Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Мақтарал ауданы тұрғындарымен (13.03.2025 жыл) кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспарының орындалуы

    Түркістан облысының әкімдігі

    Қосымша №2

    Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Мақтарал ауданы тұрғындарымен (13.03.2025 жыл)
    кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспарының орындалуы

    Көтерілген мәселелер

    Шешу жолдары

    Шешу мерзімі

    Жауапты орындаушылар

    Аяқтау нысаны

    Орындалуы

    Жол саласы

    1.

    Мақтаарал ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар «Ташкент-Термез» бағытындағы
    М-39 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталған болатын. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

    Бірлік ауылдық округі тұрғыны А.Еркинов

    Республикалық маңызы бар «Ташкент-Термез» бағытындағы М-39 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарының мерзімінде сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.

    01.11.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов)

    «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ-нің Түркістан облыстық филиалы

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Мақтаарал ауданының әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасындағы туындаған сот дауына байланысты құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі болды. 15.08.2025 жылы қосымша келісім шарт түзілген.

    (Іс шараның орындау мерзімі 01.11.2025 ж.)

    Себебі, мердігер тарапынан («Максдорстройсервис-21» ЖШС) жұмыс кестесіне сәйкес, мерзімінде тиісті жұмыстар атқарылмауына байланысты келісім шарт бұзылып, сот процессі болып өткен. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін толық аяқталуы күтілуде.

    Анықтама үшін:

    Қазіргі таңда 349 550 м2 асфальт төселіп, жолдың ортаңғы бөлігіндегі 40 808 м ескі бордюрларды алынып, 40 551 м жаңа бордюрлар орнату жұмыстары жүргізілген. Нысанның аяқталуы 2026 жылдың шілде айына жоспарланған.

    Жолдың ұзындығы – 24,1 км, ені – 20 м. Келісім шарт құны - 3,0 млрд.теңге.

    Мердігер - «Максдорстройсервис-21» ЖШС, Техникалық қадағалаушы - «ARTERIA» ЖШС.

    Құрылыс саласы

    2.

    Ауданымызда бүгінгі күнге дейін ойын сауық және демалыс орындары жоқ. Аудан орталығындағы 2022 жылдан бері құрылысы созбалаңға салынған орталық саябақты реконструкциялау жұмыстары қашан аяқталады? Сізден өтініш соны тездетіп шешіп берсеңіз.

    Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Ердешев

    Орталық саябақты реконструкциялау жұмыстарын мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.

    30.08.2025 ж.

    Мақтаарал ауданының әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Ағымдағы жылы саябақтың құрылыс жұмыстарына 386,4 млн. теңге қаржы бөлініп, биыл қазан айының 23 жұлдызында халық игілігіне пайдалануға беріліп, ашылу салтанаты болып өтті.

    Анықтама үшін:

    Нысанның сметалық құны: 633,0 млн.тг.,

    Конкурстық құны: 596,4 млн.тг.

    Тапсырыс беруші: «Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-сі.

    2022 ж. ОБ - 10,0 млн.тг;

    2023 ж. - қаржы қаралмаған;

    2024 ж. ОБ - 200,0 млн. тг. бөлінді.

    2025 ж. ОБ есебінен 386,4 млн.тг қалдық соммасы толығымен қаралған.

    Нысанның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.

    Білім саласы

    3.

    Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі аумағынан салынуы жоспарланған жайлы мектептің қажеттілігі жоқ. Себебі жанындағы мектепің балдары барлығы сол мектепке ауысып кетіп, ауылдағы қалған мектептер оқушысыз бос қалады.

    Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі тұрғыны Қ.Жораев

    Мектептің қажеттілігі бойынша зерделеу жұмыстары қайта жүргізіліп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізсін.

    10.04.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)

    Облыстық білім басқармасы

    Мақтаарал ауданының әкімдігі

    Ұсыныс енгізу

    Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы ауылында 2108 халық мекендейді (оның ішінде 0-5 жас аралығында-301, 6-17 жас аралығында - 569 бала).

    Аталған елді мекенде, 1974 жылы жобалық қуаттылығы 536 орынға арналып салынған «Ы.Алтынсарин атындағы №26 жалпы білім беретін мектебі» жұмыс істейді.
    Бүгінгі таңда 379 оқушы білім алуда (2 ауысымда 1000 оқушы білім алуға мүмкіндігі бар). Аталған елді мекеннен бүгінгі таңда оқушы орын тапшылығы болмауына байланысты «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасымен жоспарланған 300 орындық мектеп құрылысын салуға қажеттілік жоқ екендігі туралы облыс әкімі Н.Көшеров атына облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев тарапынан 02.05.2025 жылы №25-347-Қ/х ұсыныс хат енгізілген.

    4.

    Қазіргі таңда, ата-аналар өз балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында балаларын бірнеше үйірмеге жазып жатады.

    Ауданда «Оқушылар сарайы» аса қажет. Себебі, әр үйірмеге бала өз қабілетін дамытуға және мектепте алған білімін жетілдіруге, болашақта мамандық таңдауда адаспауға көмектеседі.

    Сондықтан біздің ауданға «Оқушылар сарайы» ғимаратын салуға ықпал жасауыңызды сұраймын.

    Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы С.Оңғаров

    «Оқушылар сарайы» ғимаратының құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізсін.

    01.10.2026.

    Қаржы бөлінуіне қарай

    Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)

    Облыстық құрылыс басқармасы

    Облыстық білім басқармасы

    Мақтаарал ауданының әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Мырзакент кентінде орналасқан «С. Рахымов атындағы №4 мектеп» аумағынан типтік үлгідегі 300 орындық «Оқушылар сарайы» ғимаратының құрылысы үшін жалпы көлемі 0,57 га жер телімі бөлінді. Нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, конкурстық құны 2,1 млрд теңгені құрады.

    2025 жылы құрылыс жұмыстарын бастау мақсатында облыстық бюджеттен 200,0 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен мердігер ұйым ретінде «Vek-Stroy-Com» ЖШС анықталды.

    Аталған кезеңде келесі құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды:

    · Қазан шұңқыр қазу жұмыстары – 100%;

    · Іргетасқа жастықша салу – 100%;

    · Іргетас құрылысы – 100%;

    · 1-қабат колонналары – 100%;

    · 1-қабат ригельдері – 100%;

    · Құймалы жабын плитасы – 100%;

    Қыш қалау жұмыстары – 30%.

    2026 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін облыстық бюджет есебінен қосымша 600,0 млн теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

    Қазіргі таңда орындалған жұмыстар:

    · Жер жұмыстары – 100%.

    · Іргетастың бетон жұмыстары – 100%.

    · 1-қабат бағаналары мен жабындарының бетон жұмыстары – 100%.

    · 2-қабат бағаналары мен жабындарының бетон жұмыстары – 100%.

    · Сыртқы қабырғаларды қалау – 85%.

    · Жабын плитасы – 100%.

    · Ішкі қалқалар – 90%.

    · Электр жұмыстары – 70%.

    · Шатыр жабу жұмыстары – 65%.

    КТП – 100%.

    Қалған 1.3 млрд теңге қаржы қаралған жағдайда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың 01 қазанына аяқталады.

    Мәдениет саласы

    5.

    2024 жылдан бері құрылысы жалғасып келе жатқан Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекеніндегі және Достық ауылдық округі, Қалшораев елді мекеніндегі мәдениет үйлерінің құрылысы қашан аяқталады, биыл ел игілігіне беріледі ма, жоқ па?

    Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі тұрғыны Қ.Жораев

    Мәдениет үйлерінің құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес сапалы әрі мерзімінде аяқтасын.

    01.10.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары (Е.Алтаев)

    Облыстық құрылыс басқармасы

    Облыстық мәдениет басқармасы

    Мақтаарал ауданының әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    1. «Мақтаарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекенінен мәдениет үйі және кітапхана құрылысы»

    Тапсырыс беруші мекеме:«Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ;

    Конкурстық құны794 002,7 мың теңге.

    "Ауыл-Ел Бесігі" бағдарламасы аясында 2024 жылға 2 02 000,0 мың теңге, 2025 жылы 592 002,0 мың теңге, қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен100% аяқталған.

    Ынталы е.м. мәдениет үйін адағы күндері облыс әкімінің қатысуымен ашу жоспарлануда.

    2. «Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округі, Ж.Қалшораев елді мекенінен мәдениет үйі және кітапхана құрылысы»

    Тапсырыс беруші мекеме:«Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ;

    Конкурстық құны743 563,8 мың теңге.

    "Ауыл-Ел Бесігі" бағдарламасы аясында 2024 жылға 2 00 000,0 мың теңге қаржы қаралып маусым айында құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. 2025 жылға қалған 543 563,8 мың теңге қаржысы толық қаралып, ағымдағы жылдың 17-ші қыркүйек айында нысанның ашылу рәсімі салтанатты түрде атап өтіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді.

    Ауыз су мәселесі

    6.

    Жаңа жол а/о қарасты Ақжол, Арайлы елді мекендері, Мақтарал а/о Игілік елді мекені және Мырзакент кентіндегі Мәдіходжаев көшесіндегі ауыз су құбырларының әбден тозығы жеткен. Жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі? және аталған жобаға қаржысын тездетіп бөліп беруге ықпал жасасаңыз.

    Мырзакент кенті тұрғыны Е.Қазыбеков

    6. Тозығы жеткен ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізсін.

    6.1. Құрылысын жүргізу үшін республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

    6.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

    2025-2026 ж.ж.

    01.05.2025 ж.

    2025-2026 ж.ж.

    Қаржы бөлінуіне қарай

    Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов)

    Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Мақтаарал ауданының әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    2025 жылға Ақжол және Игілік елді мекеніне аудандық бюджеттен құрылысын жұмыстарын бастау үшін 357,4 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары басталған болатын.

    2026 жылға облыстық бюджеттен ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары бойынша Арайлы елді мекеніне 450,0млн. теңге және Мырзакент кентіндегі Т.Мәдіходжаев көшесіндегі на 150,0млн. теңге. қаржы қаралды.

    Қазіргі уақытта аталған қаражат есебінен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қалған қажетті 1,9 млрд теңге Р.Б дан бөлінген жағдайда, нысандар құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылы толық аяқталатын болады.

    Ақжол е.м бойынша
    2 резервуар (250м3), 25 м3 су мұнарасы, 2 ұңғыма және қоршау жұмыстары жүргізілді;

    Игілік е.м бойынша
    2 резервуар (250м3), 2 ұңғыма және қоршау жұмыстары жүргізілді;

    Мадіходжаев көшесі бойынша 2 ұңғыма қазылып, ескі ауыз су құбырларына демонтаждау жұмыстары жүргізілді;

    Арайлы е.м бойынша 2 ұңғыма бұрғыланып 6 шақырым су құбыры салынып құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.

    Спорт саласы

    7.

    Құрметті Нұралхан Оралбайұлы! Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында әр ауылдық округтердің орталықтарынан спорт кешендері салынып берілсе дұрыс болар еді.

    Атакент кенті тұрғыны Е.Мамасарипов

    Спорт кешендерін салу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу.

    Тұрақты

    Облыс әкімінің орынбасары (Е.Алтаев)

    Дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Мақтаарал ауданының әкімдігі

    Түсіндіру

    Аудан аумағында 2 кент (Мырзакент, Атакент) және 2 ауылдық округтердің орталықтарында (Достық, Өркениет елді мекендері) спорт кешендері жұмыс жасауда.

    Бүгінгі таңда, Нұрлыбаев ауылдық округінің орталығы Ынталы елді мекенінде 150 орынға арналған типтік үлгідегі мәдениет үйі, кітапхана және кіші спорт залы бар нысаны ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсырылады деп жоспарлап отырмыз.

    Сұрақ қоюшы Е.Мамасариповке жазбаша жауап берілген.

    Анықтама үшін:

    5 ауылдық окуругтерінің орталық елді мекендерінен (Достық, Еңбекші, Иіржар, Бірлік, Жамбыл) спорт кешенін салу үшін ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.

    Қалған А.Қалыбеков, Жаңажол ауылдық округтері орталығынан спорт кешендерін салу үшін жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

    Қосымша №3

    Облысы әкімінің 2025 жылы Мақтаарал ауданы тұрғындарымен кездесулерінде көтерілген мәселелер бойынша орындалмаған тапсырмалар туралы

    МӘЛІМЕТ

    Іс-шара атауы

    Жауаптылар

    Орындалуы

    Ескертпе

    Орындалу мерзімі келген, алайда, шешімін таппаған 1 мәселе

    Мақтаарал-1.

    Мақтаарал ауданы - 1

    1.

    Мақтаарал ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар «Ташкент-Термез» бағытындағы
    М-39 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталған болатын. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

    Бірлік ауылдық округі тұрғыны А.Еркинов

    Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов)

    «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ-нің Түркістан облыстық филиалы

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Мақтаарал ауданының әкімдігі

    Тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасындағы туындаған сот дауына байланысты құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі болды. 15.08.2025 жылы қосымша келісім шарт түзілген.

    (Іс шараның орындау мерзімі 01.11.2025 ж.)

    Себебі, мердігер тарапынан («Максдорстройсервис-21» ЖШС) жұмыс кестесіне сәйкес, мерзімінде тиісті жұмыстар атқарылмауына байланысты келісім шарт бұзылып, сот процессі болып өткен. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін толық аяқталуы күтілуде.

    Анықтама үшін:

    Қазіргі таңда 349 550 м2 асфальт төселіп, жолдың ортаңғы бөлігіндегі 40 808 м ескі бордюрларды алынып, 40 551 м жаңа бордюрлар орнату жұмыстары жүргізілген. Нысанның аяқталуы 2026 жылдың шілде айына жоспарланған.

    Жолдың ұзындығы – 24,1 км, ені – 20 м. Келісім шарт құны - 3,0 млрд.теңге.

    Мердігер - «Максдорстройсервис-21» ЖШС, Техникалық қадағалаушы - «ARTERIA» ЖШС.

    Тапсырма мерзімінде 01.11.2025 ж. аяқталмай отыр.

    Жүктеу
    Исполнение плана мероприятий по актуальным вопросам, поднятым на встрече акима Туркестанской области Н. Кушерова с жителями Мактааральского района (13.03.2025 года)
    DOCX · 41 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы

    1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: