ркістан облысы әкімінің Арыс қаласы тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелердің орындалуы туралы МӘЛІМЕТ

    Түркістан облысының әкімдігі

    Көтерілген мәселе

    Шешу жолдары

    Шешу мерзімі

    Жауапты орындаушы

    лар

    Аяқтау нысаны

    Орындалуы

    Автомобиль жолдары мәселесі

    1.

    Қожатоғай ауылындағы Исабек қожа мен Жаңа көшелерінің жолдарына асфальт салу мәселесі.

    Қожатоғай елді мекенінің тұрғыны Әженов Айнабек

    «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасына енгізілген Қожатоғай елді мекенінің Исабек қожа мен Жаңа көшелерін орташа жөндеу және Елекеев, Есқожа, Майлықожа көшелеріне аяқжол салу жұмыстарын мерзімінде жүргізу.

    30.09.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

    Облыстық бюджеттен 145,6 млн теңге қаржы қаралып, Қожатоғай елді мекенінің 5 көшесіне орташа жөндеу жоспарланып, «Жоғарғы Санат Құрылыс» ЖШС мердігер мекеме 1,81 шқ жолды орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады.

    Электр жарығымен қамтамасыз ету мәселесі

    2.

    Қаладағы Отырар, Самал, Көктем тұрғын аудандарындағы үйлердің электр жарығын ретке келтіру мәселесі.

    Арыс қаласының тұрғыны Кенжебек Батыр

    Арыс қаласындағы Отырар, Самал, Көктем тұрғын аудандары мен Байырқұм, Жиделі және Аққала елді мекендерінің электр жарығы желілері мен электр трансформаторларын жөндеу жұмыстарын жүргізу.

    30.09.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

    Жоба құны - 49,9 млн теңге. Қаржыландыру жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттен 2025 жылға 20,0 млн теңге қаржы қаралды, қалған 29,9 млн теңге 2026 жылға өтпелі. «Бірлік дос құрылыс» ЖШС тарапынан 75 дана электр бағаналары орнатылып, 5 КТПН ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 1 КТПН толық ауыстырылды және 3 шқ электр желісі тартылды. Ағымдағы жылы қалған қаржы қаралды, орнату жұмыстары басталатын болады.

    Табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі

    3.

    Байырқұм, Жиделі, Көкжиде елді мекендері тұрғындарына табиғи газ беру мәселесі.

    Байырқұм елді мекенінің тұрғыны

    Сақ Жасан

    Байырқұм, Жиделі және Көкжиде елді мекендерін табиғи газбен толық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.

    01.10.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

    Байырқұм мен Көкжиде, Жиделі елді мекендері 2025 жылдың тамыз айында табиғи газға толық қосылды. Көкжиде елді мекені https://www.instagram.com/reel/DLcE9FmM_gN/?igsh=MTZobXZzZWp6YnNwMQ==

    Байырұм елді мекені

    https://www.instagram.com/p/DJG-6zvIkDP/?igsh=cDhsbjZqNWw1NTZy

    Жиделі елді мекені

    https://www.instagram.com/p/DMz8T_1ogSd/?igsh=NHpmdGxyY2xzZ2E4

    4.

    Арыс қаласы орталығындағы тұрғын үйлерді табиғи газға қосу мәселесі.

    Арыс қаласының тұрғындары

    Рысбаев Жақсылық,

    Мырзахметов Лесбек,

    Мухамедова Хадиша,

    Қазбекова Патима,

    Ағманов Серікбай.

    Арыс қаласы орталығындағы тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау.

    01.10.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

    Қала орталығындағы тұрғын үйлерге табиғи газ №4 және №5 ГРП пункттерінен 100 пайыз берілді.

    https://www.instagram.com/p/DHX0i_-ow67/?igsh=MW1yN2pvaTYwZjZ2OQ==

    Жарықтандыру мәселесі

    5.

    Дермене ауылындағы Әдіходжаев, Думан көшелеріне жарық жүргізу мәселесі.

    Дермене елді мекенінің тұрғыны

    Дүкенбаев Серік

    Дермене елді мекенінің Әдіходжаев, Думан көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.

    31.07.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

    Жергілікті бюджеттен 8,4 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер ЖК «Қаржауов» Дермене елді мекенінің 1,6 шақырым болатын Б.Әдіходжаев көшесі мен Думан көшесін жарықтандыру жұмыстарын жүргізді.

    Су тасқыны мәселесі

    6.

    Қожатоғай мен Байтоғай елді мекендерінің арасындағы жолға жауын мен еріген қар суының ағуына арналған құбыр орнату мәселесі.

    Қожатоғай елді мекенінің тұрғыны Маженов Лесхан

    Қожатоғай ауылдық округінің Қожатоғай мен Байтоғай елді мекендерінің арасындағы аудандық маңызы бар жолға орнатылған құбырдың ағын су өткізу қабілетін үлкейту (2х4 метр тюбинг орнату) бойынша жұмыс жүргізу.

    30.06.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

    Жергілікті бюджет есебінен 13,0 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме "J-BARS" ЖШС Қожатоғай ауылдық округінің Қожатоғай және Байтоғай елді мекендері арасындағы жолда орнатылған 9 метр құбыр ағынының өткізу қабілетін арттыру жұмыстарын жүргізді.

    Денсаулық сақтау мәселесі

    7.

    Қаладан оңалту орталығын ашу мәселесі.

    Арыс қаласының тұрғыны

    Тұрғанбаева Сәулекүл

    Арыс қаласындағы орталық аурухана ғимаратынан оңалту орталығын ашу жұмыстарын жүргізу.

    31.08.2025 ж.

    Облыстық денсаулық сақтау

    басқармасы

    Арыс қаласының әкімдігі

    Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

    Арыс аудандық орталық ауруханасында 10 төсек-орындық оңалту бөлімшесі ашылды. Оңалту бөлімшесінде

    жөндеу жұмыстары жүргізілді және медициналық мамандар оқытылып, медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған.

    8.

    Қаладан жаңа емхана салу мәселесі.

    Арыс қаласының тұрғыны

    Рысбаев Жақсылық

    Арыс қаласынан жаңа емхана құрылысын салу бойынша жұмыс жүргізу.

    30.10.2027 ж.

    Облыстық денсаулық сақтау

    басқармасы

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Облыстық құрылыс басқармасы

    Арыс қаласының әкімдігі

    Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

    Арыс қаласындағы емхана ғимараттарының тозуына, емхана қуаттылығы мен ғимараттың уақыт талабына сай келмеуіне байланысты ауысымына 500 науқас қабылдайтын заманауи жаңа емхана салу тиімді деп жоспарланған. Қала аумағынан 2,5 га жер бөлініп, жобалау-сметалық құжаттамасы (ары қарай –ЖСҚ) 2021 жылы дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Жоба құны 3,2 млрд теңгені құрады. Тапсырыс беруші «Түркістан облысы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қаржы бөлу туралы өтінім берілген. Алайда, ЖСҚ мерзімінің уақыты аяқталған (28.07.2024 ж). Сол себепті ЖСҚ-сын жаңартып, құрылысына қаржы бөлуге ықпал жасау бойынша Арыс аудандық орталық аурухана тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасына 09.04.2025 ж. №775 және 25.04.2025 ж. №835 ұсыныс хаттар жолданды. Сәйкесінше облыстық денсаулық сақтау

    басқармасы жобаның тапсырыс берушісі облыстық құрылыс басқармасына ЖСҚ-ға қайта есептеу жүргізуге ықпал жасауы бойынша 14.11.2024 жылғы шығыс №21/5035 хат жолдаған. ДСМ 2026-2028 жылдар аралығындағы бағдарламалық жобаға емхана құрылысы тізімге енгізілген. 2026 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы жобаның тапсырыс берушісі облыстық құрылыс басқармасы тарапынан ЖСҚ-ға қайта есептеу жұмысын жүргізіп, 2027-2028 жылдары құрылысын жүргізу жоспарлануда.

    Абаттандыру мәселесі

    9.

    Абдразақов көшесінде орналасқан №45, 47, 49 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшалары орнату мәселесі.

    Арыс қаласының тұрғыны

    Сәрсенбай Айнұр

    Арыс қаласындағы Абдразақов көшесінде орналасқан №45, 47, 49 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу.

    01.09.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

    Арыс қаласы, Абдразақов көшесінде орналасқан 5 қабатты 60 пәтерлі №45, 47, 49 тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшаларын орнату жұмыстары бойынша мердігер мекеме «BEREKE SE» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Құны - 55,7 млн теңге. 2026 жылға 30% қаржы қаралған, шілде айында жұмыстар басталады.

    10.

    Ардагер көшесіндегі №106 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетін жөндеп, ретке келтіру мәселесі.

    Арыс қаласының тұрғыны

    Намиәлиева Гүлнұр

    Ардагер көшесіндегі №104, 105, 106 көпқабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

    01.10.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

    Арыс қаласы, Ардагер көшесінде орналасқан 3 қабатты 36 пәтерлі №104, 105, 106 тұрғын үйлердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 40,4 млн теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «Chance» ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтады.

    Өзге мәселелер

    11.

    Арыс қаласының Е.Ахметов көшесі мен М.Мақатаев көшесі арасындағы теміржол өткеліне автокөліктерге арналған аспалы көпір салу мәселесі.

    Арыс қаласының тұрғыны

    Еркеев Жаңабай

    Арыс қаласындағы Е.Ахметов көшесі мен М.Мақатаев көшесі арасындағы теміржол өткеліне аспалы көпір салу тиімділігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу.

    19.09.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Ұсыныс енгізу.

    Арыс қаласының «Оңтүстік» тұрғын ауданында (3215 км пк 7) темір жол өткелі орналасқан. Бұл өткел Арыс қаласынан Шардара, Сарыағаш аудандарына шығатын жалғыз жол болуда. ( бірінші көпір 1904 жылы, екінші көпір
    1978 жылы салынған
    ). Бүгінгі таңда көлік ағымы сағатына 200 автокөлікті құрайды. Өткелдің ені - 3,5 метр, автокөліктердің қарама-қарсы жүруіне
    ыңғайластырылмаған.
    2019 жылы Арыс қаласында техногендік төтенше жағдай орын алып, эвакуациялық жұмыстары жүргізілген уақытта автокөліктердің жүруіне кедергі болып, үлкен көлік кептелісі орын алған. Халықтың 40% темір жол өткелінен кейінгі қаланың екінші бөлігінде
    қоныстанған. Өткелдің тозығы жеткендіктен қайта құруды қажет етеді.
    Аспалы көпір салу жұмыстарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп,
    нәтижесінде айналма жол мен аспалы көпір құрылысы жобамен 25,0 млрд теңгеге жуық қаржыны қажет ететіндіктен, аспалы көпір
    құрылысы жұмыстарын іске асыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз екені
    анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы өткелді реконструкция жолымен тоннель жасау ұсынылды. Алайда, темір жол өткелі «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының теңгерімінде болуына байланысты жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге мүмкіндік болмауда.
    «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы басшылығына аталған жұмыстарды жүргізуге қолдау көрсету бойынша хат жолданды. Нәтижесі күтілуде. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыруға қолдау көрсету сұралып, облыс әкіміне 19.09.2025 ж. №40-01-01/3002 хат жолданды.

    12.

    13.

    1. Жергілікті ардагерлердің қаладағы шипажайда ем алу мәселесі.

    2. Beeline байланысы мен интернет жылдамдығын ретке келтіру мәселесі.

    Жиделі елді мекенінің тұрғыны

    Беков Сабырхан

    1. Арыс қаласы ардагерлерінің қаладағы шипажайда ем алу мүмкіндігін қарастыру.

    29.03.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

    Жиделі елді мекенінің тұрғыны С.Бековке Абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар электронды цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып әлеуметтік қызметтер порталында ұсынылған Қазақстан Республикасының кез-келген аумағынан санаторий-курорттық ұйымды және бару мерзімін таңдап, шипажайға жолдана алатыны туралы 18.04.2025 жылы №40-01-01/1239 жауап хат жолданып, аталған бағдарламаға сәйкес, жергілікті Арыс-шипажайына тек мүгедектігі бар адамдар ғана жолдана алатыны туралы түсіндірілген. Соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне және зейнеткерлерге «Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының тарапынан басқармаға қарасты «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» шипажайларына Арыс қаласына жылына 320 жолдама берілген.

    Жергілікті бюджеттен мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес конкурс жарияланып, нәтижесінде «Денсаулық» шипажайы жеңімпаз атанған. Сол себепті зейнеткер ретінде «Денсаулық» шипажайына бару мүмкіндігі бар екендігі туралы С.Бековке қосымша 19.06.2025 ж. №40-01-01/1890 хатпен хабарланды.

    2. Жиделі елді мекеніндегі ұялы байланыс арнасы мен интернет жүйесіне тиісті операторлармен бірлесіп зерделеу жүргізіп, интернет жылдамдығын ретке келтіру.

    19.04.2025 ж.

    Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

    Арыс қаласының әкімдігі

    Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұсыну

    Жиделі елді мекеніндегі ұялы байланыс арнасы мен интернет желісіне «Картел» ЖШС қызметкерлері ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде анықталған кемшіліктер ретке келтіріліп, қазіргі таңда байланыс арнасы мен интернет желісі қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда.

    14.

    Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу мәселесі.

    Арыс қаласының тұрғыны

    Ағманов Серікбай.

    Арыс қаласындағы тұрғын үй құрылысына жер учаскесін бөлу мәселесі бойынша заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    29.03.2025 ж.

    Арыс қаласының әкімдігі

    Заңға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу

    С.Ағманов 07.08.2018 жылғы №ЖТА-541 санды өтінішпен тіркелген. Қазіргі таңда 1895 - кезекте тұр. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және басқа да құқықтық нормативтік актілерге сәйкес инфрақұрылым бойынша жұмыстар жүргізілген жағдайда, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін пайдалануға беруге болатындығы түсіндірілді.

    Жүктеу
    Информация об исполнении актуальных вопросов, поднятых на встрече акима Туркестанской области с населением г. Арыс
    DOCX · 33 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы

    1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: