2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 61,073 мың бірлікті құрады (2025 жылғы мамырға 93,5%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 57,667 мың бірлікті құрайды (2025 жылғы мамырға 95,6%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 94,4% -ды құрады.
2026 жылғы 1 маусымдағы ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 10 114 бірлік.
- жеке кәсіпкерлер – 41 636 бірлік.
- шаруа (фермер) қожалықтары – 5 917 бірлік.
2026 жылғы қаңтар-мамырда ШОК субъектілерінен 120,3 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2025 жылғы ұқсас кезеңге 134,3%, салықтардың жалпы түсімнің 32,4%-ы).
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 151,463 мың адамды құрады ( 2024 жылғы желтоқсанға 100,4%).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 2 787,6 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғыұқсас кезеңге 120,6%).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ШОК-тің жалпы қосылған құны
1 727,493 млрд. теңгені немесе 32,4% -ды құрайды.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында ШОК субъектілерінде
2 333 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2026 жылғы қаңтар-сәуірде ЕДБ ШОК субъектілеріне
72,6млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 97,9% -ын құрайды ( немесе банк секторы кредиттерінің жалпы көлемінің39,2%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 33,2%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 4,9% -ды құрайды .