2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін 11,15 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс алынды

    Жаңаөзен қаласының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін11,15 трлн теңгеден астам инвестициялықкіріс алынды

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) бастап жинақталған ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық табыс 11,15 трлн теңгеден асты. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүргізілген төлемдер есебімен бірге 41,4% құрайды, бұл инвестициялық кірістің азаматтардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына елеулі үлесін растайды.

    ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың шілдесінен бастап 2026 жылдың маусымына дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,51 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 10,29% болды.

    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 122,77 млрд теңгені құрады, кірістілік 16,84%.

    Еске сала кетейік, зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.

    1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 995,04% инфляция кезінде 1 109,05% құрады.

    Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.

    Бұл ретте салымшылар ИПБ жұмыс істейтін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдай алады:

    • жасына қарамастан барлық салымшыларға сәйкес келетін Ki (12) портфелі. Ол бойынша ең төменгі кірістілік деңгейі соңғы 12 айда бағаланады;
    • Ki (36) портфелі, ол зейнетке шыққанға дейін кемінде 3 жыл қалғандарға арналған. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі 36 айдың қорытындысы бойынша бағаланады;
    • ұзақ мерзімді көкжиегі (зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан астам) бар салымшыларға арналған Ki (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік деңгейі 60 ай ішінде анықталады.

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы ( www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады.

    Жүктеу
    Более 11,15 трлн теңге инвестиционного дохода заработано для вкладчиков ЕНПФ с 2014 года
    Более 11,15 трлн теңге инвестиционного дохода заработано для вкладчиков ЕНПФ с 2014 года
    DOCX · 63 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы бойынша тіркеусіз азаматтарды дауыс беру күні тіркеуге арналған сайлау учаскелері туралы мәлімет

    Жаңаөзен қаласы бойынша тіркеусіз азаматтарды дауыс беру күні тіркеуге арналған сайлау учаскелері туралы мәлімет № р/с Облыс атауы/ республикалық маңызы бар қала Облыс орталығы/ республикалық маңызы бар қала, аудан Сайл...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша дауыс беру күні азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру бойынша сервис орнатылған сайлау учаскелері туралы мәліметтер

    Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша дауыс беру күні азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркелуін тексеру бойынша сервис орнатылған сайлау учаскелері туралы мәліметтер № п/п Облысы Сайлау учас...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары Құрметті сайлаушылар! 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді. ҮЕҰ үшін сыйлықақ...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Лот «Өркен», «Самал», «Көктем», «Шаңырақ», «Шұғыла», «Ақбұлақ» шағынаудандары бойынша Жаңаөзен қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау жөнінде ХАБАРЛАМА

    Лот «Өркен», «Самал», «Көктем», «Шаңырақ», «Шұғыла», «Ақбұлақ» шағынаудандары бойынша Жаңаөзен қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыл...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар № р/с Елді мекеннің атауы Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін канди...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Жаңаөзенқаласы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Ел­ді ме­кен­нің ата­уы Үгіт­тік бас­па ма­те­ри­ал­да­рын ор­на­ла­сты­ру үшін орын­дар 1 Жа­ңа­ө­зен қа­ла­сы «Өр­к...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жаңаөзен қаласы әкімінің ХАБАРЫ

    Жаңаөзен қаласы әкімінің ХАБАРЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласының сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері және...

    Жаңаөзен қаласының әкімдігіЖарияланды: