ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚАЙТА РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ БЕКІТІЛДІ

    Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімінің аппараты

    Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен жер учаскесіне құқықтары тиесілі бола алмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне құқықтарын қайта ресімдеу қағидалары бекітілді.

    Мәселен, жер учаскесіне құқықтары тиесілі бола алмайтын жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қайта ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) жүзеге асырады.

    Кодекске сәйкес жер учаскесіне құқықтары тиесілі бола алмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ЖАО-ға жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеу туралы өтініш жібереді.

    Өтінішке қоса беріледі:

    • Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар және сәйкестендіру құжаттары
    • Растайтын құжаттар

    ЖАО өтінішті тіркеген кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.

    Жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден бас тартудың негіздері жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы ұсынған құжаттардың толық еместігі немесе дұрыс еместігі не оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) шындыққа сәйкес келмеуі болып табылады.

    Жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін тыңдау туралы хабарлама өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдауды ЖАО хабарлама жасалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

    Тыңдау нәтижелері бойынша ЖАО жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу туралы шешім қабылдайды не жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды ұсынады.

    Жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасу туралы хабарлама жіберіледі.

    Шарт жасасу туралы хабарлама ЖАО-ға тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, оның ішінде телефонограммамен хабарлама, өтініште көрсетілген ұялы байланыс немесе электрондық пошта арналары бойынша қысқа мәтіндік хабарламалар арқылы жіберіледі.

    ЖАО жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасу туралы хабарлама жібергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті шарт дайындайды.

    Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы шартқа қол қою туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қою үшін ЖАО-ға жүгінеді.

    Белгіленген мерзімде шартқа қол қойылмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган (ЖАО) жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға хабарлай отырып, өтінішті қарауды тоқтатады.

    Алайда, бұл жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеу жөніндегі өтінішпен қайта жүгінуіне кедергі болмайды.

    Жер учаскесіне құқық шарт тіркелген кезден бастап туындайды.

    Бұйрық 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Өткізілген кездесудің қорытындылары туралы ақпарат Пригородный ауылының әкімінің тұрғындарымен 22 қыркүйек 2026 жылы

    БЕКІТЕМІН Пригородный ауылының әкімі _____________Ж. Идильбаев 2026 жылғы «____» __________ Өткізілген кездесудің қорытындылары туралы ақпарат Пригородныйауылыныңәкімінің тұрғындарымен 22 қыркүйек 2026 жылы № Көтеріле...

    Ақпарат

    2026 жылғы тамыз айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі Жітіқара ауданы Пригородный ауылы

    2026 жылғы тамыз айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі Жітіқара ауданы Пригородный ауылы № Жеке тұлғаның / заңды тұлғаның атауы Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесін беру негіздері Жер учаскесінің ныса...

    Шешім

    Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы.

    Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтықактілердің эталонды бақылау банкіЭталонный контрольный банк нормативных правовых актовРеспублики Казахстан в электронном виде Редакциялау күні 13.08.2026...

    Ақпарат

    2026 жылғы шілде айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі Жітіқара ауданы Пригородный ауылы

    2026 жылғы шілде айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі Жітіқара ауданы Пригородный ауылы № Жеке тұлғаның / заңды тұлғаның атауы Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесін беру негіздері Жер учаскесінің ныса...

    Ақпарат

    2026 жылғы маусым айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі Жітіқара ауданы Пригородный ауылы

    2026 жылғы маусым айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі Жітіқара ауданы Пригородный ауылы № Жеке тұлғаның / заңды тұлғаның атауы Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесін беру негіздері Жер учаскесінің ныс...

    Ақпарат

    2026 жылғы мамаырм айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі Жітіқара ауданы Пригородный ауылы

    2026 жылғы мамаырм айында жер учаскесін алған тұлғалардың тізімі Жітіқара ауданы Пригородный ауылы № Жеке тұлғаның / заңды тұлғаның атауы Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесін беру негіздері Жер учаскесінің ны...

    Кесте

    Қала әкімдері мен АЕМ-нің 2026 жылғы 2 жартыжылдықта халықпен кездесу өткізу КЕСТЕСІ

    Кесте

    Жітіқара ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 жартыжылдықта халықпен кездесу өткізу КЕСТЕСІ