Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы
·
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы
Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы 2026 жылдың 12 қаңтарында өткізіліп, №1 хаттамалық шешімге сәйкес жұмыс жоспары бекітілді.
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ақпан айында мектептердегі педагогикалық әдеп кеңесі жұмысына қашықтан мониторинг жүргізілді. Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары талаптарының іске асырылуы қаралды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Орал қаласы білім беру бөлімінің №24 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысының есебі, маусым айында жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының башылары мен өзге де лауазымды тұлғалардың ҚР «Педагог мәртебесі туралы заңының нормалары мен педагогикалық әдеп ережелерін сақтау туралы Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің есебі тыңдалды.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңеске педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түскен өтініштердің дәлелді материалдарының болмауына және уақтылы жолданымды толықтырмауына байланысты Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» 70-бабына сәйкес тоқтатылды.