Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №43-2 «2026-2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №43-2 «2026–2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
- 2026-2028 жылдарға арналған Борсы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 43 639 мың теңге:
салықтық түсімдер – 5 649 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 53 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 37 937 мың теңге;
2) шығындар – 47681 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 042 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
4 042 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4 042 мың теңге.
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов