№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқталу нысаны |
орындалу барысы | |
Автомобиль жолдары саласы | |||||||
1. |
Т.Диметов көшесіне кәріз жүйесі құрылысынан кейінгі жолды қалпына келтіру. Түркістан қаласының тұрғыны К.Батырбаев |
Жоспарға сәйкес Т.Диметов көшесіне жол жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
01.09.25 ж |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
Түркістан қаласы, Т.Диметов көшесінің асфальт жабындысы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған жолға жөндеу жұмыстары толығымен іске асырылып, қолданысқа берілді. | |
2. |
Жаңа қаладағы айналма жолдан №32 көшеге көлікпен бұрылу үшін ортадағы қоршауды алып, жол ашу. Түркістан қаласының тұрғыны А.Мусабекова |
Айналма жолдан № 32 көшеге бұрылатын тұста темір шарбақтарға демонтаж жұмыстарын жасау, айналма жолдан № 32 көшеге көлікпен бұрылу үшін жол ашу. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағдаршам орнату |
30.04.25ж |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
Аталған аумақтағы темір шарбақтар алынып, алынған жері асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аталған аумаққа тиісті жол белгілері және бағдаршам орнатылды | |
33 3. |
Тәуке хан даңғылы бойынан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барар жолды асфальттау мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны Қ.Садуова |
Жоспарға сәйкес аталған аумақтағы асфальт салынбаған аумағында жол жөндеу жұмыстарын жүргізу, асфальт төсеу. |
20.05.25ж |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
Аталған орынға асфальт жабындысын төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. | |
4. |
С.Ерубаев көшесіне кешкі сағат 21:00-06:00 аралығында көліктерге кәсіпкерлік нысандарына тоқтауға рұқсат беру Түркістан қаласының тұрғыны Ә.Балқожаев |
Қолданыстағы заңнама сәйкес, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында аталған аумақтағы жол белгісіне өзгеріс енгізіп, кәсіпкерлік нысандарына тоқтауға рұқсат беру белгісін орнату. |
26.03.25ж |
Түркістан қалалық полиция басқармасы Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
С.Ерубаев көшесіне сағат 21:00-06:00 аралығында көліктерге кәсіпкерлік нысандарына тоқтауға рұқсат беру бойынша полиция басқарсының техникалық қадағалаушы және бөлім мамандары тарапынан бірлесе отырып зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында аталған көшенің жол белгілеріне өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. | |
Тұрғын үй саласы | |||||||
5. |
Мемлекеттен алынған тұрғын үйді жекешелендіру мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны Г.Башарова |
Мемлекеттен алынған тұрғын үйді жекешелендіру үшін шартта белгіленген құнының кемінде 10% жарнасын төлеп, қалған қалдық құнын бөліп төлеуге болады. Пәтер қалдық құны 15 млн теңгеден аз болса 10ж. дейін, 15 млн теңгеден көп болса 15 ж. дейін бөліп төлеуге болады. |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өтініш иесімен сұхбат, бейнебайланыс арқылы хаттама түзілді. | |
6. |
Қала көлемінде жаңадан салынатын тұрғын үйлер (пәтер) саны, қашан және кімдерге берілетіндігі туралы. Түркістан қаласының тұрғыны C.Дүкенбаева |
Қалада 40 тұрғын үйдің (29 кредиттік, 11 әлеуметтік) құрылысы жүргізілуде. 2025ж. жалпы 3022п беру жоспарда. Оның: 2078 кредиттік, 944 әлеуметтік бойынша тұрғын жайларға тиесілі. 2025 жылдың наурыз айында 348 (4 үй), мамыр айында 256 (3 үй), қыркүйек айында 340 (4 үй) әлеуметтік пәтерлер және жыл соңына дейін 2078 кредиттік пәтерлер беріледі. Пәтер беру ҚР қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, кезек тәртібімен жүргізіледі. |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өтініш иесімен сұхбат, бейнебайланыс арқылы хаттама түзілді. | |
7. |
«Жаңа қала» м/а салынған үйлердің ақаулары туралы және қала әкімдігі тарапынан мердігер компанияларға қатаң шаралар қолдану туралы. Түркістан қаласының тұрғыны З.Серік |
Кепілдік мерзіміне сәйкес кемшіліктерді мерзімінде орындамаған мердігерлер қатысты сот ұйғарымдары негізінде қайта қалпына келтіру жұмыстары міндеттеліп, облыстық бақылау жөніндегі басқарма тарапынан айыппұлдар салынды. Қолданыстағы заңға сәйкес барлық кемшіліктер қалпына келтіріледі. |
30.04.25ж |
Түркістан қаласының әкімдігі Облыстық бақылау жөніндегі басқармасы |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу |
Қала аумағында құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген, кепілдік мерзімі бар құрылыс нысандарын зерделеу нәтижесінде кемшіліктері анықталған көпқабатты тұрғын үйлердің тізімі жасақталды. Аталған тізімге сәйкес, Әкімшілік-іскерлік орталықта 16 көпқабатты тұрғын үй анықталды. Осыған байланысты, 2025 жылдың 10 маусымында Қала әкімінің төрағалығымен мердігер мекемелердің қатысуымен мәжіліс өткізілді. Мәжіліс барысында тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру, қасбет және ішкі әрлеу жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта атқарылған жұмыстардың жағдайы: «Дос и К» ЖШС мердігер мекемесінің 8 тұрғын үйінің кемшіліктерін қалпына келтіру және қасбет әрлеу (бояу) жұмыстары толық аяқталды: 9, 11-көшелеріндегі №36/1, 36/2, 38/1, 40/2, 27/1, 27/2, 25/1, 25/2 үйлерінде әрлеу жұмыстары аяқталды. «Казстройподряд» ЖШС (тапсырысшы — Облыстық құрылыс басқармасы) салған 20 қабатты тұрғын үйде және аумағында анықталған кемшіліктер толық қалпына келтірілді. «Талап строй» ЖШС тарапынан 9, 11-көшелеріндегі №36/1, 36/2, 38/1, 38/2, 38/3 көпқабатты үйлердің абаттандыру жұмыстары бойынша ақаулықтар толық ретке келтірілді. «Азим строй» ЖШС салған 9-көше, №40/1 үйіндегі ақаулықтар ретке келтірілу барысында Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасына шара көру бойынша 2025 жылдың 14 шілдесінде №40-03-05/501 хаты жолданды. Және келісімшарт бойынша кепілдік мерзіміне сәйкес қалпына келтіру жұмыстарын атқармағандығына байланысты сотқа талап арыз жолданып, сот шешімімен қасбет әрлеу жұмыстары толық орындалды. «Саха-2005» ЖШС салған 9-көше, №28/1 үйдегі ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. «Ару ТАМ» ЖШС салған 11-көше, №17/2 көпқабатты үйіндегі ақаулықтар толық ретке келтірілді. «Ақ Нұр-строй» ЖШС салған 9-көше, №38/2, 38/3 үйлерінде ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары толық аяқталды. | |
Жер саласы | |||||||
8. |
2010 жылдан жер кезегінде тұрған азаматтар үшін жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімдерін беру мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны Ж.Торғаутова |
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері бос аумақтар бар болған кезде жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңға, қаланың Қызылорда бағыты жағынан 486,0 га резервтегі жерге инфрақұрылым жүйесі жүргізіленнен кейін аталған аймақтан 2 мыңға жуық жер телімі табысталатын болады (2026 жылы беріледі). |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмысын жүргізу |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмысы жүргізілді. Бүгінгі таңға, қала аумағында 88 мың азаматтар тұрғын үй жер кезегінде есепте тұр. Табысталатын жер телімдері 2000-шы жылдан бері Түркістан қаласында жер кезегінде тұрған азаматтардан 2026 жылдан басталатын болатындығы туралы сұрақ қойған тұрғынға түсіндірілді. | |
Спорт саласы | |||||||
9. |
Түркістан қаласының басқа шеткі аумағында қосымша жаңа спорт кешендерін салып беру мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны Ғ.Қалдыбекова |
Түркістан қаласы халқының саны артуына байланысты «Бірлік», «Шауғар», «Сауран», «Бекзат» м/а 5 спорт кешеннің құрылысы жүргізілуде. 20.05.2025ж 2 спорт кешені қолданысқа берілетін болады. Қалған 3 спорт кешенінің құрылыс жұмыстары 10.12.2025 ж пайдалануы жоспарлануда. |
20.05.25ж. 10.12.25ж 3 спорт кешені 31.12.2025ж 09.10.2025ж 40-03-01/4962 санды хат |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
Түркістан қаласында «Бірлік», «Шауғар», «Сауран», «Бекзат» м/а 5 спорт кешеннің құрылыс жұмыстары толық аяқталып қолданысқа берілді. | |
Интернет саласы | |||||||
10. |
«Жаңа қала» м/а 11 көшеде интернет орнату және жылдамдығын ретке келтіру. Түркістан қаласының тұрғыны Н.Жұматаева |
Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы аталған мәселені зерделеп, интернет таратушы компаниялармен (Қазақтелеком, Транстелеком) интернет антенналары орнату жөнінде шешім қабылдау. |
01.09.2025ж |
Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Түркістан қаласының әкімдігі |
Интернет таратушы компаниялар арқылы интернет жүргізу |
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы және Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан аталған мәселе бойынша жаңа қала 16//1 тұрғын үй кешені толық техникалық қамту аймағына енгізілді. Kceell базалық станциясы орнатылып, интернет жылдамдығы орташа 100-300 Мбитс дейін қамтамасыз етілді. Тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттама толтырылды. Жоба интернет провайдерінің инвестициялық қаражаты есебінен жүзеге асырылды. | |
11. |
«Жасыл аймақ» КММ-не тексеріс жұмыстарын жүргізу және ретке келтіру. Түркістан қаласының тұрғыны Ә.Балқожаев |
«Жасыл аймақ» КММ-тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға зерделеу жүргізіп, қорытындысымен тиісті шаралар қабылдау. |
15.04.25ж |
Облысы әкімінің аппараты Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
Заңға сәйкес мәселені қарау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы "Жасыл аймақ" КММ бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы БАҚ-та 11.03.2025 ж. материал жарияланды. | |
Білім саласы | |||||||
12. |
2025 жылы Түркістанда жаңа университеттің ашылуы және болашақта студенттердің оқу мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыныК.Нақыпбекова |
Президент Қ.Тоқаевтың ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу тапсырмасы аясында 2025 жылы Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» (Вусонг) университеті филиалының ашылуы жоспарлануда. 2025ж. ақпанда «Woosong» университеті өкілдері-ұстаздар, ата-аналар және мектеп түлектерінің қатысуымен жиын өтті. ҚР ҒжЖБМ және облыс әкімдігі гранттар бөлу мәселесі жоспарлануда. |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Облыстық білім басқармасы Түркістан қаласының әкімдігі |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізу |
Түркістан облысының Әкімдігі мен Корей Республикасының «WOOSONG» білім қоры арасында Түркістан қаласында «WOOSONG» университетінің ақпараттық технологиялар саласында Қазақстандық университетін құру туралы Келісім жасалып, 2024 жылдың 1 сәуірінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Осы Меморандум аясында университет ашу жұмысы жүргізіліп, қыркүйек айында салтанатты түрде ашылды. Түркістан қаласының білім бөлімі университетпен тығыз байланыста жұмыс жүргізді. Бітіруші сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстары атқарылып, IELTS тапсырған оқушылар тізімі жинақталды. Қазіргі таңда университетте 150 студент оқытылуда. | |
13. |
«Яссы» секторында №14 Қазыбек би атындағы мектепке жаңадан салынған жеке мектеп ғимаратын қосып беру арқылы көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларды мектепте тегін оқуға мәселесін қарастыру. Түркістан қаласының тұрғыны Р.Нұрпейісова |
Қолданыстағы заңнамаға (стандартқа) сәйкес аталған жеке мектепте оқушыларға тегін оқуға қабылданады. Мемлекеттен тиісті қаржы бөлініп, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес оқу стандарттары сақталады. |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Облыстық білім басқармасы |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізу |
Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі 2001 жылы 240 оқушыға арналып салынған. Қазіргі таңда мектепте 513 оқушы оқытылуда. Дегенмен, мектеп санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмегендіктен қорытынды берілмеген. Сонымен қатар, мектепте асхана қарастырылмаған. Осыған орай ата-аналар тарапынан жаңа ғимарат салу немесе жеке мектепті сатып алу бойынша өтініш жолдаған. Бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мектеп жанынан салынған 3 қабатты мектеп ғимаратын сатып алу бойынша қалалық білім бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Қаралған қаржы – 1 млрд 600 млн теңге. Конкурс өткізу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады. | |
14. |
Әйтеке би атындағы №26 мектебінде оқушылар санының көп болуына орай қосымша ғимарат және спорт зал салу мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны С.Юлдашев |
Аталған мектеп жанынан қосымша ғимарат және спорт зал салу мәселесін облыстық білім басқармасы тарапынан тиісті талдау жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу. |
30.03.25ж |
Облыстық білім басқармасы |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізу |
Әйтеке би атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп 300 оқушы сыйымдылығына арнап салынған. Қазіргі таңда аталған мектепте 996 оқушы оқытылуда. Оқушы санының көп болуына байланысты мектепке қосымша ғимарат салуды қажет етеді. Бұл бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша ғимарат салу бойынша облыстық білім басқармасына ұсыныс енгізілген. Аталған мәселе бойынша қаржы қарастырылған жағдайда қосымша ғимарат пен спорт залын салу жұмыстары жүргізілетін болады. | |
15. |
Әйтеке би атындағы №26 мектеп алдындағы жол тұсында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері мен бейнекамералар орнату мәселесі. Түркістан қаласының тұрғыны С.Юлдашев |
Әйтеке би атындағы №26 мектеп аумағындағы жол тұсында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері мен бейнекамералар орнату. |
30.03.25ж |
Облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы Түркістан қалалық полиция басқармасы |
Нысанды пайдалануға беру |
Әйтеке би атындағы №26 жалпы білім беретін мектебі теміржол вокзалы мен аэропортты жалғайтын Майкотов көшесінде орналасқан. Аталған көшеде көлік қозғалысы көп болуына байланысты жол белгілері мен бейнекамера орнату қажеттілігі туындаған. Өтініш толығымен орындалып, мектеп аумағына бейнекамера, жол кедергілері, жол белгілері орнатылып, жаяу жүргіншілер сызығы жаңаланды. | |
Құрылыс саласы | |||||||
16 |
9 көше 28/1 үйдің кәріз мәселесін және ауланы абаттандыру мәселесі. 9 көше 28/1 үй тұрғын Д.Ибрагимов |
Кепілдік міндетемеге сәйкес заң аясында мердігер мекеме тарапынан тұрғын үй құрылысындағы ақауларды қалпына келтіру. |
27.03.25ж |
Облыстық құрылыс басқармасы Түркістан қаласының әкімдігі |
Кемшіліктерді қалпына келтіру |
9 көше 28/1 үйдің 70ш.м. үй ауласындағы асфальт ауыстырылды, 85 ш.м. брусчатка жаңартылды, 26 дана жаңа бордюр қойылды, үйге қарасты коммерциялық ғимараттың қасбеті ауыстырылды. | |
Туризм саласы | |||||||
17 |
«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңы күшіне енгеннен кейін туризм саласын дамыту мәселесі Түркістан қаласының тұрғыны Ә.Мұрат |
Заң аясында туристік бизнес өкілдерін мемлекет тарапынан бірқатар қолдаулар көзделген. - қонақ үйлер салу, қайта жаңарту кезінде кәсіпкерлер шығындарының бір бөлігін өтеу (субсидия мөлшері – 10%); - кәсіпкерлердің жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (субсидия мөлшері – 10%); туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерге автомобиль сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеу (субсидия мөлшері – 25%). - кәсіпкерлердің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға (әжетханалар) арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (ай сайын 83 300 тг). |
Заңға сәйкес түсіндірілді |
Түркістан қаласының әкімдігі |
Заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
Қаламыз республикадан бөлек түркітілдес мемлекеттердің назарында екені мәлім. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосатын сала – ол туризм саласы. Туристік қызмет объектілерін яғни қонақ үйлерді салу, қайта жаңарту кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (Субсидия мөлшері – 10% құрайды); Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне яғни автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу (Субсидия мөлшері – 25% құрайды); Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (Заңнамаға сәйкес субсидиялау сомасы ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде). Түркістан қаласына Ерекше мәртебе беру туралы заң жобасында қолөнершілерді қолдау, жұмыстарын ілгерлету, жаңа нарыққа шығу мақсатында Түркістан қаласының аумағында қолөнер саласындағы шеберлер үшін шығындардың бір бөлігін жергілікті бюджеттен субсидиялау қарастырылды. Субсидия мөлшері 25%-ды құрайды. «Ерекше мәртебе» аясында туристік бизнес өкілдерін мемлекет тарапынан бірқатар қолдаулар көзделгені сұрақ қоюшыға түсіндірілді. | |
Түркістан облысы әкімі Н.О.Көшеровтың Түркістан қаласы тұрғындарымен (12.03.2025 жыл) кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспарының орындалуы
Түркістан облысының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы
1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...
Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...
Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы
Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...
Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы
Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...