Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттайтын үздік журналистік жұмыстар байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты дамыту.
Байқауға Атырау облысында тіркелген және облыста жергілікті тілшілер қосыны істейтін бұқаралық ақпарат құралдары мен өкілдері, сондай-ақ, штаттан тыс тілшілер қатыса алады.
Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:
- «Үздік журналист-сарапшы» – тақырып бойынша баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар;;
- «Үздік шолушы» – тақырып бойынша интернет-басылымдардағы материалдар;
- «Үздік телерепортаж» – тақырып бойынша телеарна эфиріне орналастырылған сюжеттер мен репортаждар.
Байқауға 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 6 желтоқсанға дейін жарияланған және эфирге шыққан барлық жанрдағы материалдар қабылданады.
Әр номинация бойынша жеңімпазға 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және арнайы диплом табысталады.
Өтінімдер мен материалдарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 6 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).
Байқауға қатысу үшін өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттар мен материалдарды ұйымдастыру комитетіне жолдау қажет.
Байланыс телефондары: 8 (7122) 35-42-08, 35-40-88
Электрондық пошта: [email protected]
Толық ақпарат байқау ережесінде көрсетілген.