Түркістан облысы әкімінің Төлеби ауданы тұрғындарымен 28.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    Түркістан облысының әкімдігі

    Көтерілген мәселе

    Шешу жолдары

    Шешу мерзімі

    Жауапты орындаушылар

    Аяқтау нысаны

    Орындалуы

    Жер мәселесі

    1.

    Қазіргі таңда аудан бойынша ауылдық жерлерде мал басының өсуіне байланысты жайылым жерлер тапшы болуда.

    Жайылымдарды қайтару бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

    Киелітаселді мекенінің тұрғыны Туреханов Ақылбек

    Ағымдағы жылы жоспарланған жерлерді қайтару бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

    30.10.2025 ж.

    Төлеби ауданының

    әкімдігі

    Облыстық жер қатынастары басқармасы

    Мәлімет ұсыну

    Төлеби ауданы бойынша жайылым жер көлемі
    70 257 гектар. Аудандағы малдың есебіне сәйкес жайылымға қажеттілік 500 мың гектардан астам.

    Мәселені шешу мақсатында 2021-2024 жылдар аралығында (2021 ж.- 8,7 мың га, 2022 ж.- 8,5 мың га, 2023 ж.- 9,0 мың га, 2024 ж.- 1,6 мың га) 27,8 мың гектар жер ауданның арнайы жер қорына қайтарылып, ортақ жайылым жер ретінде бекітіліп берілді.

    2025 жылға 3,0 мың га жайылым жерлерді қайтару жоспарланып, қазіргі таңда 5845 га қайтарылды.

    Ауыз су мәселесі

    2

    Диханкөл елді мекеніндегі ауыз су құбырлары кеңес үкіметі кезінде салынған болатын, әбден тозығы жетіп, ауыз судың берілу жағдайы нашарлап кеткен. 2023 жылы ауылымызға жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіле бастағанында ел болып қуанған болатынбыз. Алайда, екі жылдың жүзі болды жұмыстар тоқтап қалды. Осы жұмыстар қашан аяқталып, ауыз суға қол жеткізе аламыз.

    Диханкөлелді мекенінің тұрғыны Рыспаев Саян

    Диханкөл елді мекеніндегі ауыз су құбыры құрылысының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етсін.

    01.07.2025 ж.

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары

    (З.Жолдасов)

    Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Төлеби ауданының

    әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Диханкөл елді мекеніндегі ауыз су құбыры құрылысының құны 641,0 млн теңге.

    2023 жылы РБ есебінен басталған құрылыс (2023 ж- 242 млн. тг, 2024 ж -335 млн.тг, 2025 жылы 64,0 млн. тг.) жұмыстары барысында
    30,6 шақырым құбыр тартылып, нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

    3

    Ленгір қаласындағы ауыз су жауын-шашынды күндері лайланып кетеді. Ауыз су сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар жасалуда.

    Ленгір қаласының тұрғыны Мехлик Лидия

    Леңгір қаласының ауыз су сапасын жақсарту мақсатында жұмысшы тобын құрып, зерделеу жұмыстарының нәтижесімен ұсыныс енгізсін.

    20.04.2025 ж.

    дейін

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары

    (З.Жолдасов)

    Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Төлеби ауданының

    әкімдігі

    Ұсыныс енгізу

    Ленгір қаласында жалпы 29700 халық, 8100 жуық абонент бар. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

    Облыс әкімі Н.Көшеровтың тапсырмасына сәйкес, Ленгір қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылды.

    2025 жылғы 29 сәуірде жұмысшы топ “Сайрам-Өгем” мемлекеттік табиғи паркінің аумағында орналасқан “Ақмешіт” бұлағына барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша, “Ақмешіт” бұлағы Ленгір қаласының ауыз су көзi ретінде қолайлы деп танылды. Осыған орай, бұлақты негізгі су көзі ретінде бекіту жөнінде ұсыныс облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданып, тиісті хаттама рәсімделді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары

    З.Жолдасовтың атынан ұсыныс хат енгізілді.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    4

    Бидай, арпа, мақсары өсірумен айналысудамын. Соңғы екі жылдан бері мақсарыға берілетін субсидияға қаржы қаралмай отыр, осы мәселенің шешілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын?

    Мәдениелді мекенінің тұрғыны Әліппай Нұрдаулет

    Облыс әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы №28 қаулысына сәйкес, мақсары өніміне субсидия төленетіні туралы шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

    10.04.2025

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары

    (Н.Тұрашбеков)

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

    Төлеби ауданының

    Әкімдігі

    Түсіндірме жұмыстарын жүргізу

    Облыс әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы №28 қаулысына сәйкес, мақсары өнімінің тоннасына
    10 мың теңге субсидия төленетіні туралы, сәуір айында ауылдық округтерде, агроқұрылым өкілдерімен жиналыстар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Автомобиль жолдары саласы

    5

    Көп жылдан бері проблема болып келген Қостөбе көпірі былтыр пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары ризашылығын білдіруде. Алайда, сол көпір арқылы Қаратөбе-Қостөбе елді мекендерінің жалғайтын аудандық маңызы бар жол биылғы жылы жөндеуден өктізілеме?

    Қаратөбеелді мекенінің тұрғыны Жумабеков Уәли

    Аудандық маңызы бар Қаратөбе – Қостөбе бағытындағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

    30.07.2025 ж.

    Төлеби ауданының

    Әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    «Қаратөбе - Қостөбе» КХЛ-32 аудандық маңызы бар, ұзындығы 2,1 шқ жолды орташа жөндеуден өткізу жұмыстарына 2025 жылға аудандық бюджет есебінен 96,0 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме компания «СК Құрылыс-Инжиниринг» ЖШС құрылыс жұмыстарын аяқтап, аталған жол пайдалануға берілді.

    Мәдениет саласы

    6

    Бүгінде аудандағы жалғыз мұражай арнайы ғимараттың болмауына байланысты жалдамалы ғимараттарда жұмыс жасауда.

    Ондағы құндылықтар мен жәдігерлерді сақтау мақсатында жаңа мұражай ғимаратының құжаты дайындалғаны туралы хабардармыз. Осы мұражай құрылысының қаржысын қарастыруға ықпал етсеңіз?

    Ленгір қаласының тұрғыныМырзалы Ғалымжан

    Леңгер қаласында Төлеби баба мұражайының құрылысын жүргізсін.

    01.09.2026.ж.

    Облыс әкімінің орынбасары

    (Е.Алтаев)

    Облыстық құрылыс басқармасы

    Облыстық мәдениет басқармасы

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Төлеби ауданының

    әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Ленгір қаласында Төлеби баба мұражайының құрылысына 472,5 млн. теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылғы 27 маусымда №19-0276/24 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2025 жылы облыстық бюджеттен 50,0 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме "Vek Story Com" ЖШС танылды.

    Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    7

    Көксәйек елді мекеніндегі балалар кітапханасының ғимараты тозығы жетіп құлағандықтан, кітапхана «Жеңіс» мәдениет үйінің ғимаратына көшірілген. Орнына жаңа кітапхана ғимаратын салып берілсе.

    Көксәйекелді мекенінің тұрғыны Мәмбетқұлов Сыдық

    Балалар кітапханасын салу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін.

    20.04.2025 ж.

    дейін

    Облыс әкімінің орынбасары

    (Е.Алтаев)

    Облыстық мәдениет басқармасы

    Төлеби ауданының

    Әкімдігі

    Ұсыныс хат енгізу

    Көксәйек ауылындағы балалар кітапханасы 1960 жылы ашылған. 2000 жылы мекеме аудандық кітапхананың филиалы ретінде Көксайек ауылдық балалар кітапханасы болып қайта құрылды.
    2015 жылы кітапхана ғимаратының шатырының құлауына байланысты "Жеңіс" мәдениет үйінің ғимаратына ауыстырылды. Мәдениет үйінің
    50 шаршы метр аумағына орналасқан.

    Сонымен қатар, бұл елді мекенде тағы екі мәдениет үйі және халыққа қызмет көрсететін екі ауылдық кітапхана жұмыс жасауда. Сондықтан жаңа балалар кітапханасын салу қажеттілігі жоқ.

    Жарық мәселесі

    8

    Қазақстан ауылы Қ.Қошанбаев көшесі 118 үйде тұрамыз. Кешкі уақыттарда балаларымыздың қауіпсіздігі алаңдатуда, осыған орай, түнгі жарық шамдарын орнатуға ықпал жасасаңыз.

    Қазақстанелді мекенінің тұрғыны Қопалов Абай

    Қазақстан елді мекені Қ.Қошанбаев көшесіне түнгі жарықшамдарын орнату бойынша жұмыстарды жүргізсін.

    01.07.2025 ж.

    Төлеби ауданының

    әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Қазақстан елді мекеніндегі 2,0 шақырымға жуық Қ.Қошанбаев көшесін жарықтандыруға аудан бюджетінен 4,3 млн теңге бөлініп, пайдалануға берілді.

    9

    Оңтүстік ауылындағы электр желілері тозығы жеткендіктен ауа райының желді, жаңбырлы, боранды күндері жарығымыз жиі сөніп, сағаттап электр қуатынсыз отыруға мәжбүр болудамыз. Осы тозығы жеткен электр желіліренің жаңаруына ықпал жасауыңызды сұранамыз.

    Тасарықелді мекенінің тұрғыны Молдабеков Нұрхан

    Оңтүстік елді мекеніндегі Саңлақ және Ақмола көшелеріне электр желіcін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізсін.

    01.08.2025 ж.

    Төлеби ауданының

    әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Тасарық ауылдық округі, Оңтүстік елді мекеніндегі Саңлақ және Ақмола көшелеріне 4,0 шақырым электр желісін жүргізу бойынша жалпы құны 109,3 млн теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

    2025 жылы аудандық бюджеттен 500,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер ұйым ретінде «QAZ STORY EVEREST» ЖШС анықталған. Алайда мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша «Сары үйсін» ЖШС тарапынан сотқа апелляциялық шағым беріліп, сот шешімімен мердігер ұйым ретінде «Сары үйсін» ЖШС айқындалған.

    2026 жылы аталған жобаға облыстық бюджеттен 109,3 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Облыстық бюджеттен бөлінген қаражат облыстық энергетика басқармасы тарапынан кері қайтарылған.

    Осыған байланысты құрылыс жұмыстарын бастау кейінге шегерілуде. Бюджет қаражаты қайта бөлінген жағдайда, тиісті жұмыстар заңнама талаптарына сәйкес басталатын болады.

    Денсаулық сақтау саласы

    10

    Қасқасу ФАП-та интернет желісінің жылдамдығы сапасы төмен.

    Қасқасуелді мекенінің тұрғыны Бексейтов Ерлан

    Қасқасу елді мекенінде және ФАП-та интернет желісінің жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстарды жүргізсін.

    20.04.2025 ж.

    дейін

    Облыстық цифрландыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

    Төлеби ауданының

    әкімдігі

    Интернет сапасын арттыру

    Қасқасу елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория ғимаратына (Қасқасу ДА), «Төлеби аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесі мен «Digital Elements» ЖШС арасында түзілген 2025 жылғы 15 қаңтардағы келісім шартына сәйкес интернет желісіне қол жеткізу қызметі көрсетілуде.

    Қасқасу елді мекеніндегі ФАП-тың интернеті «Digital Elements» ЖШС-нің талшықты оптикалық желісімен қамтамасыз етіліп, интернет жылдамдығының сапасы 70-80 Мбит/с дейін

    жоғарылатылды.

    11

    Төлеби аудандық ауруханасында көптеген зейнеткерлер жұмыс жасауда, жастар жұмыссыз жүр

    Көксәйекелді мекенінің тұрғыны Орманов Елтай

    Мәселені зерделеп, ұсыныс енгізсін.

    20.04.2025 ж.

    дейін

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

    Ұсыныс хат енгізу

    Төлеби аудандық ауруханасында жалпы 953 қызметкер жұмыс атқарады, оның ішінде:

    - дәрігерлер-130,

    - орта буын қызметкерлер-529,

    - өзге буын қызметкерлер-146,

    - кіші буын қызметкерлер-148.

    Қазіргі таңда, ауруханада зейнет жасындағы 11 дәрігер мен 1 провизор жұмыс жасауда.

    Зейнет жасындағы мамандардың жұмыс атқару себебі кейбір медицина мамандықтары бойынша мамандардың тапшылығынан орын алуда. Қазіргі таңда облыс әкімі гранты есебінен тапшы мамандықтар бойынша мамандар резидентурада білім алуда. Алдағы уақытта бейінді мамандардың жетіспеушілігі осы түлектер есебінен шешілетін болады.

    Әлеуметтік мәселесі

    12

    №3 арнаулы Көксәйек интернатын жөндеуден өткізуге қаржы қарастыру туралы

    Көксәйекелді мекенінің тұрғыны Орманов Елтай

    №3 арнаулы Көксәйек интернатын жөндеуден өткізу бойынша қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарастырып, ұсыныс енгізсін.

    20.04.2025 ж.

    дейін

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

    әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    Ұсыныс хат енгізу

    №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын күрделі жөндеу жұмыстарына Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы 2025 жылға 666,3 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «ВИБО-строй» ЖШС-і жөндеу жұмыстарын бекітілген мерзімде аяқтады.

    Жүктеу
    План мероприятий по реализации актуальных вопросов, поднятых на встрече акима Туркестанской области с жителями Толебийского района 28.03.2025 г.
    DOCX · 47 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы

    1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: