№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтаунысаны |
Орындалуы |
Ауыл шаруашылығы саласы | ||||||
1 |
«Д.Алтынбеков» каналын бетондау туралы. Шәуілдір ауылының тұрғыны Жаймурзаев Әбдіхалық Нұрмаханұлы |
Д.Алтынбеков каналын бетондау мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж |
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы (келісімі бойынша) Ауыл шаруашылығы басқармасы |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Д.Алтынбеков каналын бетондау үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, 31.07.2024 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынған (жоба құны 2163,8 млн тг, 10,8 шақырым). Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме «Ақ Ордасы» ЖШС анықталған. Қазіргі таңда жер тегістеу және құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау мерзімі:01.08.2027 жыл. Облыс әкімі Н.Көшеровке орындау мерзімін 31.11.2026 жылға ұзарту жөнінде 13.11.2025 жылы №40-10-01/2675 санды қызметтік жазба енгізілген. |
2 |
Маяқұм каналына бас тоспа орнату және бетондау туралы. Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы, Маяқұм ауылының тұрғыны Базарбай Мұрат Сентірханұлы |
Маяқұм каналына бас тоспа орнату және бетондау мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарын жүргізу |
30.10.2025 ж. |
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы (келісімі бойынша) Ауыл шаруашылығы басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында демеушілер есебінен Маяқұм каналына бас тоспа жөнделіп, 19 шақырым каналған механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. |
3 |
Инвестор есебінен мақта егілген жерлерді зерделеу жасау үшін қоғамдық ұйым құрып, жердің агротехникалық құрамына жылына екі рет сараптама жүргізу. Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Пайдаланылған жердің жай-күйіне және топырақтың құрамына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сараптама қорытындысын алу. |
30.10.2025 ж. |
Ауыл шаруашылығы басқармасы «Turkistan» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша) |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
03.10.2025 жылы «Ө.О.Оспанов атындағы қазақ топырақтану және аргохимия ғылыми зерттеу интитуты» ЖШС-мен Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округіне қарасты 12500 гектар жердің құрамына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынды . |
4 |
Аудан аумағындағы ыза суды азайту үшін тік дренаж салу туралы. Көксарай ауылының тумасы Сыздықов Бейбіт Шалдарұлы |
Аудан көлеміндегі ыза суды төмендету мақсатында толық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс енгізу. |
25.04.2025 ж. |
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы (келісімі бойынша) Отырар ауданының әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Ыза су шығу аймақтары негізінен Шәуілдір ауылының «Алтынбеков» және «Кенжалиев» каналдары бойында орын алуда. 2018 жылы «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі 12 бірлік тік дрендер жүйесін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, ұсыныс берілген. Алайда, сол кезеңде қаржы қарастырылмауына байланысты жоба іске асырылмай қалған. Осыған орай, тік дрендер жүйесін қалпына келтіру үшін «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қ.Бедебаевқа 30.04.2025 жылы №40-10-01/1172 ұсыныс хат жолданып, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан Шәуілдір ауылдық округіндегі 12 бірлік тік дренажды ұнғымалар «Ислам Даму Банкі» қаржыландыруымен қайта құру жобасының ІІІ-кезеңіне ұсынылатыны мәлімделді. |
5 |
Темір ауылын ағын сумен қамту туралы. Темір ауылының тумасы Досжан Құрмет |
Темір ауылындағы үй іргелік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында «Шәуілдір-Темір» ауылдары аралығындағы ағын су арығын толық немесе ішінара жөндеуден өткізу қажеттілігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу. |
20.04.2025 ж. |
Отырар ауданының әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Темір ауылындағы үй іргелік жерлерді ағын сумен қамту мақсатында «Шәуілдір-Темір» ауылдары аралығындағы бетондалған ағын су арығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба құны 62,0 млн теңге құрайды. Жоба бойынша жалпы ұзындығы Аталған жобаны іске асыру үшін 2026 жылы жергілікті бюджеттің қаржыландыруына ұсынылатыны жөнінде облыс әкімі Н.Көшеровке 02.05.2025 жылы №40-10-01/1203 хат жолданды. |
Коммуналдық шаруашылық сала | ||||||
6 |
Маяқұм ауылындағы ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы. Маяқұм ауылының тұрғыны Базарбай Мұрат Сентірханұлы |
Маяқұм ауылындағы ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
30.09.2025 ж |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Маяқұм ауыл округіндегі ауыз су желілері мен су ұңғымасын қазуға ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 188,75 млн теңге қаржы қаралып, Маяқұм ауылына 1 дана ауыз мұнарасы орнатылды, 1280 метр тереңдікте 1 дана ауызсу ұңғымасы қазылды, сыйымдылығы 100 м2 су резеруары салынды, ауыз су ғимаратының ішкі жүйелері жөнделіп, насостар қойылды |
7 |
Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне газ жүйесін жүргізу туралы. Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне газ жүйесін жүргізу мақсатында әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
Отырар ауданына қарасты 9 елді мекеннің ( Аққұм, Балтакөл, Ақкөл, Көлқұдық, Көксарай, Самырат, Жанкел, Шеңгелді, Маяқұм) ішкі жүйелерін газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп (құны 4304,422 млн тг), сараптама қорытындысы алынған. 1-кезек 5 елді мекенге (Ызакөл, Көксарай, Жанкел, Шеңгелді, Аққұм е/м, ұзындығы 86 км) жеткізуші газ құбырын салудың жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп (құны 6061,32 млн тг), 10.09.2025 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. 2-кезек 7 елді мекенге (Қостерек, Бестам, Маяқұм, Самырат, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл, ұзындығы 66 км) жеткізуші газ құбырын салудың жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп (құны 6014,6 млн тг), 05.12.2025 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. 2026 жылы 7 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін бюджеттен 1131,6 млн теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2-кезек 7 елді мекенге жеткізуші газ құбырын салу құрылысына облыстық бюджеттен 390 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қалған қаржысы республикалық және облыстық бюджеттің нақтылауында қаржыландыру күтілуде. Облыс әкімі Н.Көшеровке орындау мерзімін 31.09.2027 жылға ұзарту жөнінде 13.11.2025 жылы №40-10-01/2675 санды қызметтік жазба енгізілген. |
8 |
Балтакөл, Маяқұм, Аққұм, Жаңа Шілік елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерін қайта құру мәселесі. Балтакөл ауылының тұрғыны Алтыбаев Бектемір |
Балтакөл, Маяқұм, Аққұм, Жаңа Шілік ауыз су жүйелерін қайта құру бойынша әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
2025 жылы Балтакөл ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 1 млрд 18 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Мердігер «KK Global Construction» ЖШС. Аққұм елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, (құны 891 млн теңге), 2025 жылы облыстық бюджеттен 600 млн теңге және 2026 жылы 241,44 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Маяқұм, Жаңа Шілік елді мекендеріндегі ауыз су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған (Маяқұм е/м құны– 1 млрд 187,6 млн теңге, Жаңа Шілік е/м құны– 605,9 млн теңге). қаржыландыру үшін 2025 жылы облыстық бюджетке ұсыныс берілген. Сондай-ақ, 2025 жылы Маяқұм ауылындағы ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу мен қосымша су ұңғыма қазу жұмыстарына облыстық бюджеттен 188,75 млн. теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шілік ауыл округіндегі ауыз су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 51 млн теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Жаңа Шілік елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына облыстық бюджеттен 2025 жылы желтоқсан айында 50 млн теңге және 2026 жылы 300 млн теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Н.Көшеровке орындау мерзімін 31.11.2026 жылға ұзарту жөнінде 13.11.2025 жылы №40-10-01/2675 санды қызметтік жазба енгізілген. |
9 |
Қарғалы және Темір ауылдарына жаңадан қосалқы электр станциясын салу туралы. Темір ауылының тұрғыныТөлеген Асан Сансызбайұлы |
Темір ауылындағы қуаттылығы 2500 кВа трансформатор қуаты бар 35/10 кВ электр қосалқы станциясына әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
Түркістан облысы Отырар ауданында орналасқан «ХПП» 35/10 кВ ҚС КРН-4 ұяшығын ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 35 млн теңге қаржы қаралып, "Unikit (Юникит)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. |
Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласы | ||||||
10 |
«Көксарай-Балтакөл» автожолын орташа жөндеу туралы. Аудандық маслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы, Маяқұм ауылының тұрғыны Базарбай Мұрат Сентірханұлы |
Облыстық маңызы бар КХ-23 «Көксарай – Балтакөл - Жаңақорған» автожолын орташа жөндеу бойынша әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, орта жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж. |
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Ағымдағы жылы «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан «Ақкөл—Балтакөл-Көксарай» аралығындағы автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Отырар ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-23 «Ақкөл – Балтакөл – Көксарай» автомобиль жолының 0-77,5 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірленіп ( жоба құны 5,29 млрд тг), 2022 жылы желтоқсан айында сараптама қорытындысы алынған. 2026 жылы облыстық бюджеттен 2400,0 млн теңге қаржы қаралып (жоба құны 5565,0 млн тг), 1,2,3-кезеңмен «Алем Транс Жол» ЖШС тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
11 |
Маяқұм ауылындағы Ә.Байымбетов, Т.Сыздықов, Р.Мырзабеков көшелеріне асфальт жол салу мәселесі. Маяқұм ауылының тұрғыны Түрікпенәлі Әділхан Төлегенұлы. |
Маяқұм ауылындағы Ә.Байымбетов, Т.Сыздықов, Р.Мырзабеков көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
30.09.2025 ж. |
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Маяқұм елді мекеніндегі Ә.Байымбетов, Т.Сыздықов, Р.Мырзабеков және Е.Әнетбеков көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 84,4 млн теңге қаржы қаралып , тиісті асфальт жолдар төселді. |
12 |
Туризмді дамыту үшін Маяқұм ауылындағы «Оқсыз» қалашығы мен Арыстанбаб кесенесі аралығындағы Сырдария өзеніне көпір салу және Самарқанд қаласына дейін 400 шақырым жол салу мәселесі. Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Маяқұм ауылындағы «Оқсыз» қалашығы мен Арыстанбаб кесенесі аралығындағы Сырдария өзеніне көпір салу және Самарқанд қаласына дейін 400 шақырым жол салу қажеттілігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу. |
25.04.2025 ж. |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Туризм басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Арыстанбаб кесенесі мен «Оқсыз» қалашығын байланыстыратын «Сырдария өзеніне көпір салу және 25 шақырым жаңа автожол құрылысының» жобалық іздеу жұмыстарына (ПИР) 38 млн теңге қаржы қажет болып есептелді. Алайда, аталған жобаны әзірлеу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі тұрғылықты халықты аудан орталығымен байланыстырушы КХ-23 «Көксарай-Балтакөл-Жаңақорған» автокөлік жолы бар. Сонымен қатар, Арыстанбаб кесенесі мен «Оқсыз» қалашығын байланыстыратын «Сырдария өзеніне көпір салу және 25 шақырым жаңа автожол құрылысын» жүргізуге бюджеттен көп көлемде қаржы қажет ететіндігі туралы облыс әкімі Н.Көшеровке 02.05.2025 жылы №40-10-01/1203 қызметтік хат жолданды. |
13 |
«Шәуілдір-Түркістан» аралығындағы автожолдың жөндеу жұмыстары туралы. Мыңшұңқыр елді мекенінің Әймішов Бегалы Төлегенұлы |
Облыстық маңызы бар «Шәуілдір-Түркістан» автомобиль жолының құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж . |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Нысанды пайдалануға беру |
«Түркістан-Шәуілдір» бағытындағы ұзындығы Қалған 28,8 шақырым жолдың ( І-ІІ участок, жоба құны 33,6 млрд теңге) қайта құру жұмыстарына 2025 жылы 8,824 млрд теңге қаржы қаралған. 2026 жылы облыстық бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекемелер: «Отау-строй» ЖШС, «АлемТрансЖол» ЖШС. Облыс әкімі Н.Көшеровке орындау мерзімін 30.12.2026 жылға ұзарту жөнінде 13.11.2025 жылы №40-10-01/2675 санды қызметтік жазба енгізілген. |
14 |
Ауданішілік бағыттарда жолаушылар тасымалын жүргізу туралы. Арыс ауылының тұрғыны Қуандықов Асқар Мәлікұлы |
Ауданішілік бағыттарда жолаушылар тасымалдау бойынша сызбасын бекітіп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, қоғамдық көліктерді кестеге сәйкес жүргізу. |
30.04.2025 ж. |
Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
2025 жылы ауданішілік бағыттарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін (субсидия) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 35,0 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен тасымалдаушы «Мұхтарәлі» ЖШС жеңімпаз болып танылған. 2025 жылдың 10 сәуірінен бастап ауданішілік 12 бағыт бойынша тұрақты түрде жолаушылар тасымалдануда. |
Спорт саласы | ||||||
15 |
Маяқұм ауылына жабық спорт алаңшасын салу туралы. Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы, Маяқұм ауылының тұрғыны Базарбай Мұрат Сентірханұлы |
Маяқұм ауылына жабық спорт ғимаратын салу қажеттілігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажеттілігіне сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Құрылыс басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
2026 жылы жергілікті бюджет есебінен жабын спорт нысанын салу мақсатында жобалық сметалық құжаттары әзірленіп ( жоба құны 180 млн теңге), бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сондай-ақ, Маяқұм ауылынан жабық спорт нысанын салу үшін жобалық-сметалық құжатама әзірленіп ( сметалық құны 513,31 млн теңге), 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында қаржыландыру үшін облыстық құрылыс басқармасына 23.05.2025 жылы №40-10-01/1362 хатпен тиісті құжаттары ұсынылған. Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры арқылы қаржыландыру үшін 29.05.2025 жылы №1 ұсыныс хат жолданған. Облыс әкімі Н.Көшеровке орындау мерзімін 31.11.2026 жылға ұзарту жөнінде 13.11.2025 жылы №40-10-01/2675 санды қызметтік жазба енгізілген. |
16 |
Темір ауылына жабық спорт алаңшасын салу туралы. Темір ауылының тумасы Досжан Құрмет |
Темір ауылына жабық спорт ғимаратын салу қажеттілігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажеттілігіне сәйкес жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу |
30.10.2025 ж |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Құрылыс басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
ҚР Үкіметінің шешімімен 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және жергілікті бюджеттерден жаңа мәдениет спорт құрылыс жайларын салуға бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізілді. Одан бөлек, Темір ауылынан жабық спорт кешені құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған (сараптама қорытындысы №AGDS-0035/25 29.02.2024 жыл). Сметалық құны 608 млн 348,0 мың теңге. Аталған жобаны облыстың 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасына енгізу мақсатында облыстық құрылыс басқармасына ұсынылды. Облыс әкімі Н.Көшеровке орындау мерзімін 31.11.2026 жылға ұзарту жөнінде 13.11.2025 жылы №40-10-01/2675 санды қызметтік жазба енгізілген. |
Әлеуметтік сала | ||||||
17 |
Мақта кластеріне жергілікті азаматтарды жұмысқа тарту туралы. Көксарай ауылының тумасы Сыздықов Бейбіт Шалдарұлы |
Ауданның жұмыссыз азаматтарын жұмысқа тарту мақсатында жәрмеңкелер өткізіп, жұмысқа орналастыру. |
30.04.2025 ж. |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Отырар ауданындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту мақсатында 02.05.2025 жылы аудандық Мансап орталығында жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде «Түркістан Агро өнеркәсіп кешені» ЖШС-на 108 адам жұмыспен қамтылды. |
Кәсіпкерлік саласы | ||||||
18 |
Ауданда жүгері өнімін қабылдайтын және өңдеу цехтарын ашу туралы. Көксарай ауылының тумасы Сыздықов Бейбіт Шалдарұлы |
Ауыл шаруашылық дақылдарын терең өңдеу бойынша арнайы цехтар ашу мақсатында инвесторлар тарту жұмыстарын жүргізу. |
26.09.2025 ж. |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Отырар ауданының индустриялды аймақта «Азия Агро» ЖШС-ның жүгері өңдеу және құрама жем шығару кәсіпорны (құны 619 млн тг, қуаттылығы 15 мың тг), «Отырар-Дән» ЖШС-ның жүгері сақтау және өңдеу кәсіпорны (құны 450 млн тг, қуаттылығы 10 мың тг.) іске қосылып, жұмыс жасауда. Сондай-ақ, аудан әкімі Қ.Жолдыбай 2025 жылдың тамыз айында Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Yonbeida Technology (Heilongjiang) Co. Ltd компаниясының басшылығымен кездесу өткізіп, аудан аумағында жүгеріні терең өңдейтін өндіріс орнын ашу жөнінде ұсыныс білдірілді. |
Денсаулық саласы | ||||||
19 |
Отырар ауданына жедел жәрдем автокөліктерін беру туралы. Шәуілдір ауылының тұрғыны Байжұман Қалдан Спабекқызы |
Ауылдық емханаларға жедел жәрдем автокөліктерін бөлдіріп, белгіленген мерзімде пайдалануға тапсыру. |
01.10.2025 ж. |
Облыстық денсаулық басқармасы |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
2025 жылы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасынан Отырар ауданына 3 дана санитарлық автокөлік берілді. |
Білім саласы | ||||||
20 |
Ш.Қалдаяқов, М.Шаханов, Қ.Мұңайтпасов мектептерін ағымдағы жөндеуден өткізу туралы. Шәуілдір ауылының тұрғыны Тұрлыбек Мейрамкүл Полатқызы |
Ш.Қалдаяқов, М.Шаханов, Қ.Мұңайтпасов мектептерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
19.08.2025 ж. |
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Облыстық білім басқармасы |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Реновация бағдарламасы аясында Отырар ауданындағы Ш.Қалдаяқов, М.Шаханов және Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектептерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қаралып (Ш.Қалдаяқов-құны 248 млн тг, Қ.Мұңайтпасов-құны 134 млн тг, М.Шаханов-құны 205 млн тг), жөндеу жұмыстары жүргізілді. |
Байланыс саласы | ||||||
21 |
Маяқұм ауылының ұялы байланыс желісінің нашарлығы туралы. Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Ұялы байланыс желісінің сапасына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс енгізу. |
25.04.2025 ж. |
Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Отырар ауданының Әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Отырар ауданының Маяқұм ауылы «Кар-Тел» 4G деңгейлі, «Кселл» АҚ 3G деңгейлі байланыспен қамтылған. Маяқұм ауылы тұрғындарының сұранысына сай 2020 жылы «Кар-Тел» ЖШС базалық байланыс станциясына модернизация жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда мобильді интернет жылдамдығы – 30 мбит/с көрсетуде. Отырар ауданы әкімдігі тарапынан байланыс операторларына Маяқұм, Қостерек, Бестам елді мекендерінде ұялы телефон және мобильді интернет байланысының сапасын арттыру ұсынылды. Бұл жөнінде өтініш иесіне 12.05.2025 жылы №40-10-01/1234 жауап хат жолданды. |
Экология | ||||||
22 |
Қытай инвесторлары аудан аумағындағы сексеуіл ағашы мен жусан өсімдігін сүріп табиғатқа зиян тигізуіне байланысты облыстық экология департаменті тарапынан айыппұл салу мәселесі. Аудандық мәслихат депутаты Есжанов Мұхтар Есіркепұлы |
Табиғатқа зиян келтіру жағдайы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс енгізу. |
25.04.2025 ж. |
Түркістан облысы бойынша экология департаменті Отырар ауданының әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Отырар ауданында мақта кластерін дамыту мақсатында Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округіне қарасты «Сырдария-Арыс» каналы бойынан 83 агроқұрылымның пайдалануындағы 36748,4 гектар жер учаскелері «Turkistan» ӘКК-мен сатып алынған. 2025 жылы «Түркістан Агро өнеркәсіп кешені» ЖШС тарапынан 23000 гектар жерге мақта егу үшін жері жыртылып тегістелген. Зерделеу барысында айдап сүрілген жерлерде сексеуіл ағашы өспегендігі анықталды. Сонымен қатар, жусан өсімдік шөбі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енбеген. Бұл жөнінде өтініш иесіне 12.05.2025 жылы №129 жауап хат ұсынылды. |
Өзге мәселелер | ||||||
23 |
Отырар ауданына Каспи банкінің терминалын орналастыру туралы. Мыңшұңқыр ауылының тұрғыны Асанов Ержан Арынұлы |
Каспи банк АҚ-на ауданнан бөлімше ашу және терминалдар орнату бойынша жұмыстар жүргізу |
04.06.2025 жыл |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Отырар ауданы әкімдігі тарапынан «Каспи банк» АҚ төрағасына Шәуілдір ауылына төлем терминалын орналастыру бойынша 14.05.2025 жылы №40-10-01/1271 және 19.09.2025 жылы №40-10-01/2247 санды ұсыныс хаттары жолданған. Алайда, «Каспи банк» АҚ тарапынан экономикалық тиімсіздігі себепке алынып, аудан орталығына төлем терминалы орнатылмаған. |
24 |
Балтакөл ауыл округіне қарасты Көлқұдық ауылындағы М.Арысов көшесін жарықтандыру туралы. Балтакөл ауылының тұрғыны Әбсеметов Әділше Бегімшеұлы |
Көлқұдық ауылы М.Арысов көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіп, жарықтандыру бағаналарын орнату жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2025 ж. |
Отырар ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
Көлқұдық елді мекеніндегі М.Арысов көшесін жарықтандыру үшін аудандық бюджеттен 13,7 млн теңге қаржы қаралып (ұзындығы 1,03 км), жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. |
25 |
Аудан аумағындағы шыбын-шіркейлерді жою туралы. Шәуілдір ауылының тұрғыны Диханбай Есенкелді |
Шыбын шіркейлерге қарсы заласыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу. |
30.05.2025 ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
2025 жылы Сырдария өзеніне, сондай-ақ, Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында және Отырар, Шардара, Келес, Ордабасы, Сауран аудандарында дезинсекция жұмыстарын жүргізуге 1 469,5 млн. теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде мердігер «Satti Tulik» ЖШС жеңімпаз болып анықталған. Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм, Ешкіқора, Көлкудық е/м тұсынан Сырдария өзеніне 10 жерден 28 мамырға дейін (122 000 кг. дәрілік препарат) 11-рет суға бактериологиялық дәрі «Бактицид» жіберілді, жұмылдырылған техника- 15 автокөлік, 4 қайық. Одан бөлек, 2025 жылдың 22 сәуірі күнінен бастап Отырар ауданы аумағындағы 26 елді мекен 7 секторға бөлініп, Шәуілдір, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл, Аққұм, Қоғам, Қарғалы, Талапты, Отырар, Темір ауылдық округтерінде баръерлік залалсыздандыру «Кардинал КЭ» дәрісімен жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 12 дана арнайы техника жұмылдырылған. Арыстанбаб кесенесі, Қоғам, Көксарай, Жанкел, Ызакөл, Маяқұм, Бестам, Қостерек елді мекендерінде 25 дана ранцевый аппаратпен залалсыздандыру жұмыстары атқарылды. Балтакөл, Ақкөл, Көлқұдық, Самырат, Маяқұм, Бестам, Қостерек, Шеңгелді, Көксарай, Ызакөл, Жанкел, Аққұм елді мекендері аумағын дельтапланмен залалыздандыру жұмыстары жүргізілді. |
Түркістан облысы әкімі Н.О.Көшеровтың Отырар ауданы тұрғындарымен 04.04.2025 жылғы кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы АҚПАРАТ (30.06.2026 ж)
Түркістан облысының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы
1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...
Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...
Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы
Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...
Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы
Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...