«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, келіп түскен құжаттарды қарап, Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Юбилейный ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы 2026 жылғы 25 маусымдағы шешімдерінің негізінде, Юбилейный ауылдық округына келесілердің кандидат ретінде тіркелгенін хабарлаймыз.
- Колос Виктор Иванович 1966 жылы туған, "Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Есіл ауданы Юбилейное ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Орехова Татьяна Васильевна, 1979 жылы туған, «Ақмола облысының ветеринария басқармасының» бас маманы, Есіл ауданының Есіл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша ұсынылған;
- Сүлейменова Дина Серікпайқызы, 1981 жылы туған, «Есіл ауданы мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Есіл ауданы Есіл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша ұсынылған.
Есілаудандық аумақтық
сайлау комиссиясы