Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    ·

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.

    Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.

    Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.

    Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.

    Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.



    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қоғамдық пікірге сауал салуды кімдер жүргізе алады? №4 бейне

    Қоғамдық пікірге сауал салуды кімдер жүргізе алады?

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетт...

    Жарияланды:
    Конкурстар

    "Есіл ауданы Красивый ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы лауазымына Конкурс

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5457357779

    Жарияланды:
    Конкурстар

    "Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бас маманы лауазымына Конкурс

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5457260390

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау учаскелерінен тыс жерде қалай дауыс беруге болады

    Жарияланды:
    Конкурстар

    "Есіл ауданы Красногорский кенті әкімінің аппараты" ММ бас маманы лауазымына Конкурс

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5454458316

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Арзандатылған дизель отынын алу үшін операторды таңдау туралы ақпарат

    "Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ Сіздің назарыңызға 2026 жылғы 21 шілдеден 19 тамызға дейін 2025 жылғы желтоқсанда 2026 жылғы күзгі - дала жұмыстарында мақұлданған арзандатылған дизель отыныны...

    Жарияланды: