№ |
Көтерілген мәселелер |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
Жол саласы | ||||||
1. |
Машат ауылдық округі, Мыңбай ауылына Ауыз су жүйесін жүргізу үшін қаржы бөлдіруге ықпал ету мәселесі. Машат ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сүтімбетов Сейтбек |
Машат ауылдық округі Мыңбай елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, ауыз су құрылысын жүргізу |
01.10.2026 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов) Облыстық энергитка тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның пайдалануға беру (Қаражат бөлініуіне қарай) |
Орындалу үстінде Түркістан облысы әкімдігі тарапынан Түлкібас ауданы, Мыңбай ауылының ауыз су жүйелерінің қайта құру жұмыстарын «Арнаулы мемлекеттік қор» (СГФ) есебінен қаржыландыру үшін ҚР Премьер-Министріне 06.04.2026 ж. №26/3768 хаты жолданды. Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша ҚР Қаржы министрлігіне 05.05.2026 ж. №26/5022 және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 05.05.2026 ж. №26/5015 хаттары жолданды. Алайда, «Арнаулы мемлекеттік қор» (СГФ) қаржыландыру мәселесі шешілмей, бүгінгі күнге қолдау таппады. Сондай-ақ, ауыз су жүйесіне тиісті қаржы бөлуге ықпал ету мақсатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасовтың атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Б.Қырықбаевтың атына 16.01.2025 жылы №26/560 санды хат жолданған. Парламент мәжілісінің депутаты тарапынан қолдау күтілуде. Түлкібас ауданы әкімдігі тарапынан Машат ауылдық округі, Мыңбай ауылының ауыз су жүйесінің қайта құру құрылыс жұмыстарына келісім шарт түзілген. Мердігер мекеме -«BF Элит Құрылыс» ЖШС. Тиісті қаржы қарастыру үшін, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасовтың атына 30.04.2025 жылғы №1243 санды хатымен ұсыныс енгізілген. |
2. |
Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінің бойынан Қарағашты ауылының тұсында ауданға келетін ауыз су құбырларының сыртын қорғау қаптамасын (футляр) орнату мәселесі. Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Сейсенбаев Сауытбек |
Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінің бойынан Қарағашты ауылының тұсында ауданға келетін ауыз су құбырларының сыртын қорғау қаптамасын (футляр) орнату мүмкіндігін зерделеп, ұсыныс енгізу |
01.11.2025 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов) Облыстық жолаушылар көлігі және автомобтль жолдары басқармасы Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
Орындалған Республикалық маңызы бар А2 «Батыс Европа-Батыс Қытай» автомобиль жолының 614 шақырымында D-300-дік екі темір құбырға автомобиль жолының құрылысы барысында футляр кигізбей жол салынғаны бойынша нақты мәліметі алу үшін аудан әкімінің атынан «КазАвтоЖол» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалына тиісті хат жолданды (02.06.2025 жылғы №1527). Бұл ретте «КазАвтоЖол» АҚ тарапынан акт жасалынған. Жасалған актіге сәйкес, ауыз су құбырына футляр кигізбегені және ауыз су құбыры зақымданбағаны көрсетілген. Сонымен қатар ауыз су құбыры 2,5 метр тереңдікте орналасқаны және талаптарға сәйкестігі бойынша жауап хат берілген. |
Ветеринария саласы | ||||||
3. |
Аудан аумағында қаңғыбас иттерді аулайтын қызметкерлердің штат санын көбейту мәселесі. Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Сейсенбаев Сауытбек |
Аудан аумағында қаңғыбас иттерді аулайтын қызметкерлердің штат санын көбейту мүмкіндігін қарастыру |
31.12.2025 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Н.Тұрашбеков) Облыстық ветеринария басқармасы Түлкібас ауданының әкімдігі |
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдау |
Орындалу үстінде ТО ВБ «Ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК-мен келісім шартқа тұрып 1 азамат Түлкібас аудандық филиалында аңшы қызметін атқарып келеді. Екініші аңшы бригадаға қызметкер алу үшін мекемеде айлық мәселесі және автокөлік пен қамтамасыз етуге қаражат қарастырылмаған. Бұл мәселені шешу үшін облыстық Ветеринария басқармасы мен облыстық «Ветеринария қызметі» ШЖҚ МКК-не ұсыныс берілді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» қағидасының 9 бап, 1-2 тармақшасына сәйкес, ит аулауды санын реттеуді жергілікті атқарушы органдарына жүктелді. Осыған байланысты Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктеліп, қазіргі таңда тиісті мердігер мекемемен келісім-шарт жасалынды. Мәселе оң шешімі табылды. |
Спорт саласы | ||||||
4. |
Шақпақ баба ауылына жаңа спорт ғимаратын салу мәселесі. Жабағылы ауылының тұрғыны Маткеримов Өтепбай |
Шақпақ баба ауылына жаңа спорт ғимаратын соғу үшін бюджеттен қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу |
31.12.2026 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Е.Алтаев) Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Облыстық құрылыс басқармасы Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру (Қаражат бөлініуіне қарай) |
Орындалу үстінде Облыстық құрылыс басқармасы тарапынан, нысанның құрылыс жұмыстарын бастауға 50 000 мың теңге қаржы қарауға 2025 жылдың сәуір айындағы облыстық бюджетті нақтылау барысында (10.02.2025 жылы №32/332) санды хатпен, 2026-2028 жылдардағы облыстық бюджеттің қалыптастырылуында (24.06.2025 жылы №32/1739) санды хатпен және де 2026 жылдың ақпан айындағы облыстық бюджетті нақтылау барысында (27.01.2026 жылы №32/216) санды хатпен бюджеттік өтінім жолданған болатын. Алайда облыстық бюджеттің мүмкіншілігіне байланысты қаржы қаралмады. Түлкібас ауданы әкімдігі тарапынан, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Шақпақ баба ауылындағы №3 БЖСМ-нің спорт кешенінің құрылысына жобалық – сметалық құжаттарына қаржы бөлініп, мердігер мекеме «А-Строй-Проект» ЖШС анықталды. Мердігер мекеме тарапынан ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, спорт басқармасы тарапынан «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен қаржы қарастыру бойынша экономика және қаржы басқармасына ұсыныс хат жолданған. Алайда, бүгінгі күнге дейін тиісті қаржы бөлінбеді. |
Жол саласы | ||||||
5. |
Кершетас ауылы, Еркебай көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу мәселесі. Шымкент қаласының тұрғыны Бастыков Кеңесбек Серікбайұлы |
Кершетас ауылы, Еркебай көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, тиісті жұмыстар жүргізу |
31.12.2026 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов) Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлініуіне қарай) |
Орындалу үстінде Келтемашат ауылдық округіне қарасты 114 орам Еркебай көшесі облыстық маңызы бар КХ-66 «А2 автомобиль жолынан Енбекші ауылына дейін» автомобиль жолы болып саналады. Аталған жолдың жалпы ұзындығы 6 шақырымнан тұрады. Оның 3 шақырымы Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінде. Басқарма тарапынан 3 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжат әзірленіп, қаржы қаралған. Орташа жөндеу жұмыстарын мамыр айында бастау жоспарлануда. Қалған 3 шақырым жолдың құжаттары рәсімделмеу салдарынан жолдың жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған. Бүгінгі таңда, Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қалған 3 шақырым жолға мемлекеттік акт алынып, басқармаға ұсынылды. Қазіргі таңда басқармамен тиісті жөндеу жұмыстары басталған. |
Газ саласы | ||||||
6. |
Т.Рысқұлов ауылы, Бекбосынов көшесінің бойындағы газ ШРП-ның кемшіліктерін ретке келтіру және аудандық газ шаруашылығының басшысының әрекетсіздігіне шағым жасауда. Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Өмірсеріков Даулет |
Аудан аумағында газ құбырларының кемшіліктерін ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастыру |
31.12.2025 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов) Облыстық энергитка тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы «Qazaqgaz» аймақ Түркістан облысы бойынша филиалы (Келсімі бойынша) Түлкібас ауданының әкімдігі |
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдау |
Орындалған Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Д.Өмірсеріковтің шағымынан кейін, «ҚазақГазАймақ» АҚ Түлкібас аудандық бөлімшесінің бас инженері мен мамандары тарапынан Бекбосынов-Грицинин көшелері қиылысында орналасқан ГРШРП-ға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде газ шығарып тұрған орын анықталды. «ҚазақГазАймақ» АҚ мамандары тарапынан кемшіліктер толығымен ретке келтірілді. Сонымен қатар, «ҚазақГазАймақ» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысының атына Түлкібас ауданы бойынша тартылған газ құбырларын сырлау, майысқандарын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі бойынша аудан әкімі А.Естібаевтің атынан 02.05.2025 жылы №1262 санды хат жолданды. |
Денсаулық сақтау саласы | ||||||
7. |
Аудан аумағында жекеменшік емханаларға тұрғындарды заңсыз тіркеу мәселесі Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Өмірсеріков Даулет |
Жекеменшік емханаларға тұрғындарды заңсыз тіркеу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу. |
31.12.2025 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев) Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Түлкібас ауданының әкімдігі |
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдау |
Орындалған 2025 жылдың 25 сәуір күні Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуінде Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі Өмірсеріков Даулет аудан орталығындағы «Балбөбек» медициналық орталығында тұрғындарды заңсыз тіркеу бойынша көтерілген мәселесі бойынша 2025 жылы 5 мамыр күні №1269 санды хатпен облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданған. Аталған мәселе бойынша жекеменшік сектордағы медициналық мекемелерді тексеру, шара көру Басқарма құзіретіне кірмейтінін хабарлаған. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жоғарыда аталған меселе бойынша медициналық орталыққа арнайы жұмыс тобын құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалына, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне хат жолданған. Алайда бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінен жауап хат келіп түскен жоқ. Қазіргі таңда аудан әкімдігі тарапынан ұсыныс иесімен тиісті түсіндірме жұмыстар жүргізілді. |
Өзге мәселе | ||||||
8. |
М.Исмайловты ұрып соғу оқиғасы бойынша тергеп тексеру шаралары дұрыс жүргізілмеуіне аудандық полиция бөліміне наразы. Жаскешу ауылының тұрғыны Исмайлов Зиябай |
Заң талаптары аясында зерделеп, тиісті шараларды қабылдау. |
31.12.2025 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (З.Жолдасов) Облыстық полиция департаменті (Келсімі бойынша) |
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдап, ақпарат енгізу |
Орындалған Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының тұрғыны Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Түлкібас ауданының азаматтарын жеке қабылдауы барысындағы М.Исмайловтың уәждері бойынша: 1.) №245160031000180 қылмыстық іс бойынша: 30.05.2024ж. М.Исмайловтың Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының сыртында орналасқан мал қорасына И.Каримбаев араларында өзара дау туындап, соның салдарынан И.Каримбаев М.Исмайловтың оң жақ іш тұсына пышақпен бір рет соққы жасап, шаншылып кесілген, ішке енбеген дене жарақатын салғаны анықталған. Аталған факті бойынша 31.05.2024ж. Түлкібас АПБ ҚК 293-бабы 3-бөлігімен тергеп-тексеру басталған. Тергеп-тексеру нәтижесімен 06.06.2024ж. қылмыстық іс ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағымен тоқтатылған. 23.07.2024ж. қабылданған шешім аудан прокуратурасымен жойылып, осы күні қылмыстық іс Түркістан облысы ПД тергеп-тексеру жүргізу үшін жолданған. Нәтижесімен 23.09.2024ж. қылмыстық іс ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағымен тоқтатылып, И.Каримбаевқа қатысты әкімшілік шара көру үшін, жинақталған іс құжаттар Түлкібас аудандық сотына жолданған. 25.11.2024ж. Түлкібас аудандық сотынмен И.Каримбаев ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған. 2) №235160031000290 қылмыстық іс бойынша. 04.07.2023ж. Түлкібас АПБ М.Исмайлов Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының оңтүстік бетіндегі алқапта бір топ азаматтар арасында бұрынғы бас-араздық және жер дауы салдарынан ұрыс-керіс орын алып, оны Батырхан есімді азамат және басқа тұлғалар ұрып соққаны туралы арызданған. Сол күні аталған факті бойынша Түлкібас АПБ ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 4- тармағымен тергеп-тексеру басталған. Нәтижесімен 06.09.2024ж. аталған қылмыстық іс ҚПК 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағымен тоқтатылып, А.Бургебаев, А.Құдайбергенов, Б.Торехан, А.Туреханулдарына қатысты әкімшілік шара көру үшін, жинақталған іс құжаттар Түлкібас аудандық сотына жолданып, оларға қатысты сотпен әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулылары қабылданған. 3.) №235160031000481 қылмыстық іс бойынша. 25.11.2023ж. Түлкібас АПБ М.Исмайлов Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылдық округіне қарасты «Қарақшы» бөлімшесінде орналасқан мал қорасының жанында өзіне тиесілі құны 300 000 тенге болатын 1,5 жасар торы-қасқа еркек тайын және қора иесі Е.Нысанбаевқа тиесілі құны 500 000 тенге тұратын 3-жасар қарагер құнанын белгісіз азамат ұрлап кеткені туралы арызданған. Аталған факті бойынша Түлкібас АПБ ҚК 188-1-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру басталған. Нәтижесімен 25.09.2024ж. ҚПК 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағы негізінде қылмыстық істің мерзімі үзілген. Жоғарыда аталған шешімдер облыс прокуратурасымен бекітілген. |
Білім саласы | ||||||
9. |
Састөбе кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісіне наразы Састөбе кентінің тұрғыны Жұмабаева Катира |
Заң талаптары аясында зерделеп, тиісті шараларды қабылдау. |
31.12.2025 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев) Облыстық білім басқармасы Түлкібас ауданының әкімдігі |
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң талаптары аясында шаралар қабылдап, ақпарат енгізу. |
Орындалған Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы М.Туленовтің тексеру нәтижесінде: 19.05.2025 жылы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарының жою туралы НҰСҚАМА №25/МТ-12 берілген. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 133-бабы 1- тармағының талабы сақталмаған. П.Өмірзақ, Д.Кулымбаеваға және Т.Оспановаларға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде әлеуметтік жәрдемақылары төленбеген. Анықталған кемшіліктер бойынша «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ны аталған қызметкерлерге П.Өмірзақ, Д.Кулымбаеваға және Т.Оспановаларға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде әлеуметтік жәрдемақылары есептеліп төленіп, жойылған кемшіліктер туралы мәлімет «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» МКҚК №35 шығыс хатпен . 27.05.2025 жылы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды. Түлкібас ауданы білім бөлімінің 02.05.2025 жылғы №199 н/қ бұйрығымен штаттық бірліктер берілді. Осы бұйрыққа сәйкес, штаттық бірліктерге тарификациялық тізімде өзгеріс енгізілген. |
Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Түлкібас ауданы тұрғындарымен (25.04.2025 жыл) кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспарының орындалуы
Түркістан облысының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы
1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...
Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...
Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы
Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...
Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы
Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...