2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 60,924 мың бірлікті құрады
(2025 жылғы маусымға 92,9%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 57,688 мың бірлікті құрайды (2025 жылғы маусымға 95,1%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 94,7% -ды құрады.
2026 жылғы 1 шілдеге ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 10 152 бірлік.
- жеке кәсіпкерлер – 41 604 бірлік.
- шаруа (фермер) қожалықтары – 5 932 бірлік.
2026 жылғы қаңтар-маусымда ШОК субъектілерінен 136 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2025 жылғы ұқсас кезеңге 134,1%, салықтардың жалпы түсімнің 33,7%-ы).
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 151,463 мың адамды құрады ( 2024 жылғы желтоқсанға 100,4%).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 2 787,6 млрд. теңгені құрайды (2024 жылғыұқсас кезеңге 120,6%).
2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ШОК-тің жалпы қосылған құны
1 727,493 млрд. теңгені немесе 32,4% -ды құрайды.
2026 жылдың қаңтар-маусым айларында ШОК субъектілерінде
2 934 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2026 жылғы қаңтар-мамырда ЕДБ ШОК субъектілеріне
86,2 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 98,3% -ын құрайды ( немесе банк секторы кредиттерінің жалпы көлемінің 37,5%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 30,9%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 4,8% -ды құрайды .