Өнеркәсіп
2026 жылға жоспар 5200 млн. теңге, индекс көлемі 101 пайыз, қаңтар – маусым айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2720 млн.теңге, 2025 жылмен салыстырғанда 112,7 пайызды құрайды (2025 жылы 2675,5 млн.тенге).
Өнеркәсіп саласында 17 кәсіпорын жұмыс жасауда, атап айтсақ: Сүт өнімдерін шығаратын «Үштөбе Айдын» ЖШС, «Үштөбе сүт өнімдері» ЖШС, балық өңдейтін «Қаратал Балық» ЖШС, профильдік бұйымдар шығаратын «Прогресс СМ» ЖШС, күріш өңдейтін «Уштобинский» ЖШС, жылу энергиясын өндіретін «Жылту орталығы» ЖШС, сумен жабдықтау «Қаратал су» ЖШС, «Адина соль» ЖШС-гі полиграфиялық қызмет, «Уштобинский РЭС» электр энергиясын тарату, жер қойнауын «Тамас», «New live group», «RISH22»,«Жетысу Мунай», «Шымыр-Кайра», «Bars Technologies», "Support Consulting group", "Фирма Әдемі" ЖШС-рі аудан статистика басқармасына есеп береді.
Инвестиция
2026 жылға әлеуметтік - экономикалық бағдарламаға сәйкес
30 млрд .теңге инвестиция тарту жоспарлған. Бюджеттен тыс инвестиция с омасы 20 млрд.теңге, бюджеттік инвестиция 10млрд. теңге.
Қаңтар – маусым айында инвестиция көлемі 7552,9 млн.теңге, 2025 жылмен салыстырғанда индекс көлемі 109,6 пайыз, бюджеттен тыс инвестиция 3013,0 млн.тенге 106,1 пайыз құрайды.
Бөлшек тауарайналымы
2026 жылға жоспар 16860 млн.теңге, индекс көлемі 100 пайыз
Қаңтар-маусым айында бөлшек тауарайналымының көлемі 5248,5 млн.теңге, индекс көлемі 100 пайыз (2025 ж 4721,4 млн.тенге)
Шағын және орта бизнес
А.ж. 1 маусымға жұмыс істеп тұрған 2742 бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде заңды тұлға – 193, жеке тұлға –1264, шаруа қожалықтары – 1285, өткен жылмен салыстырғанда 225 бизнес субъектісіне азайды.
Бюджетке түсетін түсімдер 720,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 152,1 құрайды (473,6 млн. теңге).