Ақжайық аудандық мәслихаты

    Мәслихат туралы

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Хабарландыру

    Ақжайық аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы хабарламасы

    Ақжайықаудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы хабарламасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты (бұдан әрі - Мәслихат) мына сайлау комиссияларында бос орындар бары туралы хабарлайды: Аумақтық сайлау комиссиясы - 1 бос орын №1 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 бос орын №3 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын №4 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 бос орын №5 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын №7 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын №9 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын №15 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын №26 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын №36 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын №46 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 бос орын №48 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын №52 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын №7 округтік сайлау комиссиясы - 1 бос орын №8 округтік сайлау комиссиясы - 1 бос орын Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясына өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер 2026 жылғы 25 қыркүйектен2026 жылғы9 қазанға дейінмәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер; 2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары /сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/akzhaik-maslihat?lang=kk / Мәслихат сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне сәйкес келуі және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» жүйесі арқылы сайлау туралы заңынан тестілеуден өткендігі туралы сертификатының болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және оларда орындалған күні, орындаушының тегі, инициалдары және телефон нөмірі көрсетілген белгі болуы тиіс. Ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы9қазан сағат 18.30-ге дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-дан 18:30-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй, 20 кабинетте жүзеге асырылады, тел.: (8-71136) 92-3-76. Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппаратының басшысы Каирманова Фариза Русланқызы, байланыс телефоны: 92-3-76. Ақжайық аудандық мәслихаты

    Жарияланды:
    Шешім

    Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің І жартыжылдықта атқарылған жұмысының есебін тыңдау туралы

    Аудандық жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар бөлімінің І жартыжылдықта атқарылған жұмысыныңесебін тыңдау туралы (45-3 шешім) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің І жартыжылдықта атқарылған жұмысы туралы есебі қаперге алынсын. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Мәслихат төрағасы С. Сиражев

    Жарияланды:
    Шешім

    Аудандық мәслихаттың ауылды дамыту және аграрлық саясат, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін тыңдау туралы

    Аудандық мәслихаттың ауылдыдамыту және аграрлық саясат, қоршаған ортаны қорғау жәнетөтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты комиссиясының есебінтыңдау туралы (45-2 шешім) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Аудандық мәслихаттың ауылды дамыту және аграрлық саясат, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарылған жұмысы туралы есебі қаперге алынсын. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Мәслихат төрағасы С. Сиражев

    Жарияланды:
    Шешім

    Аудан әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебін тындау туралы

    Аудан әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебін тындаутуралы (45-1 шешім) Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Аудан әкімінің ағымдағы жылғы Ақжайық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мәслихат депутаттары алдындағы есебі қаперге алынсын. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Мәслихат төрағасы С.Сиражев

    Жарияланды:
    Шешім

    Аудандық мәслихаттың кезекті XLV сессиясын шақыру туралы

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Кезектен тыс XLIII сессияға шақыру

    Жарияланды: