Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі.

    ·

    Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі.

    Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау қайтарымсыз негізде көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

    Грант бір рет қана беріледі және оны әр азамат тек бір мәрте ала алады.
    Конкурсқа жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады.
    Бұл ретте үміткерлер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: мүгедектігі бар адамдар; қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар азаматтар; өңіраралық қоныс аударушылар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар және (немесе) олардың жұбайлары; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және (немесе) олардың жұбайлары; асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

    Конкурсқа қатысудың міндетті талаптарының бірі – өтінім берген күнге дейінгі соңғы үш жыл ішінде алынған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификатының болуы.

    Үміткерлерді іріктеуді ұсынылған бизнес-жобалар негізінде конкурстық комиссиялар жүзеге асырады. Өтінімдерді қарау барысында бизнес-идеяның өміршеңдігі мен даму перспективасы, жобаның қаржылық негізділігі және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті бағаланады.

    Өтінім беру толықтай электрондық форматта Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Қатысу үшін порталға тіркеліп, өтінім нысанын толтыру, бизнес-жоспарды жүктеу және құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою қажет.

    Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына хабарласыңыз.


    Өтінім қабылдау 2026 жылғы 8 шілдені қоса алғанға дейін жалғасады.


    Ұқсас материалдар

    Шешім

    ЖОБА. «Bataly Minerals Ltd.» жеке компаниясына жария сервитуті белгілеу туралы

    ЖОБА. «Bataly Minerals Ltd.» жеке компаниясына жария сервитуті белгілеу туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Денисовка ауылында және Денисов ауданы елді мекендерінің жерлерінде жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

    Денисовка ауылында және Денисов ауданы елді мекендерінің жерлерінде жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Денисов ауданының 2026 жылғы 1 шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер тізбесі

    Денисов ауданының 2026 жылғы 1 шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер тізбесі КӨРСЕТКІШТЕР 2025 жылғы қантар -маусым 2026 жылғы қантар -маусым өсу қарқыны, % көрсетілген Ауытқу +,- Өнеркәсіп Та...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақпарат Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы 2026 жылғы қаңтар-маусым үшін

    Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әртүрлі салаларда белгілі бір нәтижелермен сипатталады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4018,2 млн. теңгені немесе облыста өндірілген...

    Жарияланды:
    Нұсқаулық

    Денисов ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі

    Денисов ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған орындардың тізбесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар № Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 Денисовка ауылы Калинин - Нурпеисов көшелерінің қиылысындағы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Денисов ауданы әкімінің хабарламасы

    Денисов ауданы әкімінің хабарламасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Денисов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Денисов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Жарияланды: