Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Редакциялау күні 13.08.2026
Сақтау күні 24.08.2026
Дата редакции 13.08.2026
Дата скачивания 24.08.2026
Пригородный ауылының әкімі
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 6 шешімі
Аким села Пригородное
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-
бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданы Пригородный
ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жітіқара Телеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Рауан СҮ -
Пригородный АМС учаскесінде ТОБЖ салу» объектісі бойынша талшықты-
оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданы
Пригородный ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,024 гектар жер
учаскелеріне қырық тоғыз жыл мерзіміне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның
қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан
Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына
ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Қостанай облысы
Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімі аппаратының интернет-ресурсында
орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Редакциялау күні 13.08.2026
Сақтау күні 24.08.2026
Дата редакции 13.08.2026
Дата скачивания 24.08.2026
«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты құжатқа сілтеу QR-коды
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде
Редакциялау күні 13.08.2026
Сақтау күні 24.08.2026
Дата редакции 13.08.2026
Дата скачивания 24.08.2026
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданы Пригородное ауылының әкімі Ж. Идильбаев