Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» № 293-VІ Заңының 6-бабында педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде төмендегі шектеулер берілген:
➢ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
➢ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;
➢ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге;
➢ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.
Егер педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде жоғарыдағы шектеулерге жол берілгені анықталса Департамент тарапынан міндетті түрде өз құзыреті шегіндегі заңнамаларға сәйкес тексеру шараларын жүргізіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін көтереді. Лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі қарастырылғын.
Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында 1 білім беру ұйымына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409 бабының 7-3-бөлігі 1) тармақшасында көзделген әкiмшілік жауаптылыққа тартылып хаттама жасақталды.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 6-бабының талаптарының сақталуын қаматамасыз ету бойынша II тоқсан есебі
Жүктеу
8eb917b28fe92a9143503be94510bb32_original.12540.docx
DOCX · 12 КБ