2026 жылдың 19 шілдеде Ақмола облысының 9 ауданында 10 сайлау округі бойынша ауылдар және ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Аккөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімін, Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округінің әкімін, Атбасар ауданы Борисовка ауылының әкімін, Біржан сал ауданы Краснофлотское ауылының әкімін, Егіндікөл ауданы Бауманское ауылының әкімін, Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылдық округінің әкімін, Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округінің әкімін, Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округінің әкімін, Зеренді ауданы Айдабол ауылының әкімін, Ортақ ауылдық округінің әкімін.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 6677 азамат енгізілді, оның ішінде 4486(67,19%) дауыс беруге қатысты.
Әкімге кандидаттар саны – 30 адам.
Барлық 10 елді мекенде әкімдер сайланды.
Әкімдер болып сайланды: 7 – мемлекеттік қызметшілер, 2 - бюджеттік саласының жұмыскері, 1 -уақытша жұмыс істемейді.
Оның ішінде: «Respublika» партиясы ұсынған - 1, өзін өзі ұсынғандар -9 адам.
Сайлаушыларды максималды қатысуы 86,04 % (Егіндікөл ауданы, Бауманское ауылы), минималды – 50.59% (Олжабай батыр ауылдық округі Ерейментау ауданы).
Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.