Жер комиссиясының құрамын және
комиссия ережесін бекіту туралы (40-5 шешім)
Қазақстан Республикасы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және аудан әкімдігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы «Жер комиссиясын қалыптастыру және комиссия ережесін әзірлеу туралы» №88 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жер комиссиясының құрамы осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жер комиссиясының ережесі осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің №3 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
Мәслихат төрағасы С. Сиражев
Аудандық мәслихаттың
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№40-6 шешіміне №1 қосымша
Жер комиссиясының құрамы
Умашев Денис Молдагалиевич |
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
Жұмабек Дильназ Жұмабекқызы |
Ауданның жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы; |
Комиссия мүшелері: | |
Мутиев Нургали Даргалиевич |
Ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы; |
Сиражев Сәлімгерей Қалимеденұлы |
Аудандық мәслихат төрағасы (келісімі бойынша); |
Умаров Мирхат Кумарович |
Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы; |
Бакиров Алибек Жардемович |
Ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы; |
Жанатауов Нурбулат Магзумович |
Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Ақжайық ауданындағы филиалының директоры (келісімі бойынша); |
Сагындықов Жарас Мирович |
Ақжайық ауданы Қоғамдық кеңесінің басшысы (келісімі бойынша); |
Маратов Жалғас Серікұлы |
«Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің мүшесі (келісім бойынша); |
Құсайынов Ерлан Нағымұлы |
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақжайық аудандық филиалының мүшесі (келісімі бойынша); |
Аяпов Жолдығали Асқарұлы |
«Жаңа Ғасыр» қоғамдық бірлестігінің мүшесі; |
Тулепбергенов Дархан Серикович |
«Ақжайық Агро» несие серіктестігінің басқарма төрағасы (келісімі бойынша); |
Қаленов Бекболат Рахметқалиұлы |
Ақжол ауылдық округінің әкімі; |
Бекешев Абай Имангазиевич |
Ақжол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Доскалиев Талгат Базаргалиевич |
Ақсуат ауылдық округінің әкімі; |
Кулбаев Айдынгали Ермеккалиевич |
Ақсуат ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Ескалиев Рысбек Ерболатович |
Алғабас ауылдық округінің әкімі; |
Утеков Асланбек Шапағатұлы |
Алғабас ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Наурзалиев Мереке Тулеугалиевич |
Алмалы ауылдық округінің әкімі; |
Тюлегенов Амантай Сатанович |
Алмалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Джумашев Мурат Махатович |
Базаршолан ауылдық округі әкімі; |
Тлебалдиева Бибигуль Гайсиевна |
Базаршолан ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Зиеденов Нурбек Кенжеевич |
Базартөбе ауылдық округі әкімі; |
Джаналиев Хамит Баймуханович |
Базартөбе ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Мусагалиев Шокан Рахимович |
Бударин ауылдық округінің әкімі; |
Сапаров Манарбек Габдуллович |
Бударин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Тасқалиев Парасат Манарбекович |
Есенсай ауылдық округінің әкімі; |
Утесинов Муратбек Мандалаевич |
Есенсай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Дабысқалиев Жамбул Мерекеевич |
Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі; |
Исмагулов Турсынгали |
Жаңабұлақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Джамаков Алибек Шагидуллиевич |
Жамбыл ауылдық округінің әкімі; |
Тажидаев Ануар Карабаевич |
Жамбыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Кадргалиева Улдаш Зайдагалиевна |
Көнеккеткен ауылдық округінің әкімі; |
Темиргалиева Нургуль Сериковна |
Көнеккеткен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Аймагамбетов Халык Сатханович |
Қабыршақты ауылдық округінің әкімі; |
Тапенов Уразай Шайхоллиевич |
Қабыршақты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Абиров Жанибек Игалиевич |
Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі; |
Абаев Ыбырай Абайұлы |
Қарауылтөбе ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Сатдыков Бауыржан Бисенович |
Құрайлысай ауылдық округінің әкімі; |
Хамитов Дуйсен Амангосович |
Құрайлысай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Тойекешов Мейрамбек Кенжебаевич |
Мерген ауылдық округінің әкімі; |
Жумашев Тусупкали Муканович |
Мерген ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Есениязов Марат Салимгереевич |
Сарытоғай ауылдық округінің әкімі; |
Бисенбаев Кобыланды Куангалиевич |
Сарытоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Жұмағалиев Жалғас Батырбекұлы |
Тайпақ ауылдық округінің әкімі; |
Казимов Ербол Аубакирович |
Тайпақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Зейнуллин Бибулат Бахитжанович |
Чапаев ауылдық округінің әкімі; |
Исламгалиев Амирхан Тлекович |
Чапаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілі; |
Аудандық мәслихаттың
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№40-6 шешіміне №2 қосымша
Жер комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – ереже) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 17-бабы 1-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. Ақжайық ауданының мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген соң қолданысқа енгізіледі.
2. Жер комиссиясы ауданның аумағында құзыреті шегінде тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2. Комиссияның функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындылар дайындау болып табылады.
5. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы, жер учаскесіне ауыртпалық туралы, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі бары немесе жоғы туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің пайдаланылу режимі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
7. Комиссия құрамы Кодекстің 43-бабына сәйкес айқындалады.
8. Комиссия төрағасы аудан әкімінің жер мәселеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
9. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Үлгі ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
10. Комиссия төрағасы:
1) отырысты шақырады;
2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
4) Комиссия отырыстарына төрағалық етеді.
11. Комиссия мүшелері:
1) ұсынылған материалдармен танысады;
2) Комиссия отырысында қаралуы тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығаруға қатысады;
3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамға бермейді.
12. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
2) Комиссия мүшелеріне Комисия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
3) отырысты өткізуге қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, комиссия отырысының хаттамасын және комиссия отырысының қорытындысын ресімдейді;
4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.
13. Ауданның жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органы Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.
Комиссия хатшысының міндеттері Жұмыс органының маманына жүктеледі.
14. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақыты мен орнын Комиссия төрағасы айқындайды.
15. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия мүшелерін шақыруды, Комиссия қорытындыларының жобаларын және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс орган қамтамасыз етеді.
16. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қатысатын қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құрауы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
Комиссия мүшесі, егер шешім қабылданған адам оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы (ата-анасы, баласы, бала асырап алушы, асырап алынған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), атасы, әжесі, немересі) немесе жекжаты (жұбайының (зайыбының) асырап алған баласы, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інісі мен апа-сіңлісі (қарындасы), ата-анасы және баласы) болса, Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде өздігінен бас тартатынын мәлімдейді.
Өздігінен бас тарту Комиссия отырысы басталғанға дейін жазбаша түрде мәлімденуі тиіс.
17. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер жер комиссиясы мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
18. Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады. Жер комиссиясының отырысын аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазуды ауданның жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
19. Комиссияның қорытындысы Жұмыс органы Комиссияға сұралған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуді немесе жер учаскесін алдын ала таңдауды қамтамасыз етуге сәйкес (елді мекен шекарасында объектілер құрылысын қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесі сұралған кезде) мәлімделген нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде үш данада хаттамалық шешім түрінде ресімделеді.
Жұмыс органы ай сайын Комиссияның хаттамалық шешімдерін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
20. Комиссия қорытындысының бір данасы қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге (оның өкіліне) мына тәсілдердің бірі арқылы беріледі (жіберіледі):
қолма-қол;
табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімі нысанында;
электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжатпен;
өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы бойынша табыс етіледі (жіберіледі).
4.Қорытынды ережелер
21. Өтінім беруші Комиссияның хаттамалық шешімін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануы мүмкін.
Сотқа арыз берілгенде Комиссияның хаттамалық шешімінің орындалуы тоқтатылады.
22. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті әкімнің аппаратына жүктеледі.
Аудандық мәслихаттың
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№40-6 шешіміне №3 қосымша
Ақжайық аудандық мәслихатының жойылған шешімдер тізімі
1. 2025 жылғы 27 наурыздағы №28-5 «Жер комиссиясының құрамын және комиссия ережесін бекіту туралы»;
2. Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 тамыздағы №31-2 «Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы №28-5 «Жер комиссиясының құрамын және комиссия ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;