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына 2 ұсыныс беріліп бүгінгі күнге барлығы орындалды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметтер агенттігі Жетісу облысы бойынша Департаментіне хат жолданған.
Нәтижесінде Бастөбе ауылдық округі әкімінің әкімі Э.Кимге 15 (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ауданда болмады.
Есептік кезеңде мемлекеттік органдармен мерзімі бұзылған және қызметті алушыларға қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелмеген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері жоқ.
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.
Қаратал ауданы әкімі
аппаратының персоналды
басқарудың бірыңғай
қызметі бөлімінің бас инспекторы М.Бодаубекова