Түркістан облысы әкімі Н. Көшеровтің Жетісай ауданы тұрғындарымен 13.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы

    Түркістан облысының әкімдігі

    Көтерілген мәселе

    Шешу жолдары

    Шешу мерзімі

    Жауапты орындаушылар

    Орындалуы

    Газ мәселесі

    1.

    Мақталы ауылдық округі Тың ауылында газ жоқ, ауылда 174 абонент тіркелген. Сол ауылымызға газ тартуға ықпал жасауыңызды сұраймын.

    Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов

    Тың елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жүргізсін.

    01.10.2025 ж.

    Қаржы

    бөлінуіне қарай

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары

    (З.Жолдасов)

    Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Жетісай ауданының әкімдігі

    Мақталы ауылдық округі, Тың елді мекеніне газ құбырын тарту жобасына бюджеттен 164,2 млн. теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары 100% аяқталып, пайдалануға берілді. Қабылдау актісі 31.10.2025 ж. Газ құбырының жалпы ұзындығы 7,9 шқ. Оның ішінде жоғары қысымды 0,9 шқ. төмен қысымды 7,0 шқ.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    2.

    Мақталы ауылдық округі Тың елді мекені аумағында 10 тік дренаж ұңғымасын қалпына келтіру жобасына енгізілмеген, жобаға енгізуді сұрайды.

    Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов

    Тың елді мекені аумағында 10 тік дренажді қалпына келтіру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін.

    10.04.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары

    (Н.Тұрашбеков)

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

    «Қазсушар» РМК ТФ

    Жетісай ауданының әкімдігі

    Жобалаушы мекеме «Жер-Ана» ЖШС мен «Қазсушар» РМК ТФ аудандық тік дренажды пайдалану өндірістік бөлімшесімен Мақталы ауылдық округінің тұрғыны, сұрақ қоюшы А.Асановпен біргелікте Тың елді мекенінде жобаға енгізілмей қалған №10 тік дренажды ұңғыма бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде жобаға кірмей қалған №10 емес №11 тік дренажды ұңғыма екендігі анықталды. Жоба бойынша жалпы Мақталы ауылдық округінде 47 дана, оның ішінде Тың елді мекенінде 5 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Ғылыми тұрғыда зерттеп, дәлелденген әдіс бойынша бір ұңғыма 600-700 метр немесе 160-170 га егістік жердің жер асты суының деңгейін қадағалайды. Ал Тың елді мекенінде қайта қалпына келтіріліп жатқан 5 ұңғыма жобадан тыс қалған №11 ұңғыманың аумағын толық қамти алады. Осыған орай №11 тік дренажды ұңғыманы жобаға қайта қосудың қажеттілігі жоқ екендігі жөнінде облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековпен облыс әкіміне 08.05.2025 жылы №30-367-қ/х қызметтік хат енгізіліп, тапсырманы бақылаудан алу жөнінде ұсыныс берілген.

    3

    Аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелері республикалық меншікке қашан беріледі?

    Қызылқұм ауылдық округінің тұрғыны О.Тастанов

    3. Аудандық коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелері республикалық меншікке өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

    3.1. Каналдар мен қашыртқыларға мемлекеттік акті және бағалау құнын шығару.

    3.2. Каналдар мен қашыртқыларға техникалық төлқұжат алу

    3.3. Коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелерін республикалық меншікке өткізу.

    30.12.2025 ж.

    3.1. 01.09.2025 ж.

    3.2. 01.10.2025 ж.

    3.3. 30.12.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары

    (Н.Тұрашбеков)

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

    Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы

    Жетісай ауданының әкімдігі

    Бүгінгі таңда «ҚазСуШар» РМК ТФ және Жетісай ауданы әкімдігі тарапынан ағын су нысандарын табыстау және қабылдау комиссиясы құрылып, тисіті мамандармен біргелікте жұмыстар жүргізілді. Коммуналдық меншіктегі 113 дана каналдардың құжаттары «ҚазСуШар» РМК ТФ-на жеткізілді. Қабылдау комиссиясы тарапынан құжаттар егжей-тегжейлі қаралып, өткізу-қабылдау актісі жасалынды.

    Кәсіпкерлік саласы (фабрика салу)

    4.

    Мақта шикізатының бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан аумағынан тоқыма фабрикасын салу.

    Мақталы ауылдық округі Тың елді мекенінің тұрғыны А.Асанов

    Ауданда тоқыма фабрикасын салу бойынша ұсыныс енгізсін.

    10.04.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары (Н.Тұрашбеков)

    Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

    Жетісай ауданы әкімдігі

    Ауданда мақта кластерін дамыту мақсатында тоқыма фабрикасын салу жөнінде облыс әкіміне 20.03.2025 жылы шығыс №721 санды ұсыныс хат жолданды. Бүгінгі таңда отандық инвестор «TST JETYSAY TEXTILE» ЖШС жалпы құны 10,1 млрд. теңгеге мақта өңдеу зауыты мен жіп иіру фабрикасын салу жобаларын іске асыруды жоспарлаған. Құрылыс мерзімі 2026-2027 жылдары. Асықата кентіндегі индустриялық аймақтан 10 га жер телімі бөлінген. Бүгінгі таңға жоба иесі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынуда.

    Кәсіпкерлік саласы (индустриялық аймақ)

    5.

    Жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында индустриялдық аймақты құру.

    Асықата кентінің тұрғыны Т.Кенжебеков

    5. Индустриялдық аймақты құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.

    5.1. Инфрақұрылымды тарту үшін ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу.

    5.2. Индустриялдық аймаққа инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінімді беру.

    5.3. Инфрақұрылымның құрылыс жұмыстарын жүргізу.

    2025-2026 ж.ж.

    5.1. 01.08.2025 ж.

    5.2. 01.09.2025 ж.

    5.3. 30.12.2026 ж.

    Қаржы

    бөлінуіне қарай

    Облыс әкімінің орынбасарлары

    (З.Жолдасов,

    Н.Тұрашбеков)

    Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

    Жетісай ауданының әкімдігі

    «Жетісай» өңірлік маңызы бар индустриялық аймағын құру бойынша облыс әкімдігінің 12.02.2025 жылы №31 санды қаулысы қабылданып, индустриалдық аймақ құрылды. Аймақты инфрақұрылыммен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленіп (электрмен қамту – сметалық құны 79,3 млн. теңге және газбен қамту – сметалық құны 147,3 млн. теңге), мемлекеттік сараптама алынды. Қазіргі таңда аталған жобалардың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

    Білім саласы

    6.

    Жетісай ауданында жоспарланған 6 жайлы мектептің 3-і қашан салынады?

    Асықата кентінің тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты М.Ділдәбеков

    Ауданда 3 жайлы мектептің құрылысын жеке инвесторлар арқылы жүргізу бойынша ұсыныс енгізсін.

    10.04.2025 ж.

    Облыстық білім басқармасы

    Облыстық құрылыс басқармасы

    Жетісай ауданының әкімдігі

    Жетісай ауданында 6 «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 2 мектеп пайдалануға берілді, 1 мектептің құрылысы жүргізілуде, пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, қалған 3 мектеп Жетісай қаласынан 600 орындық, Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық, Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы бюджет тапшылығына байланысты жүргізілмейтін болды. Аталған мектептердің құрылысы жеке инвестор есебінен жүргізіледі, инвестор анықталды. Аудан әкімдігі тарапынан 08.07.2025 жылы №1724 санды ұсыныс хат облыстық білім басқармасына, 25.06.2025 жылы №1608 санды ұсыныс хат ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ жолданған. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың атынан мектептердің құрылысын тоқтату жөнінде облыс әкіміне қызметтік хат жолданған.

    Санитарлық тазалық мәселесі

    7.

    Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін ауылдық округтерге жаңадан техника берсеңіз.

    Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің тұрғыны Б.Омарбеков

    «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында техниканы алу бойынша жұмыстарды жүргізіп, аудандарға табыстау.

    01.06.2025 ж.

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары

    (З.Жолдасов)

    Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы

    Жетісай ауданының әкімдігі

    Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында 13 дана МТЗ-82 тракторы, 13 тіркеме және 3 дана жүк тиегіш ( погрузчик) алынды.

    Жүктеу
    Выполнение плана мероприятий по решению актуальных вопросов, поднятых жителями Жетысайского района на встрече с акимом Туркестанской области 13.03.2025 года
    DOC · 99 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы

    1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: