«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы

    Жаңаөзен қаласының әкімдігі

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуғаЖаңаөзен қаласыәкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы

    Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

    E-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

    Санаты

    Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

    min

    max

    E-3

    263 131

    302 255

    «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат,2қабат, 202 бөлме, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: m.ismagambetova@mangystau.gov.kz , «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс жариялайды:

    «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңтерроризмге қарсы комиссиясы бойынша бас инспекторы, Е-3, 1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

    Терроризмге қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалысын, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламамен және стратегиялық бағдарламамен жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Жаңаөзен қаласы және іргелес ауылдар бойынша террористік қатерлер мен көріністерге, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайға әсер ететін діни және қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізеді, ахуалды бағалайды, ақпаратты талдайды, дер кезінде қала әкіміне, жетекшілік ететін орынбасарға жағдайды баяндайды.

    Террористік тұрғыдан осал объектілердің жағдайына мониторинг жүргізеді, ұсыныс енгізеді.

    Қалалық терроризмге қарсы комиссияға және қала әкімдігі жанындағы жедел штабқа хатшылық етеді. Терроризмге қарсы комиссия және штаб отырысына толыққанды және сапалы материалдардың дайындалуын қамтамасыз етеді, комиссия және штаб отырыстарына материалдар даярлайды, шешімдердің жобаларын әзірлейді, комиссия және штаб отырыстарының хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қойылған күннен бастап уақытылы мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларға жолдануын қамтамасыз етеді. Хаттамалардың орындалысын бақылауға алады.

    Терроризмге қарсы комиссияның қызметіне қатысты жоспарлардың, бағдарламалардың, нұсқаулықтардың, әдістемелік ұсынымдардың және өзге де құжаттардың жобаларын әзірлейді.

    Терроризмге қарсы өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысады.

    Маңғыстау облысы әкімінің аппараты жанындағы терроризмге қарсы комиссиясымен іс-қимыл жасайды.

    Облыстық Терроризмге қарсы комиссияға хаттамалық тапсырмалардың орындалысы туралы, деструктивті діни ағымдағы мүшелермен атқарылған жұмыстар туралы есептерді, ақпараттарды, анықтамаларды жоспарлы түрде жолдайды.

    3.10. Діни экстремизмнің алдын алу бағытында жауапты мемлекеттік органдармен іс-шаралар жүргізеді.

    «Қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өзара іс-қимыл жасайды.

    Жастар ортасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша кеңестерге, талқылауларға қатысады және ұсыныстар енгізеді.

    Теолог мамандармен деструктивті діни ағым мүшелерімен кездесулерін өткізуге атсалысады, тиісті мемлекеттік орган арқылы олардың келулерін қамтамасыз етеді. Деструктивті діни ағым мүшелері өзге өңірлерге қоныс аударған жағдайда жоғары атқарушы органдарға хат жолдап жедел шараларды қабылдайды. Деструктивті діни ағым мүшелеріне қатысты қала басшылығынан, орынбасарларынан, мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен тапсырмаларды орындайды, есеп береді.

    Қаладағы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға әсер ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасаудың, бағалаудың және болжаудың нәтижелері бойынша мәліметтерді жинайды және жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүргізілген мониторингтің қорытындысы туралы анықтама ұсынады.

    Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту бойынша жай-күйді зерделейді, проблемаларды талдайды, іс-шараларды жүргізу туралы ұсыныстарды әзірлейді және жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының қарауына тиісті ұсыныстарын енгізеді.

    Өндірістік кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, ондағы діни ахуалға мониторинг жүргізеді. Қорытындысы туралы ақпаратты жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына ұсынады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылық комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқық бұзушылық профилактикасы іс-шаралары жоспарларын жасақтайды және алдын-алу шараларын ұйымдастырады.

    Жұмысына қатысты ағымдағы мәселелер бойынша құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындайды.

    Жұмысына қатысты іс қағаздарын жүргізеді.

    Орындауға берілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және т.б. уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

    Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын сақтайды.

    Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Қалалық терроризмге қарсы комиссиясын және қала әкімдігі жанындағы жедел штаб отырысын ұйымдастырады және хатшылық етеді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

    Бизнес, басқару және құқық (құқық), Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық қауіпсіздік), Педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау), Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік), Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар), Өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар).

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

    2)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

    Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

    Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

    Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

    Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

    Әрбiр кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

    Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

    Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

    Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

    Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

    Шағым жасау тәртiбi:

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

    Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

    «Б» корпусының мемлекеттік

    әкімшілік лауазымына

    орналасуға конкурс өткізу

    қағидаларының

    2-қосымшасы

    Нысан

    ____________________________________________
    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

    Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

    Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

    Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

    Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

    (иә/жоқ)

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    Мекенжайы: ______________________

    Байланыс телефондары: ________________

    e-mail: ______________________

    ЖСН: ______________________

    _________ ________________________________________

    (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    20 __ ж. "___"_______________

    Жүктеу
    Объявление акимата города Жанаозен о проведении внутреннего конкурса на занятие вакантной административной государственной должности корпуса» Б"
    Объявление акимата города Жанаозен о проведении внутреннего конкурса на занятие вакантной административной государственной должности корпуса» Б"
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар № р/с Елді мекеннің атауы Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін канди...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Жаңаөзенқаласы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Ел­ді ме­кен­нің ата­уы Үгіт­тік бас­па ма­те­ри­ал­да­рын ор­на­ла­сты­ру үшін орын­дар 1 Жа­ңа­ө­зен қа­ла­сы «Өр­к...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы әкімінің ХАБАРЫ

    Жаңаөзен қаласы әкімінің ХАБАРЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласының сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері және...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласының учаскелік сайлау ком...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

    Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясының Х А Б А Р Ы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Үкімет Қаулысы

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы 2026 жылғы 01 шілде Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республ...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда:12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеденасты. 12 айдағы өсім – 4,3...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қам...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды: