«Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕСІ

    ·

    «БЕКІТІЛДІ»

    Сарқан ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы №___ қаулысымен

    «УТВЕРЖДЕН»

    Постановлением акимата

    Сарканского района от

    «__» ____ 2026 года №___

    «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту

    және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

    ЕРЕЖЕСІ

    ПОЛОЖЕНИЕ

    Государственного учреждения «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Сарканского района»

    Сарқан қаласы 2026 жыл

    Сарқан ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «___» __________

    №___ қаулысына қосымша

    «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту

    және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ережелер
    2. «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) аудан аумағындағы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    3. Бөлімге бағынысты ведомстволар жоқ.
    4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    5. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
    6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
    7. Бөлім Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    8. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    9. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
    10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
    11. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041500, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі №111.
    12. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
    13. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
    14. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
    15. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

    1. Мақсаттары:
    • ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
    • ауданда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
    • аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға, этносаралық қатынасты нығайтуға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу;
    • Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуді ұйымдастыру, дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету, тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жұмыстар жүргізу;
    • спортпен айналысатын адамдардың сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
    • ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
    • дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
    • өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімдемесіне сәйкес қызмет көрсетеді
    1. Өкілеттіктері:
    2. Құқықтары:
    • заңнамада белгіленген мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;
    • мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
    • мәдениет, спорт саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
    • мекеменің мүддесін барлық құзыретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында білдіруге;
    • қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруға;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.
    • мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
    1. Міндеттері:
    • Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастырды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру және насихаттау;
    • Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
    • Ауданда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, насихаттауды қамтамасыз ету;
    • аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізуге бағытталған иедологиялық шараларды іске асыру;
    • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
    • ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;
    • ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу;
    • мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тілдердің қолдануы мен одан әрі дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
    • аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
    • бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан аудандық құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
    • спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру;
    1. Функциялары:

    1) ауданда ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы жұмыстарды ұйымдастырады;

    2) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

    3) саяси және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу;

    4) Ауданда саяси партиялар, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

    5) Ауданда Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық-ұйымдастырушылық көмек көрсету, аудандағы этномәдени орталықтарымен бірлесе отырып, мемлекеттік саясатты іске асырады;

    6) Аудан аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Діни ахуалға зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізеді;

    7) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді;

    8) аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында арнайы жобалар мен іс - шараларды іске асырады;

    9) қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық идеологиялық бағытта шараларды ұйымдастыру, қоғамдық пікір көшбасшылармен жүйелі жұмыс жасайды;

    10) аудандағы мемлекеттік органдар мен мекеменің лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін және мемлекеттік тілді қолдану мен насихаттау жөнінде әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік рәміздерді, тілді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды жүзеге асыру, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды;

    11) аудан аумағында мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді насихаттау аясында патриоттық, қоғамдық – саяси, мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырады;

    12) Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, БАҚ құралдарына, интернет ресурстарға зерделеу жұмыстарын жүргізеді;

    13) жеке тұлғалардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды жасау бойынша шаралар қабылдайды;

    14) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзеді;

    15) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді.

    16) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

    17) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiреді;

    18) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

    19) мынадай бiлiктiлiк санаттарын беру: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi;

    20) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;

    21) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiреді;

    22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну үшін аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады;

    23) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша ауданның құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекітеді;

    24) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

    25) дене шынықтыру және спорттық iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етеді;

    26) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;

    27) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

    28) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің қызметін қамтамасыз етеді;

    29) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргiзу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабiлеттiлiк пен белсендi ұзақ өмiр сүрудiң жоғары деңгейiне, сондай-ақ iзгiлiк мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткiзу үшiн дене шынықтыру компоненттерiн практикалық пайдалануда халықтың бiлiм деңгейiн арттыру;

    30) мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасайды;

    31) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және оны таратуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырады;

    32) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

    33) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    34) ауданның мемлекеттік мәдени және спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

    35) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

    36) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп аудан әкімдігінің мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдайды;

    37) мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының жағдайына, сондай-ақ аудан мәдениеті мен өнері саласының даму жағдайына талдау жасайды;

    38) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзу, тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау;

    39) Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы: маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

    40) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық мекемелерде, ведомстволарда, сондай-ақ меншік нысанына байланысты тәуелсіз ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілді енгізу бөлігінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыруға;

    41) «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75-бабына сәйкес, тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын бөлім басшысы мен оның бас маманына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уәкілетті;

    42) Бөлімнің құзыретіне жататын ономостика қызметін үйлестіреді. Терминком бекіткен терминдердің халық шаруашылығы мен әлеуметтік салаларында енгізілуін қамтамасыз ету;

    43) Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштерді белгіленген тәртіпке сәйкес қаралып, өтініш иесіне немесе жоғары тұрған мемлекеттік органға жауап беру;

    44) Жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

    45) Мекеменің құзыреті шегінде аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау және келісу;

    46) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

    1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
    2. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
    3. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және босатады.
    4. Бөлімнің бірінші басшысы «Терроризм мен діни экстремизімнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» әрекеттерін ұйымдастырады.
    5. Бөлімнің бірінші басшысының өкілетіктері:
    • заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
    • Заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, шараларын ұйымдастыру және тәртіптік жаза қолдана алады;
    • Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелеріне басшылық жасайды, бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына жауапкершілігі артады және міндеттерді жүзеге асырады;
    • Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады;
    • Мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
    • мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін қорғайды;
    • Бөлімнің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржылық операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүргізіп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына тікелей жауапкершілік танытады;
    • Өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады;
    • өз құзыреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
    • Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
    1. Мемлекеттік органның мүлкі
    2. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
    3. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
    4. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
    2. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    3. Бөлімнің және оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
    • «Сарқан ауданы әкімінің Құман Тастанбеков атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
    • «Сарқан ауданының ішкі саясат мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарқан аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылаудың аяқталуы туралы есебі

    Мемлекеттік әлеуметтіктапсырысты қалыптастыру, іскеасыру мониторингі және осытапсырыстың нәтижелерінбағалау қағидаларына2-қосымша «Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік м...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

    БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ Ұлт мәртебесін биік көтеріп, ел абыройын асқақтатып, биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін қалың елге танытатын мемлекеттік қызметшілер – қоғамның айнасы. Сондықтан да еліміздегі әрбір...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекетті...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?»

    «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?» Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыс...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады? Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктері...

    Жарияланды:
    Хаттама

    2026 жылғы 17 шілдедегі №1 комиссия отырысының бірінші лекке қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру туралы хаттамасы

    Осы құжатта бірінші лекке қатысушылардың жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған өтеусіз мемлекеттік гранттарды беру жөніндегі өтінімдерін қарау бойынша 2026 жылғы 17 шілдедегі №1 комиссия отырысының хаттамасы қамтыл...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін

    Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін құжаттар тізімі: 1) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты...

    Жарияланды: