|
АБАЙ ОБЛЫСЫ ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ӨКІМ |
АКИМАТ РАЙОНА ЖАҢАСЕМЕЙ ОБЛАСТИ АБАЙ РАСПОРЯЖЕНИЕ |
___24 қараша 2026 жылғы____№_____________22__________________
Жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына сәйкес, мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу кезеңінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру және дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында:
1. Жаңасемей ауданы әкімін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезеңінде тиісті ұйымдастырушылық жұмыстарды үйлестіру мақсатында келесі құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Альсеитов Д.Б.– Жаңасемей ауданының прокуроры (келісім бойынша, жұмыс тобының жетекшісі);
Турубаев Н.М.– аудан прокурорының орынбасары (келісім бойынша, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары);
Жапар Д.Е.– аудан прокуратурасының прокуроры (келісім бойынша);
Шибутов Р.С.– Жаңасемей ауданы полиция бөлімінің басшысы (келісім бойынша);
Абылбаев О.Е.– Жаңасемей ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары (келісім бойынша);
Әбдікәрімов Н.О.– Жаңасемей ауданы әкімі;
Омаргазин С.К.– Жаңасемей ауданы әкімінің орынбасары;
Қожаев А.А.– Жаңасемей ауданы әкімі аппаратының басшысы;
Темиргалиева С.Е.– Жаңасемей ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысының м.а.;
Болатова М.Д.– Жаңасемей ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысы;
Сыздыханова Г.А.– Жаңасемей ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2. Жұмыс тобы мүшелеріне келесі функцияларды орындау міндеті жүктелсін:
Жұмыс тобының құрамына:
-электоральдық кезеңде туындаған дағдарыс және төтенше жағдайлар туралы Жұмыс тобына ақпарат беру;
- Аудандық маслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізуге қатысты келіп түсетін қызметтік хаттар мен өтініштерді дереу тіркеу және ұсыну;
- Аудандық маслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізуге қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында қарауды қамтамасыз ету;
- аудандағы әлеуметтік және қоғамдық-саяси жағдайға күнделікті мониторинг жүргізу;
- Аудандық маслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге көмектесу, оның ішінде қажетті талдауларды ұйымдастыру және өткізу арқылы;
- Жаңасемей ауданындағы аумақтық сайлау комиссиясымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.
3.Сайлау науқаны аяқталғаннан кейін, жұмыс тобының мүшелері жұмыс тобының жетекшісіне атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы жалпы ақпарат ұсынсын.
4.Жұмыс тобының мүшелері осы өкім бойынша берілген тапсырмаларды орындап, қажет болған жағдайда жұмыс тобының жетекшісіне немесе оның орынбасарына белгіленген мерзімде қажетті ақпаратты жедел ұсынсын.
5.Осы өкіммен жұмыс тобының мүшелері таныстырылсын.
6. Осы өкімнің орындалуын бақылауды Жаңасемей ауданы әкімнің орынбасары С. К. Омаргазинге тапсырамын.
Аудан әкімі Н. Әбдікәрімов