- Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау.
Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қаматамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығын басшылыққа ала отырып, Департаментпен «21» мамыр 2026 жылы бекітілген 2026 жылға арналған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау тізбесі негізінде аттестаттау жүргізді.
2026 жылдың есепті мерзімінде 9 білім беру ұйымында (9 жекеменшік балабақша) мемлекеттік аттестаттау жүргізді. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде 9 балабақшаның 8-і аттестатталмады. Мемлекеттік аттестаттауға білім беру ұйымдарынан білікті, тәжірибелі педагогтерді сарапшылыққа тартылды. Әрбір мемлекеттік аттестаттау алдында Департамент басшысы мен Әдеп жөніндегі уәкілдің басшылығымен мемлекеттік қызметшілер мен сарапшыларға кеңес өткізілді. Онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және барлық қызметті адал атқару түсіндірілді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге жауапты тұлғалардың әдеп нормалары ережесімен танысқандығы туралы қолдары қойылды. Мемлекеттік аттестаттау кезінде Департамент қызметшілері мен сарапшылар тарапынан әдеп нормаларын бұзу, сыбайластық тәуекелдерге бару фактілері орын алған жоқ.
- Департаментке келіп түскен арыз-шағымдар туралы.
Департаментке тікелей және e-otinish арқылы 312 арыз-шағым түсті, телнұсқалар саны -79, оның 22-сі әртүрлі мәселелер бойынша сұрақтар болса 57-ы еңбек қатынастарына қатысты болды. 119 арыз Департаменттің құзіретіне жатпайтындықтан басқа мемлекеттік органдарға жолданды.
- Бару арқылы профилактикалық бақылау
Қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген 3 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізіліп, оның 2 білім беру ұйымы профилактикалық бақылаудан өтпеді. Анықталған бұзушылықтарға нұсқама берілді.
- Жоспардан тыс тексеру
2026 жылдың есепті мерзімінде жоспардан тыс тексеру (білім беру ұйымдарына-3)жүргізілді. Оның ішінде 3 жоспардан тыс тексеру арыз-шағымдар бойынша3 білім беру ұйымында бұзушылықтар анықталып, 3 нұсқама берілді. 3 әкімшілік іс қозғалып, 2 білім беру ұйымына 454 125тг айыппұл салынды (105 АЕК).
5. Жоспарлы тексеру
2026 жылы жоспарға сәйкес жоспарлы тексеру Бейнеу аудандық білім бөліміне және Маңғыстау аудандық білім бөліміне жүргізілді. Білім бөлімдерінде анықталған бұзушылықтарға ұсыным берілді.