Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі №38-2 «Жәнібек ауданы әкімдігінің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысын ескере отырып Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі №38-2 «Жәнібек ауданы әкімдігінің құрамы туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілуіне келісім берілсін:
- Жәнібек ауданы әкімдігінің құрамынан Шарафутдинов Бекежан Биболатович шығарылып, орнына Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы Садырбаев Нурболат Мухтарович енгізілсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов