Ағымдағы жылғы 1 сәуірінен бастап 30 маусым аралығында Министрлікке 18146 өтініш түсті. Өтініштердің жалпы санынан 9198 өтініш Орталық аппаратқа, 8948 өтініш комитеттер мен аумақтық бөлімшелерге келіп түсті.
Орталық аппаратқа келіп түскен өтініштер көтерілген мәселелердің сипатына қарай негізінен мынадай бағыттарға бөлінеді: тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 10573 өтініш (59%), өнеркәсіп – 3680 өтініш (20%); өзге де өтініштер (жер қойнауын пайдалану, геология, лицензиялау, абаттандыру, су ресурстарын сақтау және басқалар) – 3893 өтініш (21%).