2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

    ·

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

    Қаржыландырудың жоспарланған көлемі

    (мың. теңге)

    Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

    Халықтың нысаналы тобы

    Күтілетін нәтиже

    1

    Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

    1500,0

    «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы

    Жастар,

    студенттер мен білім алушылар, еріктілер.

    Жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану мәдениеті қалыптасып, темекі шегу, алкоголь және есірткі қолданудың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарының тиімділігі артады. Жастардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігі күшейіп, қайырымдылық пен еріктілік мәдениетіне қатысу белсенділігі өседі. Сонымен қатар, аудан жастарының азаматтық ұстанымы, патриоттық рухы мен қоғамдық белсенділігі артып, отбасылық құндылықтарды құрметтеу деңгейі жоғарылайды. Жоба аясында жастар тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған кездесулер, семинарлар, тренингтер және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, ақпараттық бүктемелер таратылатын болады. Нәтижесінде жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі нығайып, қоғамдағы оң әлеуметтік мінез-құлық қалыптасуына ықпал етіледі.

    2

    Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, отбасы құндылықтарын насихаттау.

    2000,0

    «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Қазақстан Республикасының Заңы

    Аудан тұрғындары, белсенді отбасылар,

    жас отбасылар, жастар, студенттер мен білім алушылар

    Жобаны іске асыру нәтижесінде халықтың отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат мәселелері бойынша ақпараттану деңгейі артып, отбасы институтын нығайтуға және отбасы құндылықтарын дәріптеуге ықпал етіледі. Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі күшейіп, отбасындағы өзара сыйластық, теңдік пен жауапкершілік қағидаттары нығаяды.

    Жоба аясында отбасыны қолдауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ халықтың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, консультациялар мен кездесулер ұйымдастырылады.

    Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қоғамда отбасы құндылықтарына деген оң көзқарас қалыптасып, жауапты ата-аналық мәдениеті дамиды, гендерлік теңдік қағидаттары нығайып, азаматтардың отбасылық-демографиялық мәселелерді шешудегі қоғамдық белсенділігі артады.

    3

    ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша «Ұлттық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы бойынша « қазақ күресі, асық ату, бәйге, тоғызқұмалақ » спорт түрлерін кеңінен насихаттау.

    4000,0

    Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығы

    Ауданның жастары; балалар мен жасөспірімдер; студенттер мен білім алушылар; дене шынықтыру және спорт саласының мамандары; еріктілер; бұқаралық спортпен айналысуға қызығушылық танытатын барлық аудан тұрғындары.

    «Ұлттық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы аясында қазақ халқының ұлттық мұрасын дәріптеуге және бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударылады. Жоба шеңберінде қазақ күресі, асық ату, бәйге және тоғызқұмалақ спорт түрлерін кеңінен насихаттау, олардың қолжетімділігін арттыру және тұрғындарды, әсіресе жастарды осы спорт түрлерімен тұрақты айналысуға тарту көзделеді. Ұлттық спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар, ашық турнирлер, шеберлік сабақтары, танымдық кездесулер, көрсетілімдер және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ұлттық спорт арқылы жастардың патриоттық рухын нығайту, ұлттық құндылықтарды құрметтеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұрпақтар сабақтастығын дамытуға басымдық беріледі. Жобаны іске асыру нәтижесінде тұрғындардың ұлттық спортқа қызығушылығы артып, бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны көбейеді, ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраның сабақтастығы сақталып, қоғамда салауатты өмір салтының құндылықтары кеңінен насихатталады.

    4

    ҚР заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша «Заң және Тәртіп» қағидасына ерекше назар аудару

    1500,0

    «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы

    Қазақстан» Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысы

    Жастар

    студенттер мен білім алушылар, аудан тұрғындары

    «Заң және Тәртіп» қағидасын іске асыру аясында басты назар қоғамда заң үстемдігін қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталады. Жоба шеңберінде тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары, кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық акциялар мен кеңес беру іс-шаралары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жастардың құқықтық жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, алаяқтықтың, буллингтің, вандализмнің, нашақорлықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы ақпараттық-насихат жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Жобаны іске асыру нәтижесінде азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениеті нығайып, заң талаптарын сақтау деңгейі артады, қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілік күшейеді және қауіпсіз, құқықтық қоғам қалыптастыруға үлес қосылады.

    БАРЛЫҒЫ

    9000,0

    2026 жылғы «13» шілде жағдайы бойынша

    Ұқсас материалдар

    Хаттама

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру жөніндегі 1-лек қатысушылары бойынша комиссия отырысының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 1 хаттамасы

    Хаттама №1 Өтініш берушілердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысын қамтамасыз ету жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар Үштөбе қаласы 14 шілде 2026 жыл ҚР Премьер-Министрінің орынбасары -...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады. Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтар...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

    https://www.election.gov.kz/kaz/banners/index.php?section=pool_orgs&ID=10194

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың ІІ тоқсанында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ақпарат

    Өнеркәсіп 2026 жылға жоспар 5200 млн. теңге, индекс көлемі 101 пайыз,қаңтар – маусым айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2720 млн.теңге, 2025 жылмен салыстырғанда 112,7 пайызды құрайды (2025 жылы 2675,5 млн.тенге). Өнерк...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан

    https://www.election.gov.kz/kaz/Qurultai/infografikakazQurultai/infografikakaz.php

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    https://www.election.gov.kz/kaz/Qurultai/audiotekakazQurultai/audiokazQurultai.php#

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    https://www.election.gov.kz/kaz/banners/index.php?section=information-materials&ID=10194

    Жарияланды: