№ |
Көтерілген мәселелер |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
Жол саласы | ||||||
1. |
«Бабайқорған-Игілік» елді мекендері арасындағы автожолын орташа жөндеу туралы Бабайқорған ауылының тұрғыны Тұрғанбаев Құттыбай |
Бабайқорған-Игілік елді мекендері арасына 9 шқ автожолын орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу; Сараптаманың оң қорытындысын алу; Қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
30.07.2026 ж. |
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Сауран ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Бабайқорған-Иігілік 9 шқ автожолын орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжат әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған (24.03.2023 ж. РЗ/Түркістан-169/2023). Қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Асфальт жабындысы толық салынып аяқталды. Жол жиек (обочина) және жол сызу (разметка) жұмыстары жүргізіліп пайдалануға тамыз айында беріледі. |
2. |
Абай елді мекеніндегі Көксарай көпірін жөндеу туралы Бабайқорған ауылының тұрғыны Тұрғанбаев Құттыбай |
Абай елді мекеніндегі Көксарай көпірін күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысын алып, күрделі жөндеуге қажетті қаржыны қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
30.09.2026 ж. |
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Сауран ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі Көксарай көпірін жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс жолданды. Қазіргі таңда бюджеттен қаржы бөлу бойынша бюджеттік өтінім жолданған. Қаржы қаралған жағдайда жұмыстар атқарылады. |
Коммуналдық сала | ||||||
3. |
Аудан орталығына табиғи газбен қамту мәселесі Қосмезгіл ауылының тұрғыны Манашев Бекжігіт |
Аудан орталығын табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірлеу; Сараптаманың оң қорытындысын алып, қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастыру; Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
30.10.2026 ж. |
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы Сауран ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Сауран ауданы бойынша төмендегінше жобалар әзірленді: 1. Аша елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ құбырларын салу; 2. Шорнақ елді мекенінде ішкі газ құбырларын салу; 3. Қосмезгіл елді мекенінде ішкі газ құбырларын салу; Аталған жобаларға сметалық жоба жасалынып, сараптаның оң қортындысы алынған. Қазіргі таңда, техникалық қадағалаушы және авторлық қадағалаушы мекемелермен келісім шарт түзілген. Бүгінгі күнде, үш елді мекен бойынша мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, 3 елді мекенде ішкі жүйенің 158,5 шақырым құбыры жүргізілді. |
4. |
Ескі Иқан ауылдық округіндегі 15 000 бас мал бордақылау және мал сою алаңына электр желілерімен қамтамасыз ету туралы Ескі Иқан ауылының тұрғыны Юлдашев Мамирхан |
Ескі Иқан ауылдық округіндегі 15 000 бас мал бордақылау және мал сою алаңына электр желілерімен қамтамасыз ету мақсатында электр қуатын пайдалануға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нен техникалық шарт алу; Электр қуатымен қамтамасыз етуге жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу; Жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарау; Электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізу. |
30.11.2025 ж |
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы Сауран ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округіндегі 15 000 бас мал бордақылау және мал сою алаңына техникалық шарт алуға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 03.03.2025 жылы №Т0017/1 хатымен техникалық шарт алынған. Бүгінгі таңда, мердігер мекемемен келісім шарт түзіліп, электр бағаналарын орнату, электр желілерін тарту жұмыстары аяқталды. Өтініш иесі Ескі Иқан ауылының тұрғыны Юлдашев Мамирханға тиісті жұмыстардың жүргізілгені жөнінде түсіндіріліп, ақпарат ұсынылды (05.12.2025 жылғы №40-13-01/3847 санды хат). |
Білім саласы | ||||||
5. |
«Құмтүйін» және «Әйтеке би» мектептерінің тозығы жеткен, жаңа мектеп салу туралы Құмтүйін ауылының тұрғыны Айтуғанов Ирисбай |
«Құмтүйін», «Әйтеке би» атындағы жалпы білім беретін мектептерге 300 орындық мектеп салу үшін жер телімін анықтап, арнайы жер бөлу. Түркістан облысы құрылыс басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу; Жобаға сараптаманың оң қорытындысын алу; Мектеп құрылысына қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастыру; Мектеп ғимарытының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу; Нысанды пайдалануға беру. |
30.10.2026 ж. |
Облыстық білім беру басқармасы Облыстық құрылыс басқармасы Сауран ауданының әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Құмтүйін ауылындағы Құмтүйін мектебінде қазіргі таңда 381 оқушы білім алуда. Бұл мектеп ығайластырылған ғимаратта орналасқан, асхана, акт зал, пән кабинеттері қаралмаған. Сондықтанда, Түркістан облысының 2026-2028 жылдары салынатын мектептедің қатарына енгізіліп, 300 орындық мектеп құрылысын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда, мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен қатар, мектепке 6 гектар жер бөлініп, құжаттары толық аяқталған. Мектеп салу 2026 жылға жоспарланған. Ал, Майдантал ауылындағы Әйтеке би атындағы жалпы білім беретін мектепте 620 оқушы білім алады. Әйтеке би атындағы мектеп 2024 жылы желтоқсан айында апатты жағдай бойынша ғылыми сараптамадан өтіп, апатты жағдайда деп танылып, қорытынды алынды. Бұл мектепте Түркістан облысының 2026-2028 жылдары салынатын мектептердің қатарына енгізіліп, 300 орындық мектеп құрылысын құрылысын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда, мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Мектеп құрылысы үшін 2 гектар жер бөлініп, құжаттары толық аяқталған. Мектеп салу 2026 жылға жоспарланған. |
6. |
«Ә.Сығай» атындағы жалпы білім беретін мектебіне акт зал салу туралы Шаға ауылдық округінің тұрғыны Абдукаримов Алишер |
«Ә.Сығай» атындағы жалпы білім беретін мектебі 2021 жылы 300 орынға арналып салынған. Мектеп ғимараты проект бойынша спорт зал, акт зал біріктіріліп берілген. Ал, спорт зал мен акт залдың құрал жабыдықтары қаралғандықтан, мектепке акт зал салу қажеттігі жоқ екендігі жөнінде түсіндіру. Анықтама үшін: Сауран ауданында осы мектептің проектсімен салынған 3 мектеп бар (Ә.Сығай, №1, №2). |
01.05.2025 ж. |
Облыстық білім беру басқармасы Сауран ауданының әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Сауран ауданының білім бөлімі «Ә.Сығай» атындағы жалпы білім беретін мектебі 2021 жылы 300 орынға арналып салынған. Мектеп ғимаратының жобасы бойынша спорт зал, акт зал біріктіріліп қарастырылған. Спорт зал мен акт залдың құрал жабдықтары толық қаралған. Алайда, аталмыш мектепке акт залын салып беруге ықпал жасауын сұрап, аудан әкімі М.Таңғатаровқа сұраныс хат (28.04.2025 жылғы №41-13/1023) жолданғаны жөнінде Шаға ауылдық округінің тұрғыны Абдукаримов Алишерге түсіндірілді (02.05.2025 жылғы №41-13/1069 санды хаты). |
Тұрғын үй саласы | ||||||
7. |
Шаға ауылдық округіне тұрмысы төмен отбасыларға арнап, тұрғын үй салу туралы Шаға ауылдық округінің тұрғыны Абдукаримов Алишер |
Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінен 2025 жылға 24 пәтерлі 2 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Аудан орталығынан салынған көп қабатты тұрғын үй кезекте тұрған отбасыларға берілетіндігі жөнінде түсіндіру. |
01.05.2025 ж. |
Сауран ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Бүгінгі күнде, аудан орталығы Шорнақ ауылынан 24 пәтерлі 2 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Салынған көп қабатты тұрғын үйлер кезекте тұрған отбасыларға берілетін болады. Дегенмен, аудан ортылығынан тұрғын үйлердің салынып жатқандығына қарамастан, 2026 жылы Шаға ауылдық округі аумағындағы тұрмысы төмен отбасыларға арнап, «Түркістан Халықаралық әуежайы» тас жолы бойынан 1 қабатты 4 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатқандығы жөнінде Шаға ауылдық округінің тұрғыны Абдукаримов Алишерге түсіндірілді (02.05.2025 жылғы №41-13-01/1318 санды хаты). |
Денсаулықты сақтау саласы | ||||||
8. |
Аудан орталығына 500 орындық емхана құрылысын салу туралы Шорнақ ауылының тумасы Жакеев Шүкірхан |
500 орындық емхана салу үшін жер телімін анықтап, арнайы жер бөлу; Сенімгерлік басқаруға беру жобасын әзірлеп, конкурс жариялау; Жоба барысында әлеуетті инвесторға өз есебінен аудандық емхана құрылысын салу бойынша міндеттеме беру; Мемлекеттік әріптес ТО денсаулық сақтау басқармасы, әлеуетті инвестор есебінен салынған емхана құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылған соң, аудан тұрғындарын бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымына тіркей отырып, емханаға қарасты медициналық нысандарды сенімгерлік басқаруға беріп, әлеуетті инвесторға емхана ғимаратын 18 ай ішінде жүргізу міндетін ұсыну. |
30.10.2026 ж. |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Сауран ауданының әкімдігі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Сауран ауданы Шорнақ ауылынан ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана салу жұмыстары бойынша Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылынан емхана құрылысын жүргізу үшін 8.795 гектар жер бөлініп, құжаттары толық аяқталған. Қазіргі таңда, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан «Сауран аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-нің жаңа ғимаратын салу және сенімгерлік басқаруға беру жобасы әзірленіп, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан экoномикалық оң қорытынды алынды. Қазіргі таңда конкурс құжаттамалары әзірленуде. |
Өзге де мәселелер | ||||||
9. |
Құмтүйін елді мекенінде көбейіп кеткен жыртқыш шибөрілердің көзін жою туралы Құмтиын ауылының тұрғыны Айтуғанов Ирисбай |
ҚР «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 61) тармақшасына сәйкес, Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Орман шаруашылығы инспекциясы және Сауран ауданы әкімдігімен аң атуға рұқсат алған адамдарды тарта отырып, шибөрі аңының санын реттеу жұмыстарын жүргізу. |
27.06.2025 ж. |
Облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Сауран ауданының әкімдігі |
Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу |
Түркістан облысы әкімі Н.Көшеровтың ағымдағы жылдың 11-сәуір күні Сауран ауданы халқымен кездесуінде аудан тұрғындары Құмтүйін ауылының маңында «шибөрі» жыртқышының шамадан тыс көбейіп кетіп, үй жануарларына жиі шабуыл жасап жатқандығын және аталған мәселені шешіп беруді сұранған. 2025 жылға Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен 358 қасқырға және 2469 дана шибөрі аңын атуға рұқсат берілген болатын. Ауыл тұрғындарының талабына сәйкес, 26-27.04.2025 жылы Құмтүйін ауылында облыстағы шибөрі аңын атуға рұқсат алған 23 аңшылар жиналып, санын реттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Құмтүйін ауылының маңынан 30-дан астам шибөрі аңы атылды. Құмтүйін ауылының тұрғыны Айтуғанов Ирисбай іс-шара барысына белсене қатысып, атқарылған жұмыстар бойынша ризашылығын білдірді. |
10. |
Кезінде Түркістан мен Кентау қаласына қараған жерлерді Сауран ауданына ауыстырып, мемлекеттік акт алу үшін төленетін қаржыны мемлекет есебінен төлену мәселесін қарау туралы Үшқайық ауылдық округінің тұрғыны Карабалаева Бибимария |
Түркістан, Кентау қалаларында рәсімделген сәйкестендіру актілерін Сауран ауданына қайта рәсімдеу үшін төленетін қаржыны мемлекет есебінен төлеу мүмкіндігі жоқ екендігін түсіндіру. |
01.05.2025 ж. |
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының жер кадастр бөлімі |
Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу |
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру мемлекеттік қызметін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жеке немесе заңды тұлғаларға көрсетеді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жығы 1 қазандағы №301 бұйрығымен "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілген. Аталған Қағиданың 2-қосымшасының 8-тармағында мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжаты көрсетілген. Жоғарыдағының негізінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан обылысы бойынша филиалының Сауран аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне келіп түскен мемлекеттік қызметтер ақылы түрде қызмет көрсетілетіндігі жөнінде Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ ауылы, Бабайқорған көшесі, №25 үй тұрғыны Карабалаева Бибимария Алдашовнаға түсіндірілді (13.05.2025 жылғы №03-1329-04-31/17 санды хаты). |
Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтің Сауран ауданы тұрғындарымен 11.04.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары (30.06.2026 жылғы жағдай бойынша)
Түркістан облысының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы
1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...
Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...
Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы
Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...
Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы
Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...