Конкурсқа шығарылатын, аквашаруашылық мақсаттағы жер учаскелерінің тізімі

    ·

    Конкурсқа шығарылатын, аквашаруашылық мақсаттағы жер учаскелерінің тізімі

    Жер учаскелерінің орналасу орыны

    Жер учаскесі алаңы, га

    Жер учаскесінің пайдалану мақсаты

    Құқық түрі

    Черкасск ауылдық округі

    1

    Сарқан ауданы, босалқы жерлерден

    1,0

    Аквашаруашылық жүргізу

    Уақытша 10 жылға

    2

    Сарқан ауданы, босалқы жерлерден

    2,0

    Аквашаруашылық жүргізу

    Уақытша 10 жылға

    3

    Сарқан ауданы, босалқы жерлерден

    2,8

    Аквашаруашылық жүргізу

    Уақытша 10 жылға

    Аквашаруашылық жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама

    Жетісу облысы, Сарқан ауданы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы негізінде, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды:

    Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді (конкурстық ұсыныс) қабылдау, жарияланғанан соң 30 күнтізбелік күннен кейін, 15 жұмыс күні ішінде, 27 шілде 14 тамыз аралығында қабылданады. Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тынышбаев көшесі № 8, Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне табыс етеді.

    Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2026 жылдың 14 тамыз 18 сағат 30 минутқа дейін.

    Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2026 жылдың 17 тамыз күні 10 сағат 00 минутта мына-мекен жайда ашылады: Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі №111, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

    1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

    2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

    3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

    4) конкурстық ұсыныс;

    5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

    Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет:

    Аквашаруашылық жүргізуге арналған конкурстық ұсыныста:

    1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемі, аквашаруашылық жүргізуге арналған тиісті инфрақұрылым мен жабдықтың, аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

    2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының және Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

    Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

    Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

    Сонымен қатар, Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

    Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және "

    жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

    Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін (72839) 2-16-72, 2-17-93 телефон арқылы хабарласуға болады.

    Жүктеу
    Перечень земельных участков для введения аквакультуры, выставляемых на конкурс
    Перечень земельных участков для введения аквакультуры, выставляемых на конкурс
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылаудың аяқталуы туралы есебі

    Мемлекеттік әлеуметтіктапсырысты қалыптастыру, іскеасыру мониторингі және осытапсырыстың нәтижелерінбағалау қағидаларына2-қосымша «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік м...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

    БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ Ұлт мәртебесін биік көтеріп, ел абыройын асқақтатып, биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін қалың елге танытатын мемлекеттік қызметшілер – қоғамның айнасы. Сондықтан да еліміздегі әрбір...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекетті...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?»

    «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?» Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыс...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктері...

    Жарияланды:
    Хаттама

    2026 жылғы 17 шілдедегі №1 комиссия отырысының бірінші лекке қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру туралы хаттамасы

    Осы құжатта бірінші лекке қатысушылардың жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған өтеусіз мемлекеттік гранттарды беру жөніндегі өтінімдерін қарау бойынша 2026 жылғы 17 шілдедегі №1 комиссия отырысының хаттамасы қамтыл...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақ...

    Жарияланды:
    Ереже

    «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕСІ

    «БЕКІТІЛДІ» Сарқан ауданы әкімдігінің 2026 жылғы №___ қаулысымен «УТВЕРЖДЕН» Постановлением акимата Сарканского района от «__» ____ 2026 года №___ «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спор...

    Жарияланды: